Больница

Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды

3303
(Жаңартылды 10:42 20.07.2019)
Қылмыскер әрдайым бір әдісті қолданғандықтан тез қолға түсті, сонымен қатар бейнекамераларға бірнеше рет түсіп қалған

ҚЫЗЫЛОРДА, 20 шілде — Sputnik. Қызылордада құйтырқы әрекетімен қоғамдық резонанс туғызған алаяққа қатысты сот аяқталды.

Сотталушы алаяқтықты мынадай жолмен жасап келген: ауруханалар мен емханалардың жанында жеке такси жүргізушілеріне келіп, ауыр сырқаттан көз жұмған туысының денесін шалғай ауылға жеткізіп беруін өтінеді. Жүргізушінің ақысын марқұмның ауылдағы отбасы төлейтін болып келіседі.

Қызмет ақысына қомақты ақша ұсынған, сондықтан көбісі келіскен. Осыдан кейін ол қайтыс болған адамның денесін тасымалдауға арналған құжаттарды рәсімдеймін деп ауруханаға немесе басқа бір медициналық мекемеге кіріп кетеді.

"Шамалы уақыт өткеннен кейін ол такси жүргізушісіне қайтып келіп, медицина қызметкеріне беру үшін қарызға ақша сұрайды, ауылға барған соң бірден қайтаруға уәде етеді, –  деп хабарланды Қызылорда қаласының екінші сотында. – Егер оған ақша берсе, алаяқ орынды сылтау тауып, із-түзсіз жоғалып кететін болған".

Жүргізуші өз "клиентін" біраз уақыт күтіп, содан кейін алданып қалғанын түсініп, полицияға арыз түсірген. Алаяқ әрдайым бір әдісті қолданғандықтан тез ұсталды, сонымен қатар медициналық мекемелердегі бейнекамераларға бірнеше рет түсіп қалған. Айтпақшы, ұсталған ер адам өзінің кінәсін жоққа шығармады.

Тағы оқыңыз: Қызылордада апатқа ұшыраған көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды

"Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындады, оның үстіне күдіктінің кінәсі зардап шеккендердің куәліктерімен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен және тағы басқа іс материалдарымен дәлелденді", - деп хабарлады Қызылорда қаласының №2 соты.

Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармақшасында (ірі көлемде жасалған алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасады деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

3303
Кілт сөздер:
Қызылорда, алаяқ, такси жүргізушісі
Тақырып бойынша
Алматы облысында әйелдерге қырғидай тиетін таксист ұсталды
Темекімен ұйықтатқан: Алматы полициясы тонаушы таксистерді ұстады
Көліктен қашып шыққан: Түркістан облысында таксисті өлтіріп кетті
Алматыда такси жүргізуші косметологты не үшін өлтіргені белгілі болды
Валюта айырбастау

Маңғыстау облысында 500 доллар айырбастауға барған әйел 5 жылға түрмеге қамалды

2881
(Жаңартылды 17:55 20.10.2020)
Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында жалған шетелдік валютаны айырбастаған әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау ауылының тұрғынына қатысты жалған қаражатты сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. 

"Айыпталушы 2020 жылдың басында тауып алған 1500 АҚШ долларының жалған ақша екенін біле тұра, 1000 доллармен таныстарынан алған қарызын өтеген. Ал қалған 500 АҚШ долларын Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында орналасқан "Халық Банкнің" кассасында айырбастамақ болған. Бірақ сол жерде қолға түсті", - дейді тергеушілер. 

