Өңірлер

"42 градус аптап ыстық": алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Владислав ВодневМальчик купается в городских фонтанах
Мальчик купается в городских фонтанах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 6-8 тамыз аралығына ауа райы болжамын жасады

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" метеоқызметі алдағы үш тәулікке ауа райы болжамын ұсынды.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, 35…42°С аптап ыстық болады.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

"Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен батыс және солтүстік-батыс өңірлерден басқа жақта 6 тамызда аптап ыстық болады", - деп ескертті Қазгидромет.

Содан кейін Мурманск аймағынан салқын ауа ағыны келіп, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендейді, кей жерлерде 30 градус болуы мүмкін, деп болжайды синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

6 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы 20 градус жылы болса, күндіз 32 градус ыстық болмақ, тіпті 36 градусқа дейін жоғарылайды, деп ескертті Қазгидромет. Алматыда түнде +25 градус болса, күндіз – 36 градус аптап ыстық. Шымкентте түнде – 28 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық болады.

7 тамызда елордада ауа температурасы түнде 23 градус нөлден жоғары болса, күндіз 29 градус ыстық болмақ. Алматыда түнде +25 градус, күндіз +36 градус ыстық. Шымкентте түнде +30 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады?

8 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде 17 градус, күндіз 25 градус нөлден жоғары болады. Алматыда түнде плюс 24 градус, күндіз 36 градус аптап ыстық. Шымкентте түнде 30 градус, күндіз 40 градус аптап ыстық.

Жаңалықтар
0