Архивтегі фото

Алматы облысынан табылған Алаш арыстарының сүйегі қайта жерленді

342
(Жаңартылды 10:51 29.05.2019)
Талғар ауданының тұрғыны моншаға құбыр жолын қазып жатқанда 168 адамның сүйегін тауып алған

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Осыдан бір жыл бұрын тұрғын үйдің ауласынан қаңқасы табылған адамдардың репрессияға ұшырағаны белгілі болды. Желкесі мен қарақұстан тиген оқтан ажал құшқан Алаш арыстарының сүйегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қаралы митингіде жерлену керек еді. Бірақ белгісіз себептермен қаңқалар асығыс жер қойнына тапсырылды.

Мұрат Қырғызбайұлы үйінің ауласынан адам сүйегі шыққан соң қырық жылдан астам шешуін таба алмай жүрген жайттың жауабьн түсінген. Айтуынша, күн батса болғаны ақ киімді зиялы адамның елесі отбасындағы барлық адамға көрінетін болған. Сөйтсе, елу жылдай тұрып келген үйлерінің ауласында жазықсыз атылған жүздеген адамның сүйегі жатқан екен. Мұны ол моншаға құбыр жолын қазып жатқанда бір-ақ білген, деп хабарлады Almaty.tv.

"Бір жолы түнде қонақ бөлмесіне кіріп барғанымда, ақ киімді адам көргенім әлі күнге көз алдымда. Ол жай адам емес, ақ шляпа, ақ костюм киіп алған адам еді. Көрдім де, қатты қорқып, үйдегілерге әрең жеткіздім. Сөйтсем, жалғыз мен ғана емес, екі әпкем де, ағам да, анам да, үйдегілер түгел көрген екен. Олардың бізге ешқандай зияны тиген жоқ. Бірақ, неге ондай елес кезіп жүретінін түсінбедік.  Енді міне, мына жердің бәрін қазып, 168 адамның сүйегі шыққан кезде түсініп отырмыз", – дейді үй иесі Мұрат Байғожаев.

Ал, 6 ай сот сараптамасы жүргізіліп, құжаттары қатталған азаматтардың аты-жөндері түгел анықталмаса да, олардың әруағына Құран бағышталып, жиырмадан астам қорапқа салынған сүйектер қайта жерленді. Бірақ, бұл іске алаштанушылар разы емес. Айтуларынша, әу баста келіскендей, 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні көптің алдында жерлейміз деген жоспар аяқ астынан өзгеріп кеткен.  

Батыс Қазақстанда үйдің астынан бірнеше адамның сүйегі табылды

"Менің бұған көңілім толмай отыр. Себебі, халық білетіндей етіп жерлеуіміз керек еді. Ал, біз бас-аяғы 15-20 адамды жинап алдық та, жасырын жерлей салдық. Түсінбедік, кімнен тығылып, тарихымызды кімнен жасырып жүрміз өзі? Егер Алаш қайраткерлеріне, кешегі қанды қырғын құрбандарына көрсетіп отырған құрметіміздің түрі осы болса... Осындай қанды қырғын, қасиетті тарихты ұрпақтың санасына сіңіру біздің парызымыз, борышымыз емес пе?", – дейді Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы.

Ал жыл бойы қараусыз қалған аумақты енді ғана ретке келтіріп жатқан Талғар аудандық әкімдігі өкілдерінің пікірі басқаша. Олар 31 мамыр күні қаралы митингіге келетін адамдар саны аз болмайтынын, ал көптің алдында жерлеу рәсімін өткізу уақытты алатынын айтады.

"Келетін адамдар көп, ал уақыт тығыз болды. Мына жерде үлкен митинг болады. Жан-жақтан адамдар жиналады. Сондықтан, ол күнге қабаттастырмай-ақ бүгін міне молданы шақырып, сол іс шараны өткіздік", – дейді Талғар ауданының әкімі Рыскелді Сәтбаев.  

