Ескі үй, архивтегі сурет

"Үйінді астында қалуы мүмкін": депутат ауыл тұрғындарының жанайқайын жеткізді

233
Оның айтуынша, ауылдағы үйлер қарапайым құрылыс талаптарына сай келмейді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов үкіметтен Ақмола облысы Красный Яр ауылындағы жағдайды шешуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен премьер-министр Асқар Маминге Красный Яр халқының жанайқайын жеткізді. Айтуынша, ауылдағы үйлер қарапайым құрылыс талаптарына сай келмейді. Көп үйдің қабырғасы жұқа, гипсокартон және басқа материалдармен жасай салған.

"Қабырғадағы жарықшақтар қыстың қақаған аязында жылу сақтамайды. Оның үстіне өмір сүруге де қауіпті. Бүтін отбасы үйінді астында қалуы мүмкін", - деп алаңдады депутат.

Айтуынша, "жайлы үйдің" коммуналдық қызметтерінің тарифтері де шарықтап тұр. Тұрғындар аренда үшін де аз ақша төлемейтін көрінеді. Мұның бәрі ауыл халқының наразылығын тудырады.

"Әлі күнге үйлерді жер учаскесімен бірге меншікке беру тетігі табылған жоқ", - деді Сыздықов.

Тағы оқыңыз: Депутат Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік тұрғын үйлердің қорқынышты екенін айтт

Мәжілісмен ауылда балабақша, мектеп те жоқ екенін алға тартты. Тіпті елді мекеннің жартысы орталықтандырылған жылу және кәріз жүйесіне қосылмаған.

"Халық арасында республикалық бюджеттен ауылды жөндеуге бөлінген ақшаны алаяқ құрылысшылар мен парақор шенеуніктер жеп қойды деген сыбыс тараған", - дейді депутат.

Осы орайда Сыздықов арнайы үкіметтік комиссия құрып, проблеманы түбегейлі шешу үшін шаралар қолға алуды ұсынды.

233
Кілт сөздер:
депутат, тұрғындар, ауыл
Тақырып бойынша
"Уақыт келді" Депутат триллиондап ақша алып жатқан министрлікті сынады
Әр балаға – 21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айтты
Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео
"Азғындықты дәріптейді" Депутат жұрттың ашуын туғызған бағдарламаларды тыюды сұрады
"Қисындылық қайда?" Депутат отандық өндірушілердің проблемасын көтерді

Түркістанда Абай мен әл-Фарабидің ескерткіші орнатылды

47
(Жаңартылды 20:36 23.10.2020)
Абай Құнанбайұлының ескерткіші қаладағы "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдына орнатылған. Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген "Облыстық драма театр" алдына қойылды

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Түркістан қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай мен ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабиге арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абай Құнанбайұлының ескерткіші қаладағы "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдына орнатылған. Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген "Облыстық драма театр" алдына қойылды. 

Абайдың ескерткіші
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Абай ескерткіші қаладағы "Оқушылар сарайы" ғимаратының алдына орнатылған

Демеушілер есебінен жасалған екі ескерткіштің де авторы – мүсінші Гүлфия Мелдеш. 

"Түркістан дербес облыс ретінде өркендеп, тарихи шаһар жасарып, жаңаруда. Түркістан бар қазақтың басын қосып, ел болып бәтуа жасаған тарихи алқап. Осы екі рухани тұлғаға арналған ескерткіштердің рухани астанамыз Түркістанда тұруы заңдылық. Өйткені бұл ескерткіштер жаңа тәуелсіздік заманында біздің рухани жаңғыруымызға қолдаушы әрі куәгер болады деген үміттен шыққан ниет", - деді мемлекеттік хатшы шара барысында.

Әл-Фараби ескерткіші
© Photo : Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің ескерткіші жаңадан бой көтерген Облыстық драма театр алдына қойылды

Ал облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өркениет көшіндегі әйгілі ойшылдардың мерейтойы қатар келген биылғы жылдың еліміз үшін елеулі жылға айналуын атап өтті.

"Біз бұл тойларды мемлекет басшысы айтқандай, ысырапшылдықпен емес, ынсап пен тәлім-тәрбиенің төңірегінде атап өтудеміз. Биылғы жылдың ауыр болғанына қарамастан біз ұлт руханиятына берері мол, рухани-мәдени бағыттағы біршама жұмыстар атқардық. Елеулі еңбектің бірі – бүгінгі тұғырға қонған бабаларымыздың бейнесі", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, қоладан құйылған қос ескерткіштің биіктігі 4 метр, салмағы 1,5 тонна. 3,5 метрлік тұғырға орнатылған.

47
Кілт сөздер:
ескерткіш, Әбу Насыр әл-Фараби, Түркістан, Абай
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарияланды
Келешекте Абай институттарын ашамыз деп ойлаймын – президент
Елбасы Әл-Фараби атындағы университетті не үшін мақтады?
Алматылықтар, архивтегі сурет

Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты

100
(Жаңартылды 16:30 23.10.2020)
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Ал қалада науқастардың көбеюіне көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы себеп, деді ол

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Алматыда эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсті және инфекция жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Бұл жайында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23  қазандағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 14 607 адамға жетті. Оның ішінде 8762 адамда ауру белгілері бар, қалған 5845 науқас симптомсыз.

"Соңғы тәулікте 44 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Сондай-ақ, бес адам пневмонияға шалдықты. Тәуліктегі ауру жұқтыру өсімі – 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 құрады. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалады", - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Бекшиннің айтуынша, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Ал қалада науқастардың көбеюіне көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы себеп болып отыр. 

"Той, ас беру шараларын өткізу аса қауіпті, өйткені ондай жиындарға көп адам жиналады. Олар желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай шараларда қонақтар ұзақ уақыт отыратыны белгілі", - деді Бекшин.

Айтуынша, қалада науқастар санының артуына тұрғындардың қоғамдық көлікте бетперде тақпауы да себеп болып отыр. 

"Сондықтан біз бетперде мен қолғап кию режимін қатаң сақтауды талап етеміз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Инфекция таралуының тағы бір себебі – көп адам жұмыс істейтін ұйымдарда қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырмау.

"Науқастар санының өсуінің тағы бір себебі – отбасында қайта жұқтыру тіркелуі. Ересектер, әсіресе, жастар түнгі клубтар мен тамақтану орындарына барғанда инфекция жұқтырады. Ал үйінде қарт кісілер мен балалар, ата-анасы бар. Ауру солай тарап жатыр". – деді Бекшин.

Айта кетейік, Алматыда 2020 жылдың 8 қазанынан бастап карантин шараларын сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.

100
Кілт сөздер:
инфекция, коронавирус, Алматы, Жандарбек Бекшин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Көп адам өлер еді: ҰҚК Алматыда жоспарланған терактіге қатысты мән-жайды айтты
Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы
ҰҚК Алматыда қылмыстық топ ұсталғанын хабарлады
Алматыда мәйітхана директорын ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Алматы блок бекетіндегі апат: прокурор экс-полицейді 10 жылға соттауды сұрады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус

ДДҰ басшысы пандемия туралы: алдағы бірнеше ай өте қиын болады

0
(Жаңартылды 09:13 24.10.2020)
Бүкіл әлем коронавирус пандемиясының өте қиын кезеңінде тұр, деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты әлемде қиын жағдай туындағанын хабарлады.  

"Әлем, әсіресе Солтүстік жарты шар бұл пандемияның қауіпті кезеңінде тұр. Алдағы бірнеше ай өте қиын болады және кейбір елдер қауіпті жолға түседі. Көптеген елде сырқаттанған адамдар саны күрт өсіп жатыр", - деп мәлімдеді ДДҰ басшысы брифинг барысында.

Ол мемлекет басшыларын өлім-жітімнің өсуін, денсаулық сақтаудың негізгі қызметіндегі дағдарысты және мектептердің қайта жабылуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.

Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан брифинг барысында қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Бұл препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беру үшін жеткілікті болады.

23 қазанда әлемде Covid-19 індетінің күн сайынғы өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді – 445 419 адам ауырған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 41 570 883 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып, оның 1 134 940-ы қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
ДДҰ, коронавирус