Алматы күзі

Ауа райы күрт өзгереді - синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

5075
(Жаңартылды 18:57 04.11.2019)
Қазгидромет алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады деп хабарлайды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазгидромет 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Суық атмосфералық фронттар мен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына ықпал етті.

"Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр мен жабысқақ қар жауа бастайды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жаңбыр, қар жауып, екпінді жел соғады", - делінген ақпаратта.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болады. Еліміздің солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С қалыптасады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен.

Ірі қалалардағы ауа райы

5 қараша астанада күн алабұлтты, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы минус 2, күндіз 0 градус. Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Түнде +1, күндіз +4 градус. Шымкентте күн бұлтты, түнде +2 болса, күндіз температура +5 градусқа жетеді.

6 қараша елордада күн құбылмалы, ауа температурасы түнде минус 1, күндіз +1 градусты құрайды. Алматыда күн алабұлтты, аздап қар жауады. Түнде ауа температурасы +1, күндіз де +1 градусқа жетеді. Шымкентте күн ашық, түнде +2, күндіз +6 градус.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

7 қараша Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0 градус, күндіз +3 градус. Алматыда да күн бұлтты, температура түнде +2, күндіз +4 градус. Шымкентте күн ашық, түнде +5, күндіз +11 градус нөлден жоғары.

Қараша айына болжам

Синоптиктер қараша айында күн суытады деп отыр. Бірінші онкүндікте еліміздің батысында, айдың ортасында солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы мен шығысында температура түнде минус 5-10, кей жерлерде минус 13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 0-5 суық, кей аумақтарда плюс 5 градус температура орнайды. Оңтүстікте түнде 0-5, кей жерлерде 10 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы болады.

5075
Кілт сөздер:
жаңбыр, қар, ауа райы
Тақырып бойынша
"Екі есе қымбаттайды": көлікті қысқа дайындау бағасы қандай?
Қазақстандықтар желіде алғашқы қарға қуанып жатыр - видео
Нұр-Сұлтанға алғашқы қар түсті
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Қарашаға ауа райы болжамы: аязды күндер қашан келеді
Архивтегі фото

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін үш жылға сотталды

1206
(Жаңартылды 16:00 24.11.2020)
Сот жас жігіттің бұрын сотталмағанын, жәбірленуші мен оның заңды өкілі оған ешқандай талап қоймағанын және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрағанын ескерді

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 15 жастағы сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскен 17 жастағы бозбалаға қатысты сот үкімі шықты. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады "Мой город" басылымы.

Қыздың анасы олардың бірге жүруіне қарсы болған, соған қарамастан екеуі бірнеше рет үйден қашып кетеді. Соған ашуланған әйел полицияға жігіттің үстінен арыз жазған. Олардың интимдік қарым-қатынаста болғаны анықталған. Қыз келісім жасына жетпегендіктен (Қазақстанда ол 16 жастан басталады), жігіт қыркүйекте қамауға алынды.

Мән-жайды білген қыздың анасы ісіне өкініп, кінәрат-талабы жоқ екенін айтқан. Алайда полиция қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты: бұл бап бойынша тараптардың татуласуына заңмен тыйым салынған.

24 қарашада Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Қылмыстық кодексінің 122-бабы "он алты жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасау" бойынша айыпталушыға қатысты іс қаралды.

Оқи отырыңыз: Жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу бабын қатаңдату керек пе – заңгер пікірі 

Сот колледж студентінің 2005 жылы туған жәбірленушімен, яғни 16 жасқа толмаған адаммен бірнеше рет жыныстық қатынас жасағанын анықтады. Сотталушының кінәсі сотталушы мен жәбірленушінің берген түсінігімен, сондай-ақ жәбірленушінің заңды өкілінің, куәлардың, сарапшылардың және сот сараптамаларының қорытындыларымен толық дәлелденді.

Прокурор сотталушыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Алайда сот жас жігіттің бұрын сотталмағанын, тұрғылықты жері мен оқу орны тарапынан жақсы сипаттама берілгенін, жәбірленушімен татуласқанын, жәбірленуші мен оның заңды өкілі оған ешқандай талап қоймағанын және соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрағанын ескерді.