Ал ауыл тұрғындары бұрын да бірең-сараң адам сүйегі табылғанмен, дәл осындай көп адамның бір жерге көмілгенін кездестірмегендерін айтады. Жаңалықтағы үй иесі ауласын қазса, әлі де адам сүйектері табылады деп отыр. Ал алаштанушылардың зерттеуінше, бай, феодал деген желеумен атылып, қудаланған азаматтар әлі күнге ақталған жоқ. Сондықтан, олар алдағы аптаның соңында тың деректерді жария етіп әрі жасалатын жұмыс жоспарын жариялау мақсатында екі күндік конференция ұйымдастырмақ.

342
Кілт сөздер:
Алаш қайраткері, адамның сүйегі
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір "Алтын адам" табылды
Батыс Қазақстанда Азамат соғысы кезіндегі жауынгерлердің сүйегі табылды
Эстонияда табылған Қазақстан жауынгерінің сүйегі Семейде жерленеді
Ақтауда үйден адамның сүйектері табылды
Сейф

Сейфте 8 млн теңге жатқан: Риддерде әйелдің үйіне ұры түсті

75
Шығыс Қазақстан облысының бұрын істі болған тұрғындары жер үйге кіріп, қолма-қол ақша, ескі тиын, медаль мен жүзік сақталған сейфті ұрлап әкеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Риддер қаласының полициясы жер үйден қомақты ақша мен басқа да бағалы заттар сақталған сейфті ұрлап әкеткен екі ер адамды ұстады.

Ұрлық 35 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде қыркүйектің ортасында жасалған. Полицейлер қылмысты бейнебақылау камераларының көмегімен ашты, деп хабарлайды polisia.kz.

Екі күдікті таңғы сағат 07.30 бен 09.30 аралығында пластик терезені бұзып, үйге кірген. Үйдің астаң-кестеңін шығарған. Сол сәтте қосалқы үй-жайдағы шағын сейфке көздері түскен. Оны үй ішінде ашуға қорқып, өзімен бірге алып кеткен.

"Сейфте 8 миллион теңге, ер адамдарға арналған алтын сақина, үйдің құжаттары, 1843 жылғы жез тиын, "Еңбегі үшін" медалі болған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы мөлшері 10 миллион теңгені құрады", - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің жеке басын анықтап, ұстау үшін полицейлерге бірнеше күн қажет болды. Ұсталғандар 30 жаста, екеуі де жергілікті тұрғын. Бұған дейін бірқатар бап бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

Анықталғандай, ұсталғанға дейін ер адамдар ақшаның бір бөлігін жұмсап үлгерген.

Қазіргі таңда екі күдікті де тергеу аяқталғанға дейін қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Оқи отырыңыз: 

75
Кілт сөздер:
сейф, ақша, Риддер, ұрлық
Архивтегі фото

Қарағандыда досының үйінде бірнеше күн жатқан ер адам кредит алғанын ұмытып қалған

531
(Жаңартылды 16:07 28.09.2021)
"Жәбірленуші" бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында кредит алғанын ұмытып кеткен ер адам полицияға арызданды, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде Абай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 43 жастағы тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның жеке деректерін қолдана отырып, микрокредиттік ұйымнан кредит алғанын айтқан. Келтірілген залал көлемі 76 мың теңгені құраған.

Жәбірленушінің айтуынша, бір ай бұрын туған күнін тойлап жатқан досына қонаққа келіп, бірнеше күн үйінде жатқан. Сол күндері белгісіз біреу ұялы телефонын пайдаланып кредит рәсімдеп алған көрінеді.

Жәбірленуші бұл туралы кредитті төлеу қажеттігі туралы SMS хабарлама алған кезде білгенін айтты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер тергеу барысында арызданушы кредитті мас күйде өзі алғанын анықтады. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Бұрынғы "жәбірленушіге" қатысты 419-бап (Қылмыс жасалғаны туралы әдейі жалған ақпарат беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз:

531
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

7
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

7