Әйел мен бала, архивтегі сурет

Қарағандыдағы 3 жасар баланың өлімі: күдіктінің туыстары сәбидің анасын кінәлайды

214
(Жаңартылды 08:25 11.09.2019)
Туыстарының айтуынша, үш жасар баланы өлтірді деген жігіт мейірімді, жұмсақ мінезді адам

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек — Sputnik. Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген Игентай Сопыжановтың туыстары жантүршігерлік оқиғаға сәбидің анасы кінәлі деп санайды, деп жазады КТК арнасы.

Күдіктінің туыстары оны мейірімді, жұмсақ мінезді адам деп сипаттайды. Қайғылы жайттың екеуіне де келіншектің өзін айыптап отыр.

"Оны қатты сүйетін. Бірақ әйелдің өзі кінәлі. Жұмысқа тұрып, жаз бойы еңбек етті. Ал ол болса қайта-қайта телефон соғып, маза бермеді. Ақыры соңында, міне, осындай жағдай болды. Оны да түсінуге тырысыңыздар. Жап-жас жігіт емес пе", - дейді Сопыжановтың өгей шешесі Светлана Рейхерт.

Бұған дейін белгілі болғандай, 3 жасар Максимнің анасы Ника мен Игентай мектеп кезінен бір-бірін ұнатып, қыз бен жігіт болып жүрген. Алайда екеуінің жиі ұрсысатынын байқаған қыздың туыстары оны қызғаншақ жігіттен алшақтатуға тырысыпты. Бұған қатты ашуланған 17 жастағы бозбала ғашығының үйіне балтамен келіп, тәтесін ұрып өлтіреді.

Игентай түрмеде отырғанда, Ника басқаға тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен. Төркінінен құшағындағы ұлымен оралып, оны анасы бауырына басыпты. Содан соң Ника мерзімінен бұрын босап шыққан Игентаймен қайта қосылады. Бірақ екеуі тағы жанжалдасып қалады. Сол сәтте Игентай келіншектің қолындағы баланы ала қашыпты.

Тағы оқыңыз: Өлі табылған 3 жасар баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтты

Сол кеткеннен Игентайды тірі жан көрмеген. Полиция мен еріктілерден құралған 100-ден аса адам Максимді іздеп жер-көкті шарлайды. Баланың денесі үш күннен соң ауылдың іргесінен табылды. Қаскөй мәйітті шөптің арасына көміп кеткендіктен, бірден табылмаған.

Ал Игентай ауыл маңындағы теміржолдан тауар таситын пойызға жабысып, қарасын батырғаны белгілі болды. Сол пойызбен Таразға дейін жетіп, Қарағандыға да пойызбен оралған бойда қолға түскен. Полицейлердің айтуынша, бір отбасыны екі рет қан қақсатты деген ол қылмысын толық мойындап отыр.

214
Кілт сөздер:
күдікті, бала өлімі, Қарағанды
Тақырып бойынша
Қарағандыда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды оқиға бойынша сот басталды
БҚО-да жас жігіт жұмбақ жағдайда қаза болды: ата-анасы достарын кінәлайды
Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы
Оралда қарт анасы мен ұлы өлі табылды: мән-жайды көршілері айтып берді
дала

Мәйітті далада өртеп жіберген - Түркістан облысында болған қылмыстың мән-жайы

0
Ұсталған төрт жас жігіт – бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Түркістан облысында көлік жүргізушісін тұншықтырып өлтіріп, денесін өртеп жіберген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын ағасының "Мазда-626" автокөлігімен жұмыстан шығып, әлі күнге дейін үйге қайтып келмегенін айтып арызданған. Із-түзсіз жоғалған адамды іздеу барысында оның автокөлігі Шымкент қаласының шетінен табылды.

Кейіннен полицейлер жүргізушінің өртенген мәйітін Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының маңынан тапты. Содан кейін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылып, бір аптадан кейін осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысынан келе жатқан "ВАЗ" автокөлігін ұстады.