Нәтижесінде жас жігіт үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласының 20 жастағы тұрғыны 12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін бас бостандығынан айырылмады. Бұл іс бойынша алқабилер шешім қабылдады, оның ішінде жеті әйел, үш ер адам бар. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды. Алқабилер жыныстық қатынасқа қыз өз келісімін берген деген тұжырым жасады. Сондай-ақ, қыздың психикалық және физиологиялық дамуына байланысты жыныстық қатынастың мәнін түсінетіні айтылды.

Алқабилер ер адамның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, сондай-ақ бұрын-соңды сотты болмауын жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға еш негіз жоқ деп есептеді, сол себепті алқабилер дауыс беріп, ер адамды 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

1206
Кілт сөздер:
жыныстық қатынас, бозбала
Тақырып бойынша
Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталуы мүмкін
Дана Нұржігіт балаларға жасалатын азғындықты тоқтатудың жолын айтты
Маңғыстау облысында ер адам жасөспірім қызды алып қашты
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Орал тұрғыны неліктен қатаң жазаланбады?
Қоқыс, зауыт

Қазақстанның бірнеше қаласында қоқыстан энергия өндіретін зауыт салынады 

31
(Жаңартылды 10:41 24.11.2020)
2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке, яғни орта еуропалық деңгейге жеткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның алты қаласында пилоттық режимде тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу арқылы энергия өндіретін зауыт салынады. Жоба сәтті жүзеге асса, зауыт құрылысы басқа қалаларда да басталады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр қалдықтарды өңдеу деңгейін арттыру үшін заңнамалық деңгейде Waste to energy технологиясы енгізілетінін еске салды. Бұл дегеніміз, қоқысты жағу арқылы электр энергиясы өндіріледі, сосын ол жалпы электр желісіне сатылады. Жуырда президент тиісті заңға қол қойған.

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған пилоттық жобалар бірінші кезенде алты қалада жүзеге асады. Бұл Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент. Бүгінгі күні әкімдіктермен бірлесіп, жер учаскелері, инфрақұрылым және зауыттардың қалдықтармен кепілді жүктелуі мәселелерін пысықтап жатырмыз", - деді Мырзағалиев үкімет отырысында. 

Пилоттық жобалар сәтті жүзеге асса, зауыттар басқа қалаларда да салынады. 

Осы технологияның арқасында біз 2025 жылға қарай қоқысты қайта өңдеу деңгейін 30%-ке,  яғни орта еуропалық деңгейге жеткіземіз, деп толықтырды ведомство басшысы.

31
Тақырып бойынша
Жас отбасы 6 миллион теңге ақша салынған пакетті байқаусызда қоқысқа тастаған
Кассалық чекті дереу қоқысқа тастау керек
Министр Тоқаевтың қоқысқа қатысты тапсырмасы қалай орындалатынын айтты
Астаналық кәсіпкер қоқыстан ақша жасаудың жолын айтты
Қазақстанда қоқыстан энергия өндіріледі - парламентте заң жобасы қаралып жатыр
Швейный цех

Қазақстанда әскери киім киюге неліктен тыйым салынды?

9
(Жаңартылды 21:55 24.11.2020)
Sputnik Қазақстан тілшісі азаматтық тұлғаларға аяқ астынан әскери киім киюге тыйым салынуына не себеп болғанын анықтауға тырысып көрді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Өткен демалыста қазақстандық аңшылар, балықшылар, туристер мен шаруа басында жүрген азаматтар тосын жаңалыққа таң-тамаша болды. Атырау облысының әскери полицейлері оларға бұдан былай әскери киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді. Полицейлердің айтуынша, әскери форманы масқаралауға енді жол берілмейді.  

Ал бұл ескертуді елемегендерге жақын уақытта айыппұл салынады. Бұл талап қазақстандықтарды таңғалдырғаны рас. Себебі, олардың арасында ыңғайлы бұл киімді талай жылдан бері тастамай киіп жүргендер бар. Аң мен балық аулау, туристік саяхат, тіпті, бақшадағы жұмыстар үшін де әскери киімнен артық қолайлы киім жоқ. Алайда атыраулық гарнизонның әскери полицейлері қатаң түрде талап қойды: "Әзірге ескертіп жатырмыз. Бірақ алдағы уақытта аяусыз айыппұл саламыз!".

