Оқушылар, архивтегі сурет

"Алматыда балаларды жаппай ұрлап жатыр": полиция түсініктеме берді

11879
(Жаңартылды 17:27 03.10.2019)
Полиция белгісіз әйелдің әлеуметтік желілерде таратқан ақпараты шындыққа жанаспайтынын хабарлап отыр

АЛМАТЫ, 3 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желілерде Алматы мен Алматы облысында балаларды ұрлап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Полиция мұны жоққа шығарды. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқандарды іздеп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дыбыстық хабарламада әйел Алматы облысы мен мегаполистің кейбір аудандарында 2-16 жас аралығындағы балаларды ұрлау фактісі жиілеп кеткенін хабарлаған.

Кейін ол Алматыдағы полиция департаментіне видео келіп түскенін айтады. Оның айтуынша, Қытайда жүк көліктерінен мұзға "қатырылған" қазақстандық балаларды түсіріп жатқан сәт видеоға түсіп қалған.

Алматының полиция департаменті бұл ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды деп отыр.

"Хабарламада айтылған ақпарат жалған. Бірде-бір факт дәлелденген жоқ", - деді Алматылық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Полициядағылар бұл ақпаратты таратушылардың мақсаты халық арасында дүрбелең туғызу екенін айтады.

Тағы оқыңыз: Полиция тоқтатқан: Қызылорда тұрғыны жұмбақ жағдайда көз жұмды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Жалған ақпарат таратқан адам

қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

11879
Кілт сөздер:
полиция, балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Ұлды болуды армандаған ер адам жаңа туған қызын сатып жіберді
Мектепке бара жатқан: Қаскүнемдер баланы таксимен алып кетті – видео    
Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды – фото
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды – фото
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

53
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

53
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы
Қалыңдық, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда полиция қалыңдықты "күйеуінің" үйінен әрең шығарды видео

2475
(Жаңартылды 12:30 31.10.2020)
Әйел қызы кешкі алты кезінде үйден шығып, оралмағанын айтқан. Отбасының жағдайы жақсы, бұған дейін мұндай оқиға болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен 16 жастағы оқушы қыз  "күйеужігіттің" үйінен табылды. Ол үйіне оралғысы келмеген. 

Облыстың полиция департаментінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 21:00-де Бәйтерек ауданы полиция бөліміне хабар түскен. Кәмелетке толмаған қыздың анасы хабарласты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел қызы кешкі алты кезінде үйден шығып, оралмағанын айтқан. Отбасының жағдайы жақсы, бұған дейін мұндай оқиға болмаған. Полиция бөлімінің барлық қызметкері оқушыны іздеуге жұмылдырылды. Мектеп ұжымы мен тұрғындар да атсалысты", - деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде жоғалған қыздың орамалмен түскен суреті анықталды. Ол "күйеуге шыққан". Полицейлер оқушыны ата-анасының үйіне жеткізді.

Ол өз еркімен қалыңдық болғанын айтып, үйіне оралғысы келмек, қарсылық білдірген.

2475
Кілт сөздер:
видео, қалыңдық, полиция, Батыс Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Той үстінде күйеу жігіт қалыңдықтың бетінен салып жіберді – видео
Атырау облысында бір апта "тұрмыста" болған 13 жасар қалыңдық үйіне қайтарылды
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдық Оралда, күйеу жігіт Кореяда: Қазақстанда ерекше той өтті