Аудандық соттың үкімімен ауыл тұрғыны Қылмыстық кодекстің 231-бабы, 2-бөлігі бойынша ("жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

2881
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, әйел, түрме, доллар
Тақырып бойынша
"Сотқа жүгіну керек": сарапшы телефон арқылы ақша аударатындарға кеңес берді
Қолма-қол ақша арқылы вирус жұқтыру қаупі бар – ұлттық банк түсініктемесі
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Алматы тұрғыны халықты бір миллион долларға алдап кеткен
Жаппай сатылым: долларды басып шығарудың арты не болады?
Первый снег в Нур-Султане

Биылғы қыс қандай болады синоптиктер болжам жасады

8248
(Жаңартылды 13:51 20.10.2020)
Алдағы қыс өткен жылғыдай болады деп болжанып отыр, жылы және жауын-шашын көп түседі, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қазгидромет 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың наурызы аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

Қарашаға ауа-райы болжамы

Болжамға сәйкес, келесі айдың бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде, шығысында және орталығында қыстағыдай ауа райы болады.

"Жауын-шашын, көбінесе қар, қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі түседі. Айдың бірінші жартысында ең суық күндерде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді. Суық ауа массалары жылыға ауысқанда термометрлердің бағаналары +5+12°С белгісіне жетеді", - дейді синоптиктер.

Ал еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) айдың екінші жартысында күтіліп отыр. Таулы жерлерде ертерек түсуі мүмкін. Температура түнде -5-12°С, күндіз -1+5°С дейін төмендейді.

"Бір ай бойы, көбінесе, солтүстік өңірлерде жылы күндер аязды күндермен алмасып тұрады. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында, мәселен, солтүстік-батыста – нормадан 1°С жоғары, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында нормадан 1°С төмен болады деп болжанып отыр", - деді мамандар.

Биыл қыс қандай болады

Алдағы қыс өткен жылғы қысқа ұқсас болады деген болжам бар. Ауа-райы жылы және жауын-шашын көп түседі.

"Өткен жылдың қысында Қазақстан аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массалары келген. Сол себепті республиканың басым бөлігінде мол жауын-шашын жауады. Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°С жоғары, тек еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының таулы және тау бөктерлі аудандарында норма шамасында күтілуде", - дейді синоптиктер.

Желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек батыста аз түседі. Ал ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында норма шамасында болады.

Наурызда ауа райы қандай болады

Мамандардың айтуынша, келесі жылы көктемнің басы, атап айтқанда, наурыз айы жылы және жауын-шашының мөлшері аз болады. Қазіргі болжам бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары көтеріледі.

"Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық болжанады. Жауын-шашын мөлшері басым бөлігінде нормадан аз, қиыр солтүстікте және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде норма шамасында, Шығыс Қазақстан обласының тауларда нормадан көп күтілуде", - деп атап көрсетті синоптиктер.

8248
Кілт сөздер:
ауа райы, қыс
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

129
(Жаңартылды 09:47 21.10.2020)
Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға жолдаған үндеуінің толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

Құрметті отандастар!

Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалды.

Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды.

Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады.

Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды.

Бірінші. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға және "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құру мәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.

Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынан сайланады.

Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.

Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.

Екінші. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңда және "Саяси партиялар туралы" заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

Үшінші. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады.

Бұл жаңа бастамалар партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі ұстанымын нығайту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

***

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған күрделі экономикалық дағдарыс көптеген елді қамтыды, сондай-ақ, бүкіл әлемдік экономикаға кері әсер етті.

Қазіргі күрделі кезеңде Қазақстанның алдында дағдарысқа қарсы тиімді шаралар қабылдау, орнықты экономикалық дамуды және азаматтарымыздың әлеуметтік игілігін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр.

Осы басымдықтар жөнінде менің Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда айтылды.

Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді.

Алдағы сайлау еліміздің саяси жүйесін жаңартуды қамтамасыз ететін саяси институттарды дәйекті түрде демократияландыруға және жаңғыртуға Қазақстанның аса ықыласты екенін тағы да бір дәлелдейтін болады.

Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.

Мемлекетіміздің барлық азаматтарын белсенді азаматтық ұстанымын танытуға, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың алдағы сайлауына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

129
Кілт сөздер:
сайлау, депутат, парламент
Тақырып бойынша
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына тапсырма берді
Мәжіліс сайлауы: Назарбаев дайындықты бастауды тапсырды
Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді
Мәжіліс сайлауы қашан өтеді