Мұндай шешімге не ықпал еткенін әскерилер түсіндіріп жатпады.

"Әскери киім қарапайым халық арасында үлкен сұранысқа ие. Олар бұл киімді көбіне жұмысқа, үй шаруасын атқарғанда киеді. Ал әскери киім киген азамат қылмыс жасаса, қоғам оны әскери қызметшінің қылмысы ретінде қабылдайды. Бұл қарулы күштер мен әскери қызметшілердің беделіне нұқсан келтіріп жатыр", - деді Атырау әскери полициясының қызметкері Бақтияр Дәуренқұлов "Хабар 24" телеарнасының тілшілеріне.

Әскери киімді құрметтеп, әскери қызметшілердің беделін көтеру дұрыс іс. Бұған ешкім дау келтірмейді. Әскери адам төзімділіктің, батылдықтың және патриотизмнің үлгісі болуы керек. Бірақ Атырау облысының әскери полициясы еш шені жоқ, әскери салаға қатысы жоқ қарапайым азаматтың әскери киіммен жүруіне қандай заңдар мен ережелер негізінде тыйым салынатынын түсіндірмеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға әскери киім кигені үшін айыппұл салынады 

Бұл мәселе өте маңызды. Өйткені, біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Сондықтан, кез келген рұқсат немесе тыйымдар заң саласында нақты реттеліп, түсіндірілуі керек. Әйтпесе, ертең спортшылар трико мен олимпийка киюге тыйым салуды талап етсе ше? Спорт киімін киген адамның қылмыс жасамауына кепіл жоқ. Спортшылар бұл беделімізге кері ықпал етеді деп қабылдайды. Сол сияқты саусағынан бал тамған аспаздар үй шаруасындағы қыз-келіншектерге алжапқыш киюге тыйым салуы да ғажап емес.

Атырау облысы әскери полициясының бұл бастамасына қазақстандық танымал заңгер Жангелді Сүлейменов те таңғалды. Оның айтуынша, Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, арнайы киімде азаматтың қандай да бір әскер түріне қатысты екенін анықтайтын погондар мен шеврондар болса ғана ол әскери киім болып есептеледі.

"Погоны жоқ камуфляжды киім – бұл әскери киім емес. Оны киюге рұқсат, ешқандай айыппұл салынбайды", - деді Жангелді Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында.

Заңгердің пікірінше, әскери полицейлердің қағидасына сүйенсек, мұндай тыйым салынатын киімдер қарасы көбейіп кетеді. Себебі, олардың қатарында қара және ақ түсті қолғаптар, қара бәтіңкелер, шәркей мен белдіктер бар.

Қарапайым халықтың әскери киім киюге құқығы бар ма, жоқ па, анықтау үшін интернеттен "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №144 жарлығын тауып алып, екінші азат жолдағы мәтінге назар аударса жеткілікті. Мұнда "әскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погондары бар нысанды киім (киім-кешек)" деп жазылған.

Сондықтан, атыраулық әскери полицейлердің жоғарыда көрсетілген талабы қаншалықты заңды деген сұрақ туындайды. Оған заң тұрғысында былай жауап беруге болады: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 675-бабында айырым белгілері және (немесе) әскери форманың нышаны бар киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) жеке тұлғалар үшін бес АЕК – 13 890 теңге (шамамен 32 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға, айырым белгілері және (немесе) әскери форманың нышаны бар әскери киімді тәркілеуге әкеп соқтыратыны айтылған.

Sputnik Қазақстан редакциясы Қазақстан қорғаныс министрлігінен Атырау облысы әскери полицейлерінің әрекетіне қатысты және олардың бұл талабы қаншалықты заңды екені жөнінде пікір білдіруді сұрады. Ресми жауап алған бойда оны жариялаймыз.   

9
Кілт сөздер:
Атырау облысы, әскерилер
Тақырып бойынша
Тоқаев қорғаныс министрлігінің әскери алқасын жинауды тапсырды
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео
"Тарихта болмаған": министрлік әскери қызметке шақыру тәртібін түсіндірді 
Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео