Арыс қаласы

Арыстағы арсенал қашан түгел шығарылады министр жауабы

299
Жоспар бойынша қаладан 28 мың тонна оқ-дәрі шығару керек

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласындағы әскери арсеналды басқа жерге көшіру бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Арыс қаласындағы арсеналдан оқ-дәрілер мен қару-жарақты көшіру жұмыстары белгіленген мерзімнен бұрын басталды. Яғни, 5 шілдеде қару-жарақтың бәрі басқа жерге тасылды. Қазіргі уақытта оқ-дәріні шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Алғашқы вагондар жүріп кетті", - деді Ермекбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Министрдің айтуынша, снарядтарды басқа жерге шығару жағынан бірқатар қиындық бар. Мәселен, бұрын әскери қоймаға екі темір жол келіп тұрған. Кейін оның біреуін бұзып, орнында мектеп пен үйлер салып тастады. Осыған байланысты оқ-дәріні алдымен көлікке, одан кейін темір жолға тиеуге тура келіп отыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

"Жалпы, бүгінде нақты кесте бар. Оған сәйкес, 28 мың тонна оқ-дәрі шығаруымыз қажет. Ол, шамамен, 817 вагон. Жоспар бойынша барлық жұмыс 2020 жылдың мамырына дейін толығымен аяқталады", - деді Ермекбаев.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.

Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты.

299
Кілт сөздер:
министр, Ермекбаев
Тақырып:
Арыстағы жарылыс (90)
Тақырып бойынша
Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті
"Қауіпті жағдай туындауы мүмкін": қорғаныс министрі арыстықтарға ескерту жасады
Арыс оқиғасы: 55 мыңнан астам тұрғынға  бір реттік өтемақы беріледі
Мамин Арыстағы жарылыстан кейін жөнделген үйде болды – видео  
Арыстағы оқиғадан кейін министр тағы бір оқ-дәрі қоймасын тексерді
Шаңды дауыл, маска киген әйел, архивтегі сурет

Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды видео

2794
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда полиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын шаңды дауыл басты. Табиғаттың тосын мінезінен оқушылардың сабағы онлайн болды, ал жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындар шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.

Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.

"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", - деді Бейнеу ауданының әкімдігі.

Оқи отырыңыз: 

2794
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, шаңды дауыл, видео, ауа райы қолайсыздығы
Қар, архивтегі сурет

Жаңбыр қарға ұласады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

1141
Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Синоптиктер 25-27 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидромет болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді. Жаңбыр жауып, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін.

Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Батыста ауа температурасы түнде 7-15°C, күндіз 15-25°C-тан 10-20°C-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5-қа, күндіз 13-23°C-тан плюс 3-13 градусқа дейін төмендейді.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы 2-7 аяздан 3-8°C жылыға дейін, күндіз 10-20°C-тан 5-13°C дейін жылы болады.

Шығыста ауа температурасы түнде 5 аяз 5°C жылы, күндіз 7-17°C жылы болады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15°C-тан 10-17°C-қа дейін жылы, күндіз 25-32°C-тан 18-25°C-қа дейін төмендейді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 25 қыркүйекте күн ашық, күндіз +12°C жылы, түнде -1°C болады. Ал 26 қыркүйекте күн бұлтты. Түнде +2°C, күндіз +10°C жылы. Ал 27 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады, түнде +2°C, күндіз + 7°C жылы.

Алматыда 25-26 қыркүйекте күн ашық болады. 25 қыркүйекте ауа температурасы түнде +9°C, күндіз +19°C жылы болады. Ал 26 қыркүйекте түнде +12°C, күндіз +26°C жылы. Дүйсенбіде күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +17°C, күндіз +26°C жылы болады.

Шымкентте 25-26 қыркүйекте күн ашық, түнде +13...+16°C, түнде +31...+34°C жылы болады. 27 қыркүйекте жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +18°C, күндіз +23°C болады.

1141
Кілт сөздер:
ауа райы, қар, жаңбыр
Архивтегі фото

Тоқаев қордаланған мәселелерге назар аударды

0
Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді, деді президент

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек –  Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнімдерді эспорттау саласындағы қордаланған мәселелерге назар аударды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар туралы баяндамасын тыңдай келе, шикізат экспортын ұлғайту үкіметтің күн тәртібіндегі өте маңызды мәселе екенін атап өтті.  

Оқи отырыңыз: Инфляция бекітілген межеден әлдеқашан шығып кеткен – Тоқаев

Оның пікірінше, экспортқа қатысты кедергілерді жою, экспорттың географиясы мен номенклатурасын кеңейту, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау үшін бүкіл үкіметтің күш-жігерін жұмылдыру керек. Сонымен қатар сыртқы істер министрлігі мен оның шетелдегі мекемелері экспортты ілгерілету, нарықтарға жол ашу және кедергілерді жою жөніндегі жұмыстарға белсенді атсалысуы қажет.

"Қазақстаннан Қытайға жүк тасымалдауға қойылған шектеулерге қатысты қордаланған мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді. Транзиттік жүктер өтеді, ал біздің жүктеріміз шекарада қалып қояды. Қазақстандық тауарлар тиелген мыңдаған вагон бекеттерде тұр. Бизнес тікелей президенттен көмек сұрайды. Мұндай жағдайларда үкімет жедел әрекет етіп, серіктестермен арадағы барлық мәселені реттеуі тиіс", – деді мемлекет басшысы реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында.

 Отырыстың күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылды. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.

0