Жасөспірімнің архивтегі фотосы

"Мүшесін ұстады": Ақтөбе лагеріндегі сұмдықты балалардың бірі жайып салды

20436
(Жаңартылды 08:19 01.08.2019)
Жеті ұлдың ата-анасы тәлімгерге шағым түсіріп, балаларын бірден алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Ақтөбе іргесіндегі "Ақбөбек" лагерінің тәлімгері балаларды азғындыққа итермеледі деп айыпталып жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Оқиғаның қалай болғанын  жәбірленушілердің бірі жылап тұрып жайып салды.

"Ол бізбен бірге душқа кіріп, өзінің мүшесін көрсетті. Басқалардың мүшесін ұстады. Түнде ұйықтап жатқанда келеді де, басқа балалардың төмен жерін қысады. Сосын олар оянып кетеді. Ол бізді боқтады", - дейді шошынып қалған бала. 

КТК арнасының мәліметінше, жеті ұлдың ата-анасы тәлімгердің азғындығына шағым түсіріп, балаларын демалыс орнынан бірден алып кеткен.  

"Сонда ол маньяк қой. 22 жаста екен, өзі әлі бала, мысалы. Балаларға тиіскен, төменгі жақтарын ұстаған. Өзінің төменгі жағын көрсеткен. Дені дұрыс адам сөйте ме?", - дейді ата-аналардың бірі.  

Нұр-Сұлтанда "сантехник" 9 жасар қызды зорлап кетті

Ал лагерь басшылары тәлімгердің ерсі қылығын байқамадық деп отыр. Демалыс орнының барлық жеріне бейнекамера орнатылған көрінеді.

"Палаталар болсын, асхана болсын, душ болсын, барлық жерде бейнекамера бар. Ол камералар тәулік бойы істейді. Тәулік бойы күзет қызметі бар. Сондықтан ондай оқиға болуы мүмкін емес", - деп түсіндірді "Ақбөбек" ЖШС директорының орынбасары Шамшырақ Сайлагиева.

22 жастағы тәлімгер елордалық университеттердің бірінде оқиды екен. Оны бірден лагерьдегі жұмысынан шығарып жіберіпті. Қазір тергеліп жатыр.

"Қылмыстық іс жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша, яғни Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша қозғалды. Қазір істің мән-жайы анықталуда", - дейді Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Қазір бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшыларының тергеуінен бөлек, облыстық білім басқармасы комиссия құрған. Ондағылар лагерьдегі тәрбиешілер мен тәлімгерлердің біліктілігін де тексеретін болады. Ал "Ақбөбек" лагері жұмыс істеп тұр. Ондағылар кезекті маусымды ашуға дайындық үстінде.

20436
Кілт сөздер:
азғын, балалар, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Түркістан облысында кішкентай қызға азғындық жасамақ болған адам ұсталды - видео
Шымкентте ерлі-зайыпты 3 жасар қызының балабақшада зорланғанын айтты
Павлодарда 5 жасар қыз өгей әкесі емес, атасы зорлағанын айтып жаға ұстатты
"Дамбалына қолын салып жіберген": Ақтөбеде 74 жастағы қария ұсталды
Архивтегі фото

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

577
(Жаңартылды 15:43 27.10.2020)
Үй иесі жарылыс салдарынан күйіп қалды, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.   

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті – оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты.  

577
Кілт сөздер:
Павлодар, жарылыс, газ баллоны
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды
Жасөспірім

Қостанайда педофил қолынан мерт болған қыздың ағасы жоғалып кетті

671
(Жаңартылды 13:03 27.10.2020)
Қостанай облысы Бағаналы ауылының жиырма жастағы тұрғыны Олег Ганя 15 қазанда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер мен еріктілер 15 қазанда үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Олег Ганяны іздестіріп жатыр.

20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады.

"2000 жылы 23 шілдеде дүниеге келген Олег Ганя Викторович іздестіріліп жатыр. Ол 15 қазанда Бағаналы ауылындағы үйінен Павлов ауылына шығып кеткен. Қостанай қаласында болуы мүмкін", – деп нақтылады еріктілер әлеуметтік желіде.

Олег Ганяның бойы 175 сантиметр, дене бітімі орташа, ақшыл сары шашты, сұр-көк көзді. Үстіне көгілдір түсті камуфляжды костюм киген.

"Оныншы аймақ" пен "Дос" тобының өкілдері іздеу жұмыстарына кірісті. Біз Киев ауылындағы пәтер иелерінің кооперативі аймағынан іздеп жатырмыз. Сол жақтан адамдар хабарласып, көргендерін айтты. Бұл жұмысқа 60-қа жуық ерікті жұмылдырылды. Барлық шара полициямен бірлесіп атқарылуда", – деді Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен қостанайлық еріктілер.

Ал қандай да бір ақпарат беремін деген адамдар 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, еріктілер Олег Ганя Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін хабарлады.

Еске салайық, 2014 жылы жеті жастағы қыз педофилдің құрбаны болды.

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Оқи отырыңыз: "Ақылымнан адастым": Рудныйда 7 жасар қызды зорлаған педофил қылмысы туралы айтты

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

671
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, оқиға, педофил
Тақырып бойынша
Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде
Қостанай облысында алты тәулік бойы жоғалған аңшы іздестірілуде
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Ұшақ бортындағы жолаушылар

ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс

0
Анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызбау жөніндегі талап, тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Енді шетелде жүрген Қазақстан азаматтарында ПТР тест анықтамасы болмаса да, ұшақпен елге келе алады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

"Алайда, анықтамасыз Қазақстанға келген отандастарымыз ПТР тест нәтижесін алғанға дейін карантинге жатқызылатын болады", – делінген ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Сол сияқты Қазақстанның ішкі рейстерімен қатынау кезінде ПТР сынағының нәтижесі талап етілмейді.

"Анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызбау жөніндегі талап, тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

Айта кетейік, 26 қазаннан бастап ПТР сынағының нәтижесі жоқ жолаушыларды, оның ішінде қазақстандықтарды да ұшақ бортына отырғызуға тыйым салынғаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: "Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты

Сондай-ақ, бұған дейін көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов коронавирус жоқтығы туралы анықтамасыз жолаушыларды ұшаққа отырғызғаны үшін әуекомпанияларына әкімшілік жауапкершілік енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, жолаушылар, ұшақ
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ұшақ шұғыл қонды: жолаушы біртүрлі әрекетімен жұртты дүрліктірді - видео
Алматыға қонған ұшақтан коронавирус табылды: бортта 130 жолаушы болған
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Нұр-Сұлтанға келген 170 жолаушы карантинге жатқызылды