Өңірлер

"Намысқа тиетін сурет": Теңіз елді мекеніндегі жаппай төбелестің мән-жайы

© Sputnik / Борис Бабанов / Медиабанкке өтуНефтяное месторождение Тенгиз в Казахстане
Нефтяное месторождение Тенгиз в Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгерлер зардап шеккендер бар екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Теңіз мұнай кен орнындағы оқиғаға байланысты Энергетика министрлігінің бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов бүгін кешке Атырауға барады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек.

"Теңізшевройл" ЖШС ахуалды тұрақтандырып, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатып отыр", - деді Жеңісбек.

Сондай-ақ, оқиға орнына облыс прокуроры, ҰҚК департаментінің, полиция департаментінің басшылары мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев барған.

Желіде жаппай төбелестің видеолары тарала бастаған болатын. Жұмысшылар жабылып, араб азаматын соққыға жыққан.

Теңіздегі 3GI зауытының мыңға жуық жұмысшысының ереуіл жасағаны белгілі болды. Бұған Ливия азаматы Ели Даудтың (Eli Daoud) әлеуметтік желідегі суреті себеп болған. Ол фотода рация ұстап тұр. Ал рацияның антеннасы жанындағы қазақ қызының ерніне тигенін көруге болады.  

Бұл суретті намысқа тиеді деп есептеген жұмысшылар ереуілге шығып, араб қызметкерлерін соққының астына алды.

"Қазір Теңіздегі жағдай тұрақты. Оқиға ішкі істер органдарының бақылауына алынды", - деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР) компаниясының логистика жөніндегі бас әкімшісі  Эли Дауд дау туғызып, ереуілге себеп болған фото үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.  

"Қазақстан халқы, мен бұл видеоны екі нәрсеге қатысты кешірім сұрау үшін жазып отырмын. Біріншіден, фото үшін кешірім сұраймын. Мен жай ғана әріптесімді фотоға түсірген болатынмын. Ешқандай жаман ойым болған жоқ. Екіншіден, қазақ халқынан кешірім сұраймын. Ешкімді ренжіткім келген жоқ. Мен Қазақстанда екі жыл жұмыс істедім. Сіздер керемет жансыздар. Мені кешірулеріңізді өтініп сұраймын", - деді Эли Дауд.

Жаңалықтар
0