Ұсталған төрт жас жігіт – бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

"Тергеу барысында күдіктілердің екеуі Шымкент көшелерінің бірінде жәбірленушінің көлігін тоқтатып, белгілі бір мекенжайға апарып тастауды сұрағаны анықталды. Діттеген мекенжайға келгеннен кейін қаскүнемдер жүргізушіге пайдакүнемдік мақсатта шабуыл жасап, тұншықтырып өлтіріп, оның ұялы телефонын алған. Ал мәйітті далаға шығарып өртеген", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Олар бұл қылмыспен тоқтамай, тағы екі серіктесімен бірге Ордабасы ауданындағы тас жолда "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, 45 мың теңгелік барсетканы күшпен тартып алған.

Қазір аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 191-бабы ("тонау")  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

0
Кілт сөздер:
қылмыс, Түркістан облысы, мәйіт
Түркістан облысындағы қоршалған жер

Түркістан облысында сотты болған экс-әкімнің тағы бір заңсыз әрекеті әшкере болды

27
(Жаңартылды 10:43 20.10.2020)
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған бұрынғы әкім мен оның туыстары мемлекеттік табиғи саябаққа тиесілі жерді заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық үшін сотталған экс-шенеуніктің 150 гектар жерді қалай жеке меншігіне айналдырып алғаны анықталып жатыр, деп хабарлады "Еуразия бірінші арнасы".

760 гектар жерді күзететін Мырзахан Атаханов – "Сырдария-Түркістан" мемлекеттік табиғи паркінің инспекторы. Ол бұл аймақта жеке меншік жердің де бар екенін айтты. Сонымен қатар оларды жақында қоршап та алған.

"Жақында жердің саябаққа кіретіні, ерекше қорғалатын аймаққа жататыны белгілі болды. Мұны тек екі апта бұрын білдік. Алайда бізді ол жаққа кіргізбей отыр, жеке аймақ, бәрі жабық. Ал біз мұнараға көтеріліп, бәрін бақылап отыруымыз керек", – дейді ол.

Мемлекеттік инспектордың айтуынша, бұл жерде өсімдіктің мың түрі өседі, оның ішінде 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Сол себепті бұл жерде ешкім өз еркімен ештеңе тұрғыза алмайды.

Инспекторларға арналған кордон мен өрт мұнарасы 10 жыл бұрын аудан әкімі Бейбіт Сыздықов болып тұрған кезде салынған. Бірақ кейінірек бұл аймақ әкім туыстарының меншігіне айналды.

Осыған байланысты құқық қорғаушы Еркін Қахаров наразылық танытып, полицияға жүгінді. Нәтижесінде паркке тиесілі 150 гектар жер жеке меншікке айналып кеткені анықталды. Оның ішінде кордон мен өрт мұнарасы да бар. Ол тергеу нәтижесі жайлы кейінірек айтып беретінін мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Отырар ауданының бұрынғы әкімі жерді мемлекетке қайтаруға дайын екенін білдірді.

"2009-2013 жылдары су тасқыны болды. Содан кейін олар кордон салғысы келді. Маған Асқаров келді. Ол сол кезде орман шаруашылығы комитетінде жұмыс істеген болатын. Менің жерімнің биікте екенін айтып, мұнара салуға рұқсат сұрады. Содан кейін жер бөлдім. Енді 10 жыл өткен соң осы мәселені көтеріп жатыр. Неге бұл инспекторлар осы уақытқа дейін үнсіз жүрген?", – деп мәлімдеді Сыздықов.

Оқи отырыңыз: "Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ": Ордабасы мақташылары жанайқайын жеткізді

Ең қызығы, ол аудан әкімі бола тұра бұл аймақтан жер сатып алуға болмайтынын білмеген. Ал табиғи саябақтың заңды өкілдері жерді қайтаруын талап етіп, сотқа жүгінгелі жатыр.

27
Кілт сөздер:
жер, жер дауы, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
Ұлттық парк аумағынан небәрі 35 гектар жер жалға берілді – экология вице-министрі
12 миллион жылдық жартастар: Шарын шатқалының ғажайып көріністері – фото
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Алтынемел ұлттық саябағы аумағында жер сілкінді
Қазақстандық диқандар астық алқабының 93 процентін орып үлгерді