Үйлену тойы, архивтегі сурет

Алматыда ерекше той кортежі жұртты таңғалдырды видео

9660
Күйеу мен қалыңдық және олардың достары қаланы электрсамокатпен аралаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Алматыда куәгерлер ерекше той кортежін видеоға түсіріп алды. Ролик Instagram-дағы @kris.p.almaty паблигінде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.almaty)

Видеодан күйеу мен қалыңдық және олардың достары электрсамокатпен кетіп бара жатқанын көруге болады. Жастар өздерінің неке қию салтанатын осылайша ерекше атап өткісі келсе керек.

Айта кетейік, бұған дейін тойға тікұшақпен барған жас жұбайлар желіні шулатқан еді. Оқиға Шу қаласында болған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тойханаға тікұшақпен барған жас жұбайлар жұрттың ашуын туғызды 
 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жас жұбайларды тойға апарып, ережені бұзған пилотқа қатысты шара қолданды. Елді мекенге қонған тікұшақ капитаны А.Матвиенко ұшудан шеттетілді. 

9660
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, қалыңдық, күйеу жігіт
Тақырып бойынша
Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті
"Жомарт, тоқта!" Күйеу жігіт қалыңдықты жол бойына тастап кетті – видео
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдықтың бетінен салып жіберді – видео
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Бес баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты - фото
Торт

Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған видео

270
(Жаңартылды 18:22 26.10.2020)
Салтанатты шарада түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Аудан әкімдігі осы мәселе жөнінде түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісов карантиндік шектеулерге қарамастан ұлының үйлену тойын жасап берген, деп хабарлайды "Мой город" сайты.

Той Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Сол жерде түсірілген видео Instagram-да жарияланды. Артынан оны алып тастаған. Алайда адамдар әлеуметтік желідегі видеоны ұялы телефонға жазып алып, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберді.

Басылымның мәліметінше, ауылдық округ әкімінің өзімен сөйлесуге мүмкіндік болмаған. Алайда аудан әкімдігі осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітовтың айтуынша, ауыл әкімі еңбек демалысында жүр.

Оқи отырыңыз: Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео 

"Бұл ыңғайсыз жағдай болды. Татжан Өтемісов еңбек демалысына шыққан. Жалпы, ауданның барлық әкімі карантин шараларын сақтау қажеттігін біледі. Арнайы бақылау топтары да бар. Олар шектеу шараларын сақтау жағын қадағалайды. Әкім демалыстан оралғаннан кейін мәселені заң аясында қараймыз", - дейді Үмітов.

Оның сөзіне қарағанда, 30 қазанда Ақжол ауылдық округінде әкім сайланады. Қазіргі әкім Татжан Өтемісов өз кандидатурасын ұсынбаған.

270
Кілт сөздер:
видео, той
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды
Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген
Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі
Алматы келбеті

Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты

540
(Жаңартылды 18:05 26.10.2020)
Бекшин белгіленген талаптарды сақтай отырып діни нысандарды ашуға рұқсат берді. Ол жерде ұжымдық іс-шара өткізуге болмайды

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты. Қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын қайта бастауға рұқсат берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұжымдық шараларды өткізбей, діни нысандар да жұмысқа кіріседі.

Қаулыға сәйкес, қоғамдық тамақтану нысандарында қорқорды пайдалануға, фуд корттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салынды.

"Ойын-сауық, спорттық шаралар, көрме, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларын, оның ішінде үйде адамдар көп жиналатын басқа да мерекелерді өткізуге тыйым салынған", - делінген қаулыда.  

Сонымен қатар ойын-сауық мекемелері, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, жабық жердегі балаларға арналған ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, букмекерлік кеңселер жұмыс істемейді.

Кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне де рұқсат берілмеді.

Спортшылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі оқу-жаттығу жиындарына, жарыстарға қатыса алмайды.  

Қаланың бас санитар дәрігері белгіленген талаптарды сақтай отырып діни нысандарды (мешіт, шіркеу, собор, синагога) ашуға рұқсат берді. Ол жерде ұжымдық іс-шара өткізуге болмайды.

"Мәдениет нысандарында 30 адамнан аспайтын топтық дайындық жүргізуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, кітапхана, мұражай жұмыс істейді. Сауда және ойын-сауық орталықтары бір келушіге төрт шаршы метр талабын сақтап жұмыс істейді", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар азық-түлік базарлары мен азық-түлік сатпайтын базарлар жалпы аумақтың 30%-інен асырмай, бір келушіге төрт шаршы метр талабы бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қалада алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді 

Алдын ала жазылу бойынша 25 адамнан асырмай балалар кабинеттері, түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары жұмыс істейді.

Сонымен қатар қызметіне рұқсат берілген моншалар, сауналар эпидемиологиялық талаптарды сақтайды.

Қоғамдық тамақтану орындары демалыс және мереке күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін келушілер үшін жұмыс кестесін белгілей отырып жұмыс істейді.

"26 қазаннан бастап кинотеатрлар қызметіне рұқсат беріледі. Кинотеатрлар infokazakhstan.kz порталында тіркелуі тиіс. Маска режимін сатап, келушілер шахмат тәртібімен отырғызылады, әлеуметтік арақашықтық сақталады", - делінген бас санитардың қаулысында.

Сондай-ақ, бес адам спорт кешендерінде бірлесіп топтық жаттығу жасай алады.

540
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Қарағанды облысының бір ауылы карантинге жабылды
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Қазақстанда бір қала мен екі өңірде карантин күшейтілді – не өзгерді
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет

Алмазбек Атамбаев аштық жариялады

0
Саясаткер 5-6 қазанда уақытша босатылғанға дейін бір жылдан астам уақыт МҰҚК-тің тергеу изоляторында отырды. 10 қазан күні ол қайта ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан №1 тергеу изоляторына ауыстырылды. Қырғызстанның экс-президентінің адвокаты Сергей Слесарев оның аштық жариялағанын мәлімдеді.

Саясаткерді не үшін басқа изоляторға ауыстырғаны әзірге белгісіз, мемлекеттік жазаны орындау қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біз медициналық қызмет алу үшін Алмазбек Шаршенұлын № 47 колонияға ауыстыруын сұраған едік. Бірақ, оны СИЗО–1-ге, жертөленің орын-жайына ауыстырды, ол жерде бұрын өлім жазасына кесілгендерді ұстайтын. Кәріз жүйесі жұмыс істемейді, камераның есіктері ашық, жылу жақында ғана қосылды. Осыған байланысты бүгін менің қорғалушым аштық жариялады", - деді Слесарев.

Қырғызстандағы оқиға

5 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелеріне қарсы митинг өтті. Кешке таман наразылық білдіргендер мен милиция арасында қақтығыс басталып, мыңдаған адам зардап шекті, біреуі көз жұмды. Түнде митингке шыққандар парламент ғимаратын басып алды, кейін Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын, Садыр Жапаров пен түрмеде отырған басқа да саясаткерлерді босатты.

10 қазанда Алмазбек Атамбаев пен босатылғандардың бір бөлігі қайта ұсталды.

Бұған дейін ол қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты заңсыз босатқаны үшін сотталған еді. Сот Қой-Таш оқиғалары бойынша қозғалған қылмыстық істі де қарап жатыр.

0
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев
Тақырып бойынша
Атамбаев 11 қарашаға дейін үйқамаққа алынды
Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті