Пәтер кілті

Рамазандағы игі іс: Түркістанда көпбалалы отбасыға пәтер берілді

120
Өткен жылы облысы әкімдігі 12 көпбалалы ана мен тұрмысы төмен отбасыларға баспана берген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қасиетті Рамазан айында бес балалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылы әкімдік көпбалалы 12 ана мен тұрмысы төмен отбасыларға пәтер берді. Биыл да қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапқан. Осы жылы бес баласы бар отбасы қоныс тойын тойламақ. Отағасы - екінші топтағы мүгедек. Өзі де, әйелі де жұмыс істемейді. 

Тағы оқыңыз: Елорда тұрғыны көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай бастама қолдау табуы керек екенін айтты.

"Сіздерді Рамазан айымен тағы да құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық тілеймін", – деді ол.

Сондай-ақ, ол осыдан бір жыл бұрын облыс орталығы болып қайта құрылған Түркістанда атқарылуы тиіс жұмыстың көп екенін атап өтті. 

"Үкімет Түркістан туралы 5 рет қаулы қабылдады. Мұның бәрі үлкен жұмысты талап етеді. Сондықтан бізге бірлік пен ынтымақ өте қажет. Елбасының тапсырмасымен бірталай әлеуметтік бастамаларды іске асырып жатырмыз. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ қайырымдылық шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз да қатысты.

Тағы оқыңыз: Елордадағы мешіттер ауызашарды қалай өткізеді - видео

Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бас мүфти Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейін Түркістанда ауызашар беруге арнайы келіпті.

120
Кілт сөздер:
баспана, мүгедек, бала
Тақырып:
Рамазан айы - 2019 (40)
Тақырып бойынша
Сізге қажет күнделікті оқылатын дұғалар
Бес жүз теңгеге ауызашар: Діни басқарма ізгі бастаманы қолға алды
Рамазанда қайырымдылық жасап жүрген қор жетекшісі: 12 тонна тамақ тараттық
Елордада көпбалалы отбасыларға 150 пәтер берілмек
Айына – 6 мың теңге: көпбалалы отбасыларға арналған арендалық үй туралы не білу керек?
Кісен

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды видео

103
Бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ екі жыл бойы Жезқазған мен Сәтпаевта ойын бизнесінен заңсыз пайда тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қылмыстық топты Қарағанды облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.

"2018 жылдың қаңтары мен 2020 жылдың мамыры аралығында бес адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған мен Сәтпаевта 7 заңсыз ойын нүктесін ұйымдастырған. Алынған табыстың жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асады. Жедел шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 200 данаға жуық Lotomatic ойын терминалы тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

Айта кетсек, Қазақстанда құмар ойындарын өткізуге тек екі өңірдегі арнайы орындарда – Қапшағай қаласы мен Бурабайда рұқсат етілген. Республиканың қалған аумағында ойын терминалдары бар залдар мен казино жұмысына үзілді-кесілді тыйым салынған.

103
Кілт сөздер:
құмар ойын, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
Алматылық 30 миллион теңгемен ұсталды – видео 
Павлодардағы колониядан қашқан сотталушы бір жылдан кейін астанада ұсталды
Республикалық ветеринарлық зертхана қызметінің бастығы ұсталды – видео
Шығыс Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Астанадағы қар

Көктайғақ, тұман және қар бүгін ауа райы қандай болады

278
(Жаңартылды 08:36 26.10.2020)
Синоптиктер аптаның алғашқы күнінде өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашын болатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

қазгидромет орталықтың хабарлауынща, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болады. Күндіз Ақмола және Солтүстік Қазақстанда желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман мен көктайғақ. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Қызылорда, Павлодар облыстарында жел күшейеді. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Павлодар облысында - көктайғақ.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман болады. 

Атырау, Жамбыл облыстарында жел күшейіп, 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Алматы облысында таңертең тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада 26 қараща күні жаңбыр жауады. Сынап бағанасы плюс  4-7 градус шамасында көрсетеді. Желдің жылдамдығы - 7-14 м/с.

Алматыда күн ашық, жел жоқ. 15 градусқа дейін жылы. 

Шымкентте де жауын-шашынсыз, күн ашық, плюс 16 градус.

Тағы оқыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады

278
Қазақстанның қорғаныс министрлігі

Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға келді 

0
(Жаңартылды 11:08 26.10.2020)
Күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазақстанға ресми сапармен Түркияның қорғаныс министрі Хулуси Акар келді. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен өтетін кездесу кезінде аймақтық қауіпсіздік мәселелері де талқыланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Бұдан бөлек, күн тәртібінде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде әскери кадрларды даярлау және әскери білім беру, әскери дайындық, сондай-ақ, оқу-жаттығуларға қатысу шаралары бар. 

"Қазақстан Түркиямен арадағы көп жоспарлы стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен мән береді. Ал екі мемлекет көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюінде негізгі рөл атқарады", - делінген қорғаныс ведомствосының ресми хабарламасында.

Осы орайда қорғаныс министрлігі Қазақстанның қарулы күштерінің құрылуы мен дамуының алғашқы кезеңінде Түркияның қарулы күштері мен Бас штабының бірінші болып қолдау көрсеткенін де еске салды. Атап айтқанда, Түркия 1990-2000 жылдары қайтарымсыз негізде Қазақстанға әскери мүлік жеткізіп отырған. Соның ішінде кеңсе техникасы, картографиялық құрал-жабдықтар, байланыс құрылғылары және жол талғамайтын көліктер бар. 

Уақыт өте келе, тараптар көпмақсатты жеңіл брондалған көліктер мен оптикалық-электронды құралдар өндірісі саласында өзара тиімді байланыстарға көшті. Ал әскери білім саласында курсанттар Түркияның жетекші әскери училищелерінде өз дайындықтарын шыңдайды. Қазақстанның әскерилері де сан алуан оқыту орталықтарына барып тұрады. 

2018 жылы қыркүйек  айында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барған. Сол кезде Анкара қаласында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде әскери ынтымақтастық туралы келісім де бар.

0
Кілт сөздер:
қорғаныс министрі, Қазақстан, Түркия
Тақырып бойынша
"Қамығып отырмыз": Түркиядағы қазақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдады
Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
"Бұл адамзат үшін бір белгі": Қазақ қызы Түркияда не болып жатқанын айтып берді
Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды