Әйелдің архивтегі фотосы

Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан жетісайлық келіншек сотталды

17172
(Жаңартылды 09:08 02.07.2019)
Түркістан облысында үш қызды азаптаған өгей анаға сот үкім кесті

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде — Sputnik. Түркістан облысында өгей қыздарын азаптап келген 28 жастағы келіншек 4 жарым жылға сотталды.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі жабық жағдайда қараған болатын. Тілшілерді үкімге де қатыстырмады.

Тағы оқыңыз: Жетісайлық әйел өгей қыздарын қалай азаптағанын дәптерге жазып отырған 

"Астана" арнасына телефон арқылы ақпарат берген төраға Қанатбек Қоңырбаевтың айтуынша, оған жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Ал үш қыз әкесінің қамқорлығында қалыпты. Сотталғанның екі жасқа толмаған ұлы жергілікті білім бөлімінің қамқорлығында. Бүгін сондай-ақ, келіншектің сот процесі кезінде, яғни маусым айында босанғаны белгілі болды. Қылмысы әшкере болған кезде оның айы-күні жақындап қалған болатын. 

"Сәби аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қарауына берілді, қамқоршылық мәселесін сол кісілер қарайды. Атқару жүйесі, білім бөлімі баланың тағдырын шешеді", - дейді Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.

Еске салайық, дүйім жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс Жетісай қаласында сәуір айында ашылды. Кәмелетке толмаған үш қызды өгей шешесі ұзақ уақыт денесін тістеуікпен қысып, темірмен ұрып, қорлап келгені белгілі болды. Соттың дерегінше, 28 жастағы өгей шеше азаптау процесін 2017 жылдың қыркүйегінен жалғастырып келген. Судья мұнан өзге ақпаратты жария етпеді.

Зәбір көрген қыздардың әкесінің жеңгесі, яғни өгей шешенің абысыны отбасыға қатысты біраз шындықты жария еткен еді.

Оның айтуынша, қорлық көрген қыздардың әкесі жағындағы туыстары олардың денесі көгеріп жүретінін бұдан алдын да талай мәрте байқаған.

Қыздарды өз қамқорлықтарына алмақ болғанда әкесі айқай-шу шығарып, бермей қойған. Қыздарға қарайтын адам керек болғандықтан ғана үйленгенін айтып, талай рет үйінен де қуып шығыпты. 

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

17172
Кілт сөздер:
өгей ана, Жетісай
Тақырып бойынша
Астаналық судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағдыры жайлы айтып берді
Өгей шешесі өлтірген оқушының туған анасы сот үкіміне қатысты пікір білдірді
Қыздарды азаптаған жетісайлық өгей шешенің туған баласы бөбектер үйіне жіберілді
Шымкентте 5 жасар бала ауруханада өлді: полиция өгей әкесін ұстады
"Уланып өлгім келді " Қорлық көрген қыздардың туған анасы мәлімдеме жасады
Жетісайлық әйел өгей қыздарын қорлаған: министрлік мәлімдеме жасады
Жанып жатқан сіріңке, иллюстративті сурет

Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды

604
Өткен тәулікте өңірде екі өрт болып, адамдар қаза тапты. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында өткен тәулікте екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де түсті. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпыды.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Қарағанды облысында өткен тәулікте үш адам өрттен қаза болды

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтері өртенді. 40 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Өрт сөндірушілер үш адамды сыртқа шығарып үлгерді. Оқиға орнында 1957 жылғы ер адам және 1962 жылғы әйел көз жұмды. Тілсіз жау сағат 08.45-те сөндірілді.

604
Кілт сөздер:
өрт, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

48
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

48
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

0
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

0
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео