Снаряд, архивтегі сурет

Арыстағы жарылыс: Қазақстандағы қару-жарақтың жартысы Кеңес одағынан қалған

14676
(Жаңартылды 15:53 24.06.2019)
Қазақстанның қорғаныс министрлігі Арыстағы төтенше жайттың себебі туралы қауесеттен аулақ болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстандағы қару-жарақтың жартысы кеңес дәуірінде жасалған. Бұл туралы Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Тимур Дәндібаев БАҚ өкілдеріне айтты.

Қорғаныс министрлігі басшысының орынбасары Түркістан облысындағы әскери бөлімде болған жойқын жарылыстың себебі туралы тілшілерге пікір білдірді.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Дәндібаевтың айтуынша, қазір өңірде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себебін солар анықтайды.

"Бізде күнде бірдеңе жарылады деуге болмайды. Төтенше оқиғалар бізде ғана емес, басқа елдерде де болады. Қару-жарақ, әскери техника бар жерде үнемі қауіп бар. Себебін анықтаймыз", - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

Тілшілер "қоймадағы ескі қару-жарақ жарылысқа себеп болды ма?" деп сұрағанда, министрдің орынбасары республикада әлі күнге дейін кеңес заманынан қалған қару-жарақ бар екенін атап өтті.

"Біз жарамдылық мерзімі өткен қару-жарақ пен оқ-дәрі түрлерін жойып отырамыз. Бұл өте қымбат тұратын процесс", - деп хабарлады Дәндібаев.

Оның айтуынша, қазір Қазақстандағы қару-жарақтың 50 проценті кеңес дәуіріне тиесілі.

Сонымен бірге қорғаныс министрінің орынбасары айтқандай, әзірге бірдеңе айтуға ерте, жарылыстың нақты себебі арнайы комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жойқын жарылыс болды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиға орнына барған. Қазір арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары төтенше оқиға салдарымен күресіп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар үш бағыттағы лагерьлерге орналастырылады:

  • Ақдала бұрылысы;
  • 41 разъезд;
  • Водозобор.

Осы үш бағыт бойынша әскери көліктер, жүк көліктері мен арнайы жасақ жұмылдырылып жатыр. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.

Әлеуметтік нысандарды полиция қызметкерлері көшіріп жатыр. Сондай-ақ Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.

14676
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, қару-жарақ
Тақырып:
Арыстағы жарылыс (90)
Тақырып бойынша
Түркістан облысында жойқын жарылыс болды - видео
Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Арыстағы жарылыс: тұрғындарды қаладан шұғыл көшіріп жатыр - видео
Арыстағы жойқын жарылыс: Тоқаев шұғыл тапсырма берді
Арыстағы жарылыс: Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды    
Арыстағы жарылыс орнына төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы аттанды
Архивтегі фото

Атырауда бес жыл бұрын сотталған әйел түрмеге қамалды

7
Сот жеңгетайлықпен айналысқан әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Атырауда жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған әйел түрмеге қамалды. Әйелге қатысты сот үкімі 2015 жылы шыққан, деп хабарлады Polisia.kz.

Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша ("жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") айыпты деп танылған.

"Оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Алайда сот оның кішкентай балалары бар екенін ескеріп, жаза өтеу мерзімін бес жылға кейінге қалдырған", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті 

Полицияның хабарлауынша, сотталған әйелдің жазасын өтеу  мерзімін шегеру уақыты аяқталды. Соған байланысты Атырау қалалық пробация қызметі сотталушының негізгі жазасы бойынша шешім қабылдау үшін Атырау қалалық №2 сотына ұсыным жолдады.

Сот шешімімен әйел УГ-157/9 (Атырау әйелдер колониясы) мекемесіне қамалды.

Сотталушының кәмелетке толмаған екі баласын туыстары өз қамқорлығына алды.

7
Кілт сөздер:
түрме, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты  
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

95
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

95
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады