Арыстағы жарылыс

Арыстағы жарылыстан нақты қанша адам қаза болды - министрдің жауабы

1862
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Арыстағы жарылыстан зардап шеккен 409 адамға медициналық көмек көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыстан нақты қанша адамның қаза тапқаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Арыстағы азаматтар жарылыстан қаза тапқандардың саны көп дейді. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының дәрігерлері адам өлімінің басқа фактілерін тіркеді ме? Себебі ресми дерек бойынша жарылыстан 3 адам қаза тапты. Осыған қатысты пікіріңізді білдірсеңіз", - деп сұрады журналистердің бірі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр Біртанов бұл сұраққа қолда бар мәліметке сүйене отырып жауап берді.

"Басқа азаматтардың көз жұмғаны туралы мәліметті біз айта алмаймыз. Себебі медициналық қызметкерлердің Арыс қаласына кіруге мүмкіндігі жоқ. Мендегі ақпарат осы", - деп Елжан Біртанов жауабын қысқа қайырды.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Түркістан облысы мен Шымкент қаласының медициналық ұйымдары, аудандық ауруханалар, эвакуация пунктілері Арыс халқына тиісті медициналық көмекті көрсетіп жатқанын жеткізді.

"Дәрігерлер халықтың өтініші бойынша жұмыс істеп жатыр. Арыс қаласындағы жарылыстан кейін 409 адам медициналық көмекке жүгінгенін айттым. Оларды ауруханаға жатқызу қажет болса, жатқызылады. Тіркелмеген өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Біздің ақпаратымыз бойынша, бір науқас ауруханада көз жұмды", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: зардап шеккен екі бала Нұр-Сұлтанға жеткізіледі

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Жарылыс салдарынан үш адам көз жұмды.

Оқиғаға байланысты Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары түгелдей жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

1862
Кілт сөздер:
жарылыс, қаза тапқандар, зардап шеккендер, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып:
Арыстағы жарылыс (90)
Тақырып бойынша
Nur Otan партиясы арыстықтардың мазасын қашырған сұраққа жауап берді
Қазақстан халқы арыстықтарға қалай көмектесіп жатыр
Бердібек Сапарбаев Арыс халқына: көмек ашық әрі әділ бөлінетін болады
Арыстағы жарылыс: жалған ақпарат таратқандарға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды
Арыста дезинфекция жұмыстары басталды
Түркістандағы мешіт

Өзбекстан президенті Түркістанда зәулім мешіт салып жатыр фото

92
(Жаңартылды 17:14 03.08.2021)
Көрші мемлекеттің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтерді.

Жобаға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Көрші мемлекеттің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мечеть, которую строит Узбекистан в Туркестане
© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области
Түркістан қаласында Өзбекстан салып жатқан мешіт

Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында болды. Жауапты басшылармен кездесіп, тапсырмалар жүктеді.

Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде салынып жатыр. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 000 шаршы метр.

92
Телефон, әлеуметтік желі

Телефон қоңырауына жауап берген Сарыағаш тұрғыны 500 мың теңгеден айырылды

151
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Сарыағаштық әйел танымайтын адамның есепшотына жарты миллион теңге аудара салған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел алаяққа қалай алданғанын айтып берді. Оның айтуынша, белгісіз біреу қоңырау шалып, "Сіз пәтер ұтып алдыңыз, соны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз" деп айтқан. Содан ол танымайтын адамның есепшотына 500 000 теңге аударды. Осыдан кейін алаяқ әйел телефон көтермей қойды. Сол кезде Сарыағаш тұрғыны алданып қалғанын түсінген.

Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Сол жақтан хабарласып, алдап кеткен. Ақшасын да жұмсап үлгерді.

Тәртіп сақшылары оны Түркістан облысына жеткізді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Оқи отырыңыз: Жетпіс адамды алдаған оралдық әйел ұсталды

151
Кілт сөздер:
алаяқтық, Сарыағаш, пәтер
Тақырып бойынша
Ұрлық жасаған: "Nur Otan" партиясының атынан сайланған депутат ұсталды
Пәтер ұтысына тегін қатысу үшін не істеу керек – жеңімпазды анықтау ережесі
Талдықорған әкімдігінің лауазымды тұлғалары пандемия кезінде қылмыс жасаған
Сарыағашта электр бағанасына өрмелеп шыққан маймыл жұртты әбігерге салды – видео
Қазақстанның алты қаласында "театр" алаяқтық жасады
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев ішкі істер министріне карантиндік шараларға қатысты тапсырма берді

6
Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.      

Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елдегі криминогендік ахуал туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының жұмысы бойынша есеп берді.  

Министрдің айтуынша, бүгінде қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарып отыр. Соның нәтижесінде кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың саны азайды.

"Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады. Алайда интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар көбейген. Бұған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті", - дейді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына жалған вакциналау паспорттарын таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты ақпарат берілді. Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Тұрғымбаев жеке құрамның 96 проценті екпе алғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

6