Ер адам, архивтегі сурет

Ақтөбе облысында әкесімен ұрсысып қалған жігіт ауыр қылмыс жасады

2874
Өңір тұрғыны туған әкесін өлтіргенін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Ақтөбе облысының тұрғыны туған әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

27 шілдеде Алғын ауданы Тікқайың ауылында ер адамның мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Сот медициналық сараптама нәтижесінде ауыл тұрғынының "механикалық асфиксия" салдарынан көз жұмғаны анықталған.

Тағы оқыңыз: "Бүтін бір отбасыны атып, өртеп жіберді": Алматы облысындағы қылмыстың мән-жайы

Учаскелік полиция инспекторы кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның туған ұлын ұстады. Жанжал кезінде ашуға булыққан жігіт әкесін арқанмен буындырып өлтірген көрінеді.

Тәртіп сақшылары хабарлағандай, ҚР ҚК 99-бабы бойынша (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұсталған адам қылмысын мойындап, қазір уақытша ұстау абақтысында отыр.

2874
Кілт сөздер:
ауыр қылмыс, жігіт, әке, Ақтөбе облысы
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

555
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

555
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы
Улицы Шымкента

Шымкентте карантин талабы өзгерді жаңа қаулы шықты

87
Мегаполистегі карантин және шектеу шаралары 16 мамырдан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес мегаполис аумағында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген шектеу шаралары ұзартылады.

"Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 21 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын", ​​- делінген құжатта.

Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын кез-келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырмағандарға талап өзгерді – Қызылордада жаңа қаулы жарияланды

65-тен асқан адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Көшеде және қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтау керек.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

87
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин, шектеу
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин