кісен, архивтегі фото

Ақтөбе облысында полиция полковнигі ұсталған сәттің видеосы жарияланды

1684
(Жаңартылды 11:34 27.09.2019)
Полиция полковнигі жұмысқа орналасуға көмектескені үшін Ақтөбе тұрғынынан 400 мың теңге сомасында пара алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді.

Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істі тергеп жатыр. Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі пара алды деп айыпталып отыр.

Лауазымды тұлға жұмысқа орналасуға көмектескені үшін облыс тұрғынынан 400 000 теңге сомасында пара алған. Осы ақшаны әйелге қайтарып жатқан кезде полковник ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің кінәсінің деңгейін сот анықтап, тиісті шешім қабылдайтын болады.

1684
Кілт сөздер:
видео, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Алматы облысында полковник ажал құшты: қылмыстық іс қозғалды
20-дан астам кеден қызметкеріне пара алды деген айып тағылды - ҰҚК
Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  
қыз, архив

Қостанай облысында анасымен ұрсып қалған қыз өзіне қол салмақ болды

2875
(Жаңартылды 21:20 28.11.2020)
Оқиға Қостанай облысында болды. Қызды құтқару үшін полицейлер гараждың терезесін бұзып кірді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.

Қостанай тұрғыны тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Ол қалаға жақын маңдағы Тобыл ауылында қызы гаражды ішінен жауып алып, өзіне қол жұмсамақ ниетте екенін хабарлайды.

Бірнеше минуттан кейін әйел айтқан мекенжайға полиция лейтенанты Амангелді Сыздықов пен Мүслім Исабаев келеді.

Олар гараж ішінен көлік қозғалтқышының дыбысын естиді, ал терезеден көлік ішінде отырған қызды көреді.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда 15 жасар қыз неге күйеуге шыққаны белгілі болды

Полицейлер гараж ішіне кірудің басқа жолы болмағандықтан терезені бұзып кіреді. Олар қызды таза ауаға алып шығады. Осы уақытта анасы да келіп жетеді.

Кейін белгілі болғандай, әйел қызымен ұрсып қалған, сондықтан бойжеткен өзіне қол салмақшы болады. Полицейлер олармен профилактикалық әңгіме өткізіп, екеуін үйге жеткізіп тастайды.

2875
Жүргізуші куәлігі, архивтегі фото

"Кім екенімді білесің бе?": экс-депутаттың ерсі қылығы видеоға түсіп қалды

4348
Полицияның "қауіпсіздік белдігін тағыңыз" деген ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған көрінеді. Ол дөрекілік танытып, блок бекеттен өтіп кетпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. "Братишка, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?". Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты тәртіп сақшыларына осылай сес көрсетті. Видеоны облыстық полиция департаменті таратты.

Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ "тергеу құпиялығына байланысты" деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтпады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды 

Келтірілген деректерге қарағанда, көлік блок-бекетте тоқтатылған. Жүргізушінің қалаға кіріп-шығатын құжаттары түгел көрінеді. "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз" деген полиция ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған екен. Ол дөрекілік танытып, блок бекеттен өтіп кетпек болған.

"Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша уақытша ұстау абақтысында қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.  

4348
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, видео, депутат
Тақырып бойынша
Қазақстанда сотталған қырғыздың экс-депутаты бостандыққа шықты
"Кімге керек?": Мәжілісмен бір топ депутаттың қандай проблемаға тап болғанын айтты
Оралда адам өліміне байланысты депутаттың ұлы ұсталды
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

815
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

815
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек