бетін қолымен жапқан қыз бала

Өзінің 2 баласы бар: Таразда 24 жастағы еркек кішкентай қызға азғындық жасады

1695
(Жаңартылды 20:37 28.09.2019)
Полицейлер 24 жастағы Тараз тұрғынын ұстады, ол өз кінәсін толығымен мойындаған. Күдікті 5-тен 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек — Sputnik. Тараздағы үйлердің бірінің подъезінде мас күйінде 9 жасар қызға азғындық жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды.

Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев хабарлады.

"24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының біріндегі көпқабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Бұл дерек бойынша Тараз қаласының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі (жас балаға азғындық әрекет жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады", - деді Оразалиев.

Оның айтуынша, қылмысты ашуға полицияның барлық күші жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Кешенді іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, 24 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Айыпталушы үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ  "педофил" санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді", - деп жазды полиция департаментінің басшысы.

Тағы оқыңыз: Батыс Қазақстанда әскерден оралған жігіт қаршадай екі қызды зорлап тастады

1695
Кілт сөздер:
Тараз, азғын
Тақырып бойынша
"Қызымды қалай өртеді, солай өртесін" Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды
Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті
Шығыс Қазақстанда азғын немере қарындасын зорлап, жүкті қылған
Алматы тауларында қыз-келіншектерге қырғидай тиетін азғын пайда болды
Әйел адамға білдірмей арам ойын іске асырған азғын видеоға түсіп қалды
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Архивтегі сурет

Екібастұзда саябаққа "бомба қойылды"

111
Белгісіз біреу полицияға телефон соғып, қалалық саябақтардың біріне бомба қойылғанын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Бомба туралы жалған хабар таратқан Екібастұз тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылады, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өткен сейсенбі, 19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз біреу телефон соғып, саябақтардың біріне бомба қойылғанын айтты.

Оқиға орнына дереу шұғыл күштер аттанды. Саперлер мен кинолог қызметтік итпен бірге бүкіл аумақты мұқият қарап шықты, алайда жарылғыш зат табылмады.

Осыдан кейін жедел уәкілдер бомба жайлы хабарлаған адамды іздеуге кірісті. Ол 66 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам полицияға қоңырау шалғанда мас болған.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроррлық акті туралы көрінеу жалған ақпарат" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұл бап бойынша кінәлі адамға 5000 АЕК-ке дейін (14 585 000 теңге) айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартылады, не бес жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Полиция құқық қорғау органдарында мұндай әзілқойларды табу үшін қажетті техникалық мүмкіндіктер бар екенін еске салды.

Оқи отырыңыз: 

111
Кілт сөздер:
Екібастұз, бомба, саябақ
су қоймасы

Жайық пен Каспийдің тартылуынан балықшылар кәсіпсіз қалуы мүмкін - видео

36
Мемлекеттік квотамен 30 мың тонна балық аулауға тиіс балықшылар жоспардың жартысын да орындай алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Жайық өзенінің тартылып, Каспий теңізінің таязданып кетуі Атыраудағы балық шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп отыр.

Өңірдегі мыңдаған балықшы Жайық-Қиғаш өзені мен Каспий теңізінен мемлекеттік квотамен 30 мың тонна балық аулауы керек болатын. Бірақ өзен суының тартылып, теңіз жағасының 20 шақырымға алыстап кетуінен бұл жоспардың жартысы да орындалмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жайықтың деңгейі 2019 жылы тарихи минимумға түскен. Ал Каспийдің жағасы жылдан жылға алыстап, биыл 20 шақырымға құрғаған.

Бұған дейін күз келе салысымен, квота алған балықшылар жылдық қорын жинап алатын. Алайда биыл балықтан нәпақа көретіндер одан қағылайын деп отыр.

"Жайық құрып бара жатыр. 250 метр ауға 30 келі ғана балық шығып тұр. Бұрын 4-5 тонна шығатын. Былтырлары жақсы еді, биыл жағдай қиын. Енді су толмаса, кәсіпсіз қалатын түріміз бар", – дейді балықшы Ғаббас Мұратов.

Өзендегі судың таяздығынан балықтың шығуы қиын. Жайық бойын жағалай 15 тартым аумақта 11 кооператив орналасқан. Бірақ түсім нашар.

Балық ауланатын кейбір тартым жабылып та үлгерген. Ал Каспий теңізіне қарай бағыт алғандар жарты метрге дейінгі таяздан өте алмайды.

"Биыл Жайықтың деңгейі 2 метрдей түсіп кетті. Он күн бұрын солтүстіктен соққан желдің бағытынан Жайықта да, теңізде де су деңгейі қатты төмендеді. Осы жерден теңізге қарай қайықтардың шығуына мүмкіндік жоқ, үлкен кемелер де, шағын қайықтар да шыға алмай тұр", – деді балық қорғау инспекциясының бас маманы Амангелді Ахтанов.

Квота негізінде Атырау балықшылары Жайық, Қиғаш өзендерінен 30 мың тонна балық аулауы керек болатын.

Дегенмен қорда әзірге 8 мың тонна бар. Ал су деңгейі көтерілмесе 2022 жылдың көктемінен де үміт жоқ деген сөз.

Табиғи апат жалғаса берсе, Жайық-Қиғаш бойын мекендеген 17 балықшы кооперативінде мыңдаған адам жұмыссыз қалуы да мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

36
Кілт сөздер:
балықшылар, Каспий, видео
Тақырып бойынша
Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды
Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін құтқарады – негізгі 5 проблема аталды
Жайық өзенін бірге құтқару: министр Мырзағалиев ресейлік әріптесімен кездесті
Жайық өзеніндегі өлі балықтар: министр түсініктеме берді
Архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда сүйіктісімен сауда үйіне барған жігіттің қылмысы видеоға түсіп қалды

0
Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, қазір оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Елорда тұрғыны сүйіктісімен сауда үйіне барып, манекендегі жаңа күрткені ұрлап кетті. Полиция 26 жастағы жігітті ұстады.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, жас жігіт сүйіктісімен "Әсем" сауда үйіне барған. Бір кезде оның көзі бутик сыртында тұрған манекенге киілген жаңа күрткеге түседі. Қасындағы серігін акссесуар қарауға жіберіп, өзі манекендегі "Найк" маркалы сырт киімді шешіп, киіп алады. Осыдан кейін жастар оқиға орнынан ізін жасырады. Ал сатушы бұл уақытта бутик ішінде отырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, бір жыл бұрын күдікті ұрлық үшін істі болған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қала полициясы шағын және орта бизнес нысандарына күзет сигнализациясын орнатуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, сауда орталығы, жігіт, видео, қылмыс, ұрлық