Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов

Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті

4487
Алматының "Мамыр-1" шағынауданында орналасқан көшеге Мұстай Кәрімнің есімі берілді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде — Sputnik. Алматыда башқұрт халқының ақыны, жазушы-драматург Мұстай Кәрім атындағы көшенің ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.

Бакытжан Сагинтаев и Имангали Тасмагамбетов на открытии улицы, названной в честь башкирского поэта и писателя Мустая Карима в Алматы
© Photo : Посольство Республики Казахстан в Российской Федерации
Сағынтаев пен Тасмағамбетов башқұрт ақыны Мұстай Кәрім атындағы көшенің ашылу салтанатына қатысты

9 шілде күні өткен салтанатты шараға сондай-ақ ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен башқұрт делегациясын бастаған Мұстай Кәрім атындағы қордың құрылтайшысы, ақынның немересі Темірболат Кәрім, қала тұрғындары, Қазақстан және Ресей ақын-жазушылары, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдары және Мұстай Кәрімнің туыстары келді.

"Бүкіл түрік дүниесінің ұлы шайыры, бауырлас башқұрт халқының ақыны, жазушы-драматург Мұстай Сәфиұлы Кәрімнің есімі қаламыздағы ең бір көрнекті көшеге беріліп отыр, –  деп сөз бастады Алматы әкімі. – Төрткүл дүниеге есімі кеңінен танымал Мұстай Кәрімді біздің қазақ оқырманы өз ақыным, төл перзентім деп біледі".

Оның айтуынша, ақынның "Үш таған", "Талтүс" атты кітаптары қазақ тіліне аударылған. Еліміздің қалың оқырманы Мұстай Кәрімді төл ақынындай құрметтеп, оның жалынды жырларын жатқа оқиды.

Алматыдағы Мұстай Кәрім көшесі
© Photo : Қазақстанның Ресейдегі елшілігі
Алматыдағы Мұстай Кәрім көшесі

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова атап өткендей, "сұм соғысты да бастан кешкен Мұстай Кәрім қолынан ақ қағаз бен қаламды бір тастаған емес".

"Ол ауыр жарақат алып, госпитальдан сауығып шыққан соң, майданның алғы шебіне оралып, өз шығармалары арқылы жауынгерлерге рух беріп отырды. Біз үшін Мұстай Кәрім осындай ізгі де қастерлі қасиеттерімен есте қалады. Оның ұмытылмас тылсым туындылары жыр сүйер қауымның ғасырлар бойы жадында қалатыны сөзсіз", - деді министр.

Айта кетейік, Ресейдің К.С.Станиславский атындағы мемлекеттік сыйлығының, Башқұртстан мемлекеттік сыйлығының, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Мұстай Кәрімнің биыл 100-жылдығы кеңінен тойланып жатыр.

4487
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Иманғали Тасмағамбетов
Сот отырысы, архивтегі сурет

Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты

18
2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.

"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.

Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.

Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.

Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.

Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.

18
Кілт сөздер:
экс-әкім, сот үкімі
Тақырып бойынша
Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендер сот залынан босатылды
Баянауыл туристерді қабылдай ма – бақылау тобының қорытындысы жарияланды
3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды
Құжаттар, архивтегі сурет

Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды

45
Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында қол астындағы қызметкерін жаңа қызметке тағайындау үшін 2 миллион теңге пара алған шенеунікке қатысты іс тергелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатқан іс туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ол  алаяқтық жасап, департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдемдесу үшін қол астындағы қызметкерінен 2 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.

"Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Биғайдаров.

45
Кілт сөздер:
пара, шенеунік, Қазақстан
Тақырып бойынша
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Желіде қаскелеңдік шенеуніктің видеосы тарап кетті – әкімдік түсініктемесі
Биыл бірқатар шенеуніктің қылмысы әшкере болды – ұстау операциясының видеосы
Қытайлық шенеунік COVID пандемиясы шын мәнінде қалай басталғанын айтып берді
Шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлаған –  сот үкімі шықты
COVID-19 ауруханасы

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау: жемқорлыққа қарсы агенттік түсініктеме берді

94
(Жаңартылды 18:38 22.01.2021)
18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыда инфекциялық аурухана салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы іске түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелді. Тергеу барысында келтірілген нақты шығынды анықтау үшін актілер тексеріс жүргізу үшін тіркеледі. Ақшаның ұрланып-ұрланбағанын және сомасын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда бұрын айтылған шығын сомасы расталмай жатады, тіпті, істер тоқтатылған кездер де болған", - деп түсіндірді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте. 

Айтуынша, қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"ақша шынымен жымқырылды ма, жоқ әлде бұл қандай да бір заңбұзушылық па, мұның бәрі тергеу барысында анықталады", - деп нақтылады ол.

Жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу барысы туралы қосымша ақпарат береді. 

"БАҚ-та резонанс туғызбауды өтінеміз. Бұл акті бойынша әдеттегі тіркеу, бізде ондай көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Биғайдаров. 

COVID-19 ауруханасы төңірегіндегі дау

18 қаңтарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, бұл іске "Bi-Industrial" ЖШС директорының да қатысы бар екені айтылды.

БАҚ хабарлағандай, олар COVID-19 науқастарына арналған модульдік аурухананы салу кезінде 3,9 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. 

Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін БАҚ-та Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда қала әкімдігі мұны жоққа шығарды. 

Алматы әкімінің баспасөз қызметі Сапар Нұрашевтың өз жұмыс орнында екенін растайтын видео түсірді.

 

94
Кілт сөздер:
түсініктеме, жемқорлық, коронавирус
Тақырып бойынша
Денсаулық министрі Тоқаевқа карантиннің күшейтілуі туралы айтып берді
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты
Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды
Өткен жылы Қазақстанда жемқорлық жасағаны үшін қанша адам сотталды