НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Оралда қоқыстардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары оқыс оқиға 6 қазан күні таңертең Құрманғазы көшесінің бойындағы үйлердің ауласында болғанын айтады.
"Ауладағы қоқыс жәшігінің жанынан пакетке оралып, қара түсті спорттық сөмкеге салынған жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қалалық полиция басқармасының Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында 1988 дүниеге келген Орал қаласының тұрғыны ұсталды", - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төрт баланың анасы күдікке ілінгенін айтты. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, екі пакет, екі кілт, домофон кілті, бір аяқкиім ізі алынды.
"Әйел "баласын тұншықтырып өлтірді ме, әлде сәби өлі туды ма?" әлі белгісіз. Бұл тергеу барысында анықталады. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: "Туғым келмеген еді": Павлодарда анасы екі айлық сәбиін аяусыз ұрып өлтірді
Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 100-бабы ("жаңа туған баланы анасының өлтiруi") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның жеті облысында 20 қаңтар дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Көкшетау қаласында таңертең және күндіз бұрқасын соғады, тұман басады, желдің екпіні 15 м/с болады.
Қостанай облысында кей жерлерде – тұман және бұрқасын. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасындатады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды қаласында күндіз жел күшейеді, екпіні – 18 м/с.
Тағы оқыңыз: Қазгидромет: желтоқсан айында соңғы 8 жылдағы ең қаһарлы қыс болды
Солтүстік Қазақстан облысының басым аумағында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады. Желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп болжануда. Петропавл қаласында да бұрқасын соғады, желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысында кей жерлерде – тұман және жел (15-20 м/с).
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында – көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерді тұман басады, бұрқасындатады. Орал қаласында да тұман және бұрқасын болжанып отыр.
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысындағы базарлар демалыс және мереке күндері жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түркістан облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл болу мақсатында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 15 қаңтардан бастап жабық базарлар демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, үй жанындағы дүкендер сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі ашық болады.
Демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі тоқтатылады. Олар дүйсенбі-жұма 09.00-ден 23.00-ге дейін ашық. Нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режим, 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек.
Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылды.
Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Міндетті түрде алдын ала жазылу арқылы қабылдайды.
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарында 15 баладан аспайды.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының аумағында 21 қаңтардан карантиндік шаралар қатаңдатылады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында да шектеу шаралары күшейтілді.
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.
Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.
Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді.