Өңірлер

Оралда сәбиін зиратқа тастаған әйел иттердің "арқасында" жазадан құтылып кетті

Жазылу
Сараптама нәтижесі әйелдің зираттан табылған нәрестенің анасы екенін көрсетті, дегенмен ол жазадан құтылып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Сәбиін аман-есен дүниеге әкеліп, артынан оны зиратқа тастап кеткен әйел жазаланбайтын болды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Жаңа туған нәрестенің денесін биыл 5 наурызда зират аумағынан балалар тауып алады. Басылымның мәліметінше, сәбиді бұралқы иттер мүжіп тастаған.

Полиция нәрестені жүктіліктің 36-шы аптасында босанып, оны зират аумағында қалдырып кеткен қала тұрғынын тез арада анықтады. Әйел табылған сәбиге қатысы жоқ екенін айтқанымен, ДНҚ сараптамасы оның анасы екенін көрсетті.

Тағы оқыңыз: Әкесі өлі туған сәбиін ескі зиратқа жасырын жерлеген

Дегенмен, полицияның хабарлауынша, баланың ішкі мүшелерін иттер жеп қойғандықтан, оның өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады.

Осыған байланысты бұл іс қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы "Іс бойынша өндіріс қозғалмайтын жағдайлар" негізінде тоқтатылды.

Жаңалықтар
0