НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматы-Ташкент тас жолында жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жұма күні, 2 тамызда ерлі-зайыпты Қордай аудандық перзентханасына жолға шыққан, алайда Алматы-Ташкент тасжолының 183-ші километрінде көліктері бұзылып, жол ортасында тоқтауға мәжбүр болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осы кезде Жамбыл облысының патрульдік полиция батальонының офицерлері кетіп бара жатқан. Қызметтік көліктегі полиция қызметкерлері жүкті келіншек пен оның күйеуін перзентханаға жеткізіп салмақ болады, бірақ оған жете алмаған – жолда әйелдің толғағы басталған.
Тағы оқыңыз: Мұғалімдер Арыста жас әйелді қалай босандырып алғанын айтты
"Полиция қызметкерлерінің көмегімен қызметтік көліктің салонында ер бала дүниеге келді", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Көп ұзамай жедел жәрдем бригадасы келіп, ана мен баланы перзентханаға жеткізді.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның жеті облысында 20 қаңтар дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз бұрқасын соғады, тұман басады, желдің екпіні 15 м/с болады.
Қостанай облысында кей жерлерде – тұман және бұрқасын. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасындатады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды қаласында күндіз жел күшейеді, екпіні – 18 м/с.
Тағы оқыңыз: Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды
Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжануда. Петропавл қаласында да бұрқасын соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысында кей жерлерде – тұман және жел (15-20 м/с).
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында – көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, бұрқасындатады. Орал қаласында да тұман және бұрқасын болжанып отыр.
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысындағы базарлар демалыс және мереке күндері жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түркістан облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл болу мақсатында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 15 қаңтардан бастап жабық базарлар демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі ашық болады.
Демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі тоқтатылады. Олар дүйсенбі-жұма 09.00-ден 23.00-ге дейін ашық. Нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режим, 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек.
Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылды.
Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Міндетті түрде алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында 15 баладан аспайды.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да шектеу шаралары күшейтілді.
Елу жылдан бері алғаш рет АҚШ атом энергиясын әскери-теңіз күштерінен тыс қолданбақ. АҚШ Қарулы күштерінде атомдық реакторлар сүңгуір қайықтар мен әуе тасымалдағыштарда қолданылады. Осының арқасында америкалық флоттың ең үлкен кемелері теңізде шектеусіз уақыт бойы бола алады.
Өзге елдердің әскери-теңіз күштері де ядролық энергияны пайдаланады. Мысалы, француздардың "Шарль де Голль" әуе тасымалдағышы мен Ресейдің "Петр Великий" ауыр зымыран крейсері атомдық тартылыс күшінің арқасында жұмыс істеп тұр. Алайда, АҚШ-та атоммен жүретін кемелер бұдан да көп. Америкалықтар мұнымен тоқтап қалмақ емес.
"Президент Трамптың тапсырмасы бойынша қорғаныс министрлігі елдегі әскери алаңда шағын атомдық реакторлардың шығындары есебінен олардың энергетикалық икемділігі мен экономикалық тиімділігін көрсету жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады, сондай-ақ қуаттылығы шағын мобильдік реакторды сынақтан өткізеді. Мұндай қуат көздері күн энергиясын қолдану мүмкін емес қиыр ғарышты зерттеуде және қорғаныс саласында таптырмас құрал екені анық", - деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.
Билік шағын ядролық реакторлар нақты не үшін қажет болғанын айтпай отыр. Defensenews.com порталының сарапшылары мұнда мәселе армия базаларындағы резервтік қуат көздері туралы болып отыр деп санайды. Егер, әскери нысанда электр қуаты өшіп қалса, реактор маңыздылығы өте жоғары жабдықты қуатпен қамтамасыз етеді.
Жарлықтың мәтініне сәйкес, алғашқы прототиптің сынақтары жарты жыл ішінде басталуы керек. Сарапшылар бұл сынақ АҚШ-тағы ең ірі полигонның бірі - Невада полигонында өтеді деп болжап отыр.
"Secure World Foundation" коммерциялық емес ұйымының ғарыш қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшысы Брайан Уиден Айға, Марсқа және басқа планеталарға бағытталған ұзақ мерзімді рейстер ядролық энергиясыз ұша алмайтынын еске салды. Болашақта ракторлар Жерден тыс алғашқы колониялар үшін қажет болады.
Кейбір сарапшылар жаңа технологияларды орбиталық қару-жарақ платформаларында қолдануға да болады деп санайды. Негізінде, бұл сценарий ғарышты әлеуетті ұрыс алаңы деп санайтын АҚШ-тың ғарыш күштерінің агрессивті доктринасына сәйкес келеді.
"Менің ойымша, бұл америкалықтарға бірінші кезекте ғарыштағы әрекеттер үшін қажет», - деді "Арсенал Отечества" журналының бас редакторы Виктор Мураховский. – Бізде "атомдық реактор" деген сөз тіркесі әртүрлі заттарды білдіреді. Біріншіден, бәсеңдеткіш серіппелері мен қуат реттеуіші бар уранды бөлудің тізбекті реакциясы негізінде жұмыс істейтін құрылғы. Ресейде мұндай құрылғылар "Буревестник" пен "Посейдон" бұйымдары үшін әзірленіп қойған. Екіншіден, жер серіктерінде және метеостанцияларда қолданылатын изотоптық ядролық энергия көздері. Олардың тиімділігі әлдеқайда аз болғанымен зияны аса үлкен емес".
Сарапшы 1950-1960 жылдары АҚШ та, КСРО да ұшақтарға арналған шағын ядролық реактор жасауға тырысқанын еске түсірді. Алайда, бұл жобалардан бас тартты. Себебі, тіпті ең үлкен ұшақтың өзі экипажды биологиялық қорғау жүйесін тарта алмады. Сондықтан реакторларды пайдалану аясы тек үлкен кемелермен шектелді.
Мураховскийдің айтуынша, осы уақытқа дейін әлемдегі бірде-бір ел ұшқыш басқаратын ұшақтарда, шағын кемелерде немесе жерүсті көлік құралдарында қолдануға болатын бөліну реакциясындағы шағын реакторын жасай алмады. Сонымен бірге, сарапшы америкалықтардың ресейлік "Буревестник" пен "Посейдонды" қайталағысы келетініне күмәнданатынын айтты.
"Бұл жүйелер ерекше, - деп түсіндірді ол. – Олар жау ядролық соғыс бастаған кез-келген жағдайда кепілдендірілген жауапты соққы жасау үшін және батыстағылардың зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің көзін жою үшін әзірлденді. Америкалықтарға бұл мақсатты орындауға жарамды қару-жарақ жетерлік".
Ядролық күш қондырғысы бір кездері 1949-1959 жылдар аралығында АҚШ әскери-әуе күштерінде қызмет еткен Convair В-36 құрлықаралық стратегиялық бомбалаушылары үшін жасалған болатын. NB-36H ұшатын зертхананың тұмсық бөлігінде 12 тонналық қорғаныс капсуласы орнатылды. Ал, қуаты бір мегаватт, диаметрі 1,2 метр және салмағы 16 тонна болатын жылдам нейтрондар негізіндегі реакторды бомбалар бөлігіне орналастырды. Ол ұшу кезінде іске қослып, әуе кемесінің бортына ауа тартқыштар арқылы кіретін атмосфералық ауамен салқындатылуы керек болатын. Экспериментті ұшақ 47 ұшуды орындады, бірақ ядролық қозғалтқыш қысқа уақытқа ғана қосылды.
Шыны керек, бұл идея өте тартымды көрінді. Мұндай ұшу аппаратын бірнеше күн бойы жанармай құюды қажет етпей, әуедегі әскери кезекшілікті орындай алатын стратегиялық бомбалаушы немесе барлаушы ұшақ ретінде пайдалануға болады. Алайда проблемалар тым көп болды.
Біріншіден, кез-келген ұшақ өз еліне құлап кетуі ықтимал "үрейлі "бомба болып табылады. Екіншіден, эксперименталдық борттың соңында радиоактивті заттар "еріп жүрді". Оның үстіне, экипаж бәрібір үлкен сәулеленуге ұшырапды. Ядролық қарудың жалғыз тасымалдағышы ретінде құрлықаралық баллистикалқ зымырандарды дамыту атомды ұшақтардың күрделі әрі қауіпті бағдарламасын келешектен айырды.
Жиырма бес тонналық Chrysler TV-8 танкісі ешқашан жаппай шығарылған емес. Ол штатты жүйелердің белгілі бір бөлігімен ғана жабдықталған толық көлемді макет түрінде болған. Машинаны атомдық реактор әсерінен жылумен жабдықтайтын бу қозғалтқышы іске қосуы керек болды.
Алайда, америкалық әскерилер Chrysler корпорациясының бұл инновациялық жаңашылдығын бағаламады. Танкті тым күрделі деп танып, оның жауынгерлік қабілеті мүмкіндіктері дәстүрлі түрде қолданылып келе жатқан машиналардан бас тарту үшін жеткіліксіз деп санады. 1956 жылдың 23 сәуірінде TV -8 жобасы жабылды.