НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында 20 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысы өсті.
"Медицина қызметкерлері жалақысының өсуі қызмет көрсету сапасын арттырып, әсіресе жас мамандардың жұмысқа деген құлшынысын арттырады", – дейді тараздықтар.
Мәселен, №2 қалалық емханада 500-ге жуық ақхалаттының жалақысы артқан, деп хабарлады "Хабар 24".
Ал Жамбыл облысы бойынша 20 мыңнан астам медицина қызметкері жаңа төлем жүйесі бойынша еңбек ақыларын ала бастады.
Тағы оқыңыз: Министр Тоқаевқа кімдердің жалақысы өсетінін баяндады
"Жалақының өсуі үлкен қуаныш. Өйткені емханада әркез маман тапшылығы байқалып тұрады. Енді жас мамандар жұмысқа көптеп тартылады деген сенім бар. Бұған дейін жұмысқа жаңа орналасқандар 70 мың теңге ғана алса, енді жалақылары 85 мың теңгеге жетіп отыр", - деп атап өтті №2 қалалық емхана дәрігері Анар Жүнісәлиева.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.
"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.
Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.
Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды.
Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді
Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне сот үкімі шықты.
Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазды Ақ Жайық.
Неонатолог-дәрігерлер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.
"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқандықтан, дәрігерлер сәбиді өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде оның аяғы қимылдай бастаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған.