Кісен, архивтегі сурет

Сириядан оралған ақтөбелік әйелдің 5 жыл бұрын жасаған қылмысы әшкере болды

2073
Әйелдің экстремистік сипаттағы аудио және видеоролик таратқаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Ақтөбе қаласында теріс діни ағымның жетегінде кетіп, діни экстремизм мен терроризмді насихаттаған әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

№2 Ақтөбе қалалық сотында ҚР қылмыстық кодексінің 233- 1-бабының 2-бөлігі мен 164-бабының 1-бөлігіне (ескі редакциядағы) сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Ақмарал Алмағамбетоваға "діни экстремизм мен терроризмді насихаттады" деген айып тағылды.

Сот отырысы 22 тамызда өтті. Сот талқылауында Ақмарал Алмағамбетова радикалды сипаттағы діни ағымды ұстанып, ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны анықталды.

"Ол 2013 жылдың 27 тамызында Қырғызстан арқылы Түркияға, кейін қыркүйек айында Сирияға барған. Бұл уақытта онда соғыс жүріп жатқан. Алмағамбетова 2014 жылдың қаңтар айында Сирияда жүріп, байланыс желілері арқылы діни экстремизм мен терроризмді насихаттаумен айналысты", - делінген Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: "19 рет тұрмысқа шықты": Сириядан оралған қазақ әйелінің әңгімесі

Сотқа дейінгі тексеру барысында Алмағамбетова өз кінәсін толығымен мойындап, келісім жасауға ниет білдірген.

"Ақтөбе облысының №2 сотының 2019 жылдың 22 тамызындағы үкімімен Ақмарал Алмағамбетова кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

2073
Кілт сөздер:
қылмыс, әйел, Ақтөбе, Сирия
Тақырып бойынша
Күйеуіне хабарлама жазып жіберген: Сириядан оралған әйелдің тағдыры не болмақ
ҰҚК: Сирия мен Ирактан елге оралған содырлардың 57-сі сотталды
Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты
Сириядан құтқарылған әйелдің арам пиғылы әшкере болды
Сот отырысы, архивтегі сурет

Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты

28
2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.

"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.

Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.

Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.

Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.

Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.

28
Кілт сөздер:
экс-әкім, сот үкімі
Тақырып бойынша
Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендер сот залынан босатылды
Баянауыл туристерді қабылдай ма – бақылау тобының қорытындысы жарияланды
3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды
Құжаттар, архивтегі сурет

Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды

49
Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында қол астындағы қызметкерін жаңа қызметке тағайындау үшін 2 миллион теңге пара алған шенеунікке қатысты іс тергелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатқан іс туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ол  алаяқтық жасап, департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдемдесу үшін қол астындағы қызметкерінен 2 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.

"Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Биғайдаров.

49
Кілт сөздер:
пара, шенеунік, Қазақстан
Тақырып бойынша
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Желіде қаскелеңдік шенеуніктің видеосы тарап кетті – әкімдік түсініктемесі
Биыл бірқатар шенеуніктің қылмысы әшкере болды – ұстау операциясының видеосы
Қытайлық шенеунік COVID пандемиясы шын мәнінде қалай басталғанын айтып берді
Шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлаған –  сот үкімі шықты
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

0
(Жаңартылды 19:31 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

 

 

 

 

0
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев