Өңірлер

Сарыағашта сотталған журналистің ісі облыстық сотта қайта қаралады

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті газеттің редакторы қылмыстық кодекстің "жала жабу" және "қорлау" баптары бойынша айыпты деп танылып, 2 жыл 3 айға сотталған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Журналсит, "Сарыағаш инфо" газетінің редакторы Амангелді Батырбековтың ісі облыстық сотта қаралады. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

2019 жылдың күзінде өткен сот процесі барысында Батырбековтың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялаған 5 жазбасына сараптама жасалған. Оның қорытындысына сәйкес, күдіктінің жазбасында "жәбірленуші - Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевтің ар-намысына тиетін, қадір-қасиетін қорлайтын сөздер бар".

23 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты жергілікті белсенді, "Сарыағаш инфо" газетінің редакторы, журналист Амангелді Батырбековты 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Журналист қылмыстық кодекстің 130-бабы "Жала жабу" және 131-бабы "Қорлау" бабы бойынша кінәлі деп танылған.

Батырбеков аудандық соттың бұл шешімімен келіспей, облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсірді.

"Аппеляциялық шағым осы жылдың 18 қазанында Түркістан облыстық сотына түсті. Бұл іске қатысты сот отырысы қашан өтетінін, істі қандай судья қарайтынын әзірше нақты айта алмаймыз", - деді Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетейік, журналиске шығарылған сот үкімі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Түркістан облысының 500-ге жуық тұрғыны қол қойған ашық хатта олар қазақстандық билікті Батырбековтың аппеляциялық шағымын әділ қарастыруға шақырып отыр. 

Жаңалықтар
0