Өңірлер

"1-3 градусқа дейін суытады": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Жазылу
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 3-5 қыркүйекке болжам жасады.

"Қазақстанның солтүстік жартысында жаңбыр жауып, күннің суытуына әкеп соққан циклон алдағы үш тәулікте де республиканың батыс, солтүстік және орталық облыстарына ықпал етеді. Осы циклонмен бірге суық атмосфералық фронттар оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлер арқылы жылжиды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Сондай-ақ ауа райы болжамына сүйенсек, циклон мен фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік облыстарда ауа температурасы төмендейді, ал солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-6 градусқа төмен болады.

"Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық өңірлерінің кей аудандарында түнгі уақыттарда 1-3°С үсік болуы мүмкін", - деп ескертеді Қазгидромет.

Дабылды ескерту

3-4 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде кей жерде 1-3 градус үсік жүреді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 қыркүйекте түнде 1 градус үсік жүреді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Ірі қалалардағы ауа райы

3 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда түнде 7 градус нөлден жоғары, ал күндіз 15 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде плюс 19, күндіз плюс 25 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +14 градусты көрсетсе, күндіз 28 градусқа дейін жылынады.

Тағы оқыңыз: Қыркүйек айында ауа райы қандай болады - синоптиктер болжам жасады

4 қыркүйекте елордада түнде 9 градус жылы, күндіз +19 градус болады. Алматыда  түнде 20 градус нөлден жоғары болса, күндіз 22 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 16 градус, күндіз 26 градус жылы болады.

5 қыркүйек астанада түнде 12, күндіз 13 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +16, күндіз +26 градус болды. Шымкентте түнде 16 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +27 градусты көрсетеді.

Жаңалықтар
0