Өңірлер

"Ұрлық бар": ішкі істер министрі Арыс қаласындағы ахуал туралы айтты

© Photo : пресс-служба Национальной гвардии Казахстана Бойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь
Бойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Тұрғымбаевтың айтуынша, қалада 75 полиция жасағы жұмыс істеп жүр

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласында тәртіпті сақтау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде әскери бөлімдегі өрт әлі ауыздықталған жоқ. Себебі әскери снарядтардың жарылуы тоқтамай отыр. Осыған байланысты Арыс қаласынан 41 мыңға жуық адам эвакуацияланды. 39 мыңнан астам адам өздігімен қауіпсіз жерге шығып кетті. Қазіргі кезде бес эвакуациялық бекет ашылған. Барлығы Арыстан 30-50 шақырым шалғай жерде орналасқан.

"Қаланың өзінде 24 өрт сөндіруші топ жұмыс істеп жатыр. Олар 19 үйде және 9 шаруашылық нысанда болған өртті ауыздықтады. Бұдан бөлек, 14 табиғи өрт болды. Далада шөп жанды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Арыс қаласының айналасына бірнеше блокпост қойылды. Қалада ешкім қалмады.

© Photo : пресс-служба Национальной гвардии Казахстана Бойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь
Арыстағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын Ұлттық ұлан сарбаздары қадағалап жүр.  Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу - Sputnik Қазақстан
1/3
Арыстағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын Ұлттық ұлан сарбаздары қадағалап жүр. Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу

2/3
Арыстағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын Ұлттық ұлан сарбаздары қадағалап жүр. Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу
© Photo : пресс-служба Национальной гвардии КакзахстанаБойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь
Бойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь - Sputnik Қазақстан
3/3
Бойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь
1/3
Арыстағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын Ұлттық ұлан сарбаздары қадағалап жүр. Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу
2/3
Арыстағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің сақталуын Ұлттық ұлан сарбаздары қадағалап жүр. Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу
3/3
Бойцы Национальной гвардии круглосуточно обеспечивают надежную охрану общественного порядка и безопасности на улицах города Арысь

"Қалада тұрғын үйлердің бұзылу жағдайлары тіркелген. Сосын жарылмаған снарядтар бар. Сол себепті қалаға кіруге тыйым салынып отыр. Арыста 75 полиция жасағы жұмыс істеп жүр. Негізгі мақсат – ұрлыққа жол бермеу. Соған қарамастан, қазірдің өзінде 3 адам ұсталды. Олар екі қылмыс жасады. Алдымен дүкенді тонады, сосын бір үйден мүлік ұрлады. Қаладан шығатын және кіретін көліктердің бәрін тексеріп жатырмыз", - дейді Тұрғымбаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Арыстағы жарылысқа кінәлілерді қатаң жазалауға уәде берді

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына барып, жарылыстан қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралады. Сонымен бірге президент эвакуация бекетінде тұрғындармен кездесіп, қаланы қалпына келтіруге қажетті қаражат бөлуге, барлық тиісті көмекті көрсетуге уәде берді. Мемлекет басшысы жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты.

Төтенше оқиғадан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.

Жаңалықтар
0