Өңірлер

Маңғыстау облысында шетелдіктерді заңсыз кіргізген шенеунік ұсталды

© SputnikДеньги, взятка, коррупция
Деньги, взятка, коррупция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бөлім басшысы шетелдік жұмысшылардан 195 000-390 000 теңге көлемінде пара алып келгені белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған мемлекеттің мекеменің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда ірі шенеунік 1,9 миллион теңге парамен ұсталды – видео

Ол облыс аумағында жұмыс істейтін шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет шетелдік компаниялардың өкілдерінен 500-ден 1000 долларға (195 000-390 000 теңге, 1 доллар – 390 теңге) дейінгі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарына жемқорлық жасады деген айып тағылды.

"Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы бола отырып, аталған мемлекеттік мекеменің бөлім басшысынан жұмыс бойынша жалпы көрсеткен көмегі үшін кондиционер түрінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу процесі жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Жаңалықтар
0