Батут

Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео

747
(Жаңартылды 16:29 25.05.2019)
Батутты орнатып жатқан кезде, қатты жел тұрып, ұшырып әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында қатты жел батутты ұшырып әкетті.

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Самат Сүлей атап өткендей, оқиға бүгін таңертең болған, ешкім зардап шекпеді.

"Батут қатты желден ұшып кеткен. Батутты орнатып жатқан кезде жел ұшырып әкетіпті. Ол кезде батутта балалар жоқ болатын", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Әлеуметтік желідегі видеода үлкен батут желге ұшып барады. Мемлекеттік органдар батут иелеріне қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Тағы оқыңыз: Кішкентай қыз батуттың ішіне түсіп кетіп, өлім аузынан қалды

"Қазгидромет" мамандары бірнеше облыста қатты жел тұрып, жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.

747
Кілт сөздер:
видео, батут, Жаңаөзен
Тақырып бойынша
Балиева: батутқа қатысты оқиғадан кейін Қазақстандағы ойын алаңдарын тексереміз
Исекешев жел ұшырған батутқа қатысты: кінәлілер жазасын алады
Астанада жел ұшырған батуттың иесі қандай жазаға кесілуі мүмкін?
Қостанайда қыз бала аттракционда ауыр жарақат алды
Ақтауда балалардың ойыны қайғылы оқиғаға ұласа жаздады – видео
Той, иллюстративті фото

Полицейлер 250 адам қатысқан тойды тоқтатты видео

22
Ресми мәліметке сәйкес, Шымкентте 20 маусым күні кешкі уақытта үйлену тойы ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Шымкент қаласында карантин талаптарын бұзған мейрамхана анықталды. Полицейлер 250 адам қатысқан үйлену тойын қалай тоқтатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жексенбі, 20 маусым күні кешкі уақытта “HAYAT” мейрамханасында үйлену тойы ұйымдастырылған. Той иесі карантиндік шектеулерге қарамастан, қонаққа 250 адамды шақырған. Ал, мейрамхана қызметкерлері мен даяршылары бетпердесіз қызмет көрсетіп жүрген.

Полицейлер тойхана иесі мен той өткізген адамнан түсініктеме алды. Барлық материал тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Санитарлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша тиісті шара қолданады.

Оқи отырыңыз: Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған - видео

Айта кетейік, заң бойынша жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге), ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарға 230-310 айлық есептік көрсеткіш (670 910 – 904 270 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

22
Кілт сөздер:
Шымкент, той, полицейлер
Тақырып бойынша
Жасырын тойларды анықтайды: Цой айтып жүрген пилоттық жоба неге әлі басталған жоқ
"Тойды ұйымдастырған мен емес": Марат Омаров жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр
Келін деп алғаны қызы екен: күйеу жігіттің анасы таңғажайып сәтке тап болды
Таразда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды – видео
Алматыда ер адам той үстінде атыс ашты – видео
тұрмыстық зорлық-зомбылық

Павлодарда күдікті өзін полицей зорлағанын мәлімдеді - департамент түсініктеме берді

41
(Жаңартылды 17:14 21.06.2021)
Полиция офицерінің кінәсі дәлелденсе, ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Павлодарда тергеуге алынған қызды зорлау фактісі тексеріліп жатыр. Ол полиция офицерін айыптап отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Білялова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы осы факт бойынша тексерісті бастады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" және 362-бабы "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану" аясында сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар белгіленді. Соның нәтижесінде тиісті шешім қабылданады", - делінген департаменттің редакцияның сауалына берген ресми жауабында.

Қылмыстық кодекс бойынша зорлау әрекеті қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалса, кінәлі адам 9-12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұдан бөлек, билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдаланғаны үшін 3 мың АЕК-ке дейін (8 миллион 751 мың теңге) айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдіктіні зорлау оқиғасы

Павлодар қаласының құқық қорғаушысы Елена Семенованың айтуынша, тергеуге алынған қызды түнде жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде төрт полиция қызметкері болған. Біреуі "күдікті қашып кетпесін" деп, жанына жатқан. Сосын қызды зорлап тастайды. Жәбір көрген қыз бәрін жазбаша баяндап берген. Оның сөзіне қарағанда, бұл оқиға 17 ақпан күні болған. Немолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі де осы оқиға жайында білетінін мәлімдеді.

"Қыздың анасы 13 мамырда НеМолчи.kz" қорына хабарласты. Нұрлан Мәсімов (Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы - Sputnik) осы істі жеке бақылауына алған. Олар кінәлі адамдарды жазалауға уәде берді", - дейді Таңсәрі.

Бірақ қор жетекшісі жәбір көрген қызды қайтадан тергеу изоляторыны тоғытып тастағанын білмейтін болып шықты. Осыған байланысты полиция басшысына тағы хабарласатынын жеткізді.

41
Кілт сөздер:
зорлау
Ақорда

Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті

30
Стратегия – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілетін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі құжаттарының бірі

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бұдан бұрын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралып, мақұлданған және елдің ұлттық мүдделерін қорғауға қатысты тұжырымдамалық жағынан жаңартылған тәсілдерді қамтиды.

Стратегия – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша енгізілетін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі құжаттарының бірі. Осыған орай құжатта таяудағы бес жылда болуы мүмкін деп болжанып отырған негізгі сын-қатерлерге қарсы іс-қимылға баса мән берілген.

"Атап айтқанда, біріншіден, коронавирус пандемиясының жалғасуы және биологиялық қауіпсіздіктің басқа да қатерлері. Екіншіден, экономиканы, еңбек қатынастарын, әлеуметтік саланы, ақпараттық кеңістік пен коммуникацияны түбегейлі өзгертетін технологиялық өзгерістер. Үшіншіден, қаржы-экономика саласына әсер еткен сыртқы нарықтардағы дағдарыс жағдайы. Төртіншіден, жаһандық және өңірлік аренада дағдарыстың одан әрі ушығуы кері әсер етеді", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты әлемнің көптеген дамыған елдері қазіргі халықаралық және ішкі жағдайларды ескере отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету жөніндегі өздерінің саясатын қайта қарайды.

Сонымен қатар Қазақстан стратегиясында ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі басымдықтары айқындалды.

Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған. Стратегияда адами капитал саласындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ең алдымен, ұлттың зияткерлік әлеуетін сақтауға және ұлғайтуға назар аударылады. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жұмыстармен бірге қоғамдық денсаулық сақтау ісін дамыту мәселесі де ұлттық қауіпсіздіктің базалық факторларының қатарына енгізілді.

Аталған бағыт құқық қорғау органдары мен сот жүйесі жұмыстарының тиімділігін арттыруды, халықты құқық бұзушылықтардың барлық түрінен қорғауды қамтиды.

Экономикалық қауіпсіздіктің міндеттері айтарлықтай түзетілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрақты өсудің жаңа моделіне көшуге, экономиканың технологиялық күрделілігін арттыруға, өнімділігі жоғары жұмыс орындарын ашуға және халықтың табысын арттыру үшін жағдай жасауға байланысты.

Атап айтқанда, басты бағыттар азық-түлік қауіпсіздігі, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көлік-транзит саласындағы қатерлерді азайту болып табылады.

Бұдан бөлек басымдықтардың қатарында экологиялық қауіпсіздік, соның ішінде, экожүйелерді қорғау ғана емес, табиғи ресурстарды басқару да бар. Мұнда елдің су қауіпсіздігі ерекше орын алады.

Табиғи және техногендік апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын барынша азайту жөніндегі жұмысты жүйелі түрде күшейту талап етіледі.

Ақпараттық қауіпсіздік саласында кибер қауіптерге қарсы іс-қимыл, қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау, ақпараттық инфрақұрылым, стратегиялық нысандар және ұлттық ақпараттық кеңістіктің қорғалу деңгейін арттыру маңызды рөл атқарады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев конституциялық кеңес мақұлдаған заңға қол қойды

Қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ұлттық мүдделерді халықаралық аренада ілгерілету мәселелері ұлттық қауіпсіздіктің дәстүрлі бағыттарының қатарына жатады. Сонымен бірге олардың мазмұны жаңа аймақтық және жаһандық сын-қатерлерге, соның ішінде, гибридті және асимметриялы сын-қатерлерге байланысты елеулі өзгерістерге ұшырады.

Әрбір басым бағыт бойынша алдын алу тетіктері және қатерлердің алдын алу жөніндегі нақты шаралар әзірленді. Олар ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспары арқылы іске асырылады, сондай-ақ, ұлттық жобаларға және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарына енеді.

Сонымен қатар стратегия азаматтардың, қоршаған ортаның қорғалуына, әлеуметтік-экономикалық сала мен халықтың әл-ауқатына төнетін қатерлерді төмендетуге қатысты нақты нысаналы көрсеткіштерді айқындай отырып, толық қолданбалы мәнге ие болады.

Стратегиялық тәуекелдерді басқарудың озық әдістері негізінде индикаторлардың бірыңғай жүйесі қалыптастырылады. Бұл стратегияны іске асыру жөніндегі шараларға жедел мониторинг жүргізуге, олардың азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік жағдайына әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

30