Адамдар

Алматы облысында 14 бала мас күйінде ұсталды

253
(Жаңартылды 13:06 05.11.2019)
Түнде сыртта қараусыз жүрген 300-ден астам жасөспірім арасында үшінші сынып оқушысы да бар болып шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН, 5 қараша — Sputnik. Алматы облысының тәртіп сақшылары түнде ойын-сауық орындары мен көшелерге рейд жүргізді. Нәтижесінде кәмелетке толмаған 332 бала ұсталды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жасөспірімдерді кафеге, түнгі және ойын клубтарына келушілер арасынан жиі кездестіруге болады. Ал Қазақстан заңына сәйкес балалар мен жасөспірімдер бұндай қоғамдық орындарға сағат 22.00-нан кейін ересектермен бірге ғана келе алады.

Тағы оқыңыз: Біртанов 16 жастағы жасөспірімдер үшін қандай жаңашылдық енгізілгенін айтты

Полиция "Түнгі қаладағы балалар" шарасы барысында өңірдің барлық ірі елді мекендеріндегі 500-ден астам ойын-сауық орнын тексеріп шықты. Құқық қорғаушылар әсіресе Талдықорған мен Талғар ауданында түнде жасөспірімдердің көп жүргенін анықтап, оларды полиция бөлімшелеріне апарды.

"Екі тәуліктің өзінде 51 кәмелетке толмаған бала Талдықорған полициясына жеткізілді. Жалпы, облыс бойынша 332 жасөспірім ұсталды, олардың 14-і мас болған. Бөлімшеге әкелінгендер қатарында бірнеше қыз, тіпті үшінші сыныпта оқитын қыз бала да бар", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар әр баланы ата-анасына тапсырып, олармен де профилактикалық әңгімелесу жүргізген. Сондай-ақ, кейбір ата-анаға айыппұл салыпты.

253
Кілт сөздер:
балалар, полиция, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Талдықорғанда мас адам көшеде оқ жаудырды – видео
Қарағанды мейрамханасында адам өлтіргендерге сот үкімі шықты
Түркістанда тойханалар енді түнгі он бірге дейін ғана жұмыс істейді
Стоматология

Орал тұрғыны стоматологияда күйіп қалып, ауруханада қайтыс болды

2438
Полицейлер қылмыстық іс қозғап, жәбірленушінің өрт шықпаған ғимаратта қалай күйіп қалғанын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Орал стоматологиясында жазатайым оқиға болды, 31 жастағы әйел белгісіз затқа күйіп қалып, ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

"Мой город" өңірлік басылымының хабарлауынша, трагедия 30 қарашада "Строитель" шағын ауданында орналасқан стоматологияда болған.

Оқи отырыңыз: Біртанов стоматологияда көз жұмған баланың өліміне қатысты түсініктеме

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мереке Жұмағалиев қалалық көпсалалы ауруханаға белгісіз жағдайда күйіп қалған әйел жеткізілгенін айтты.

Өрт шыққаны туралы хабарлама түспегендіктен өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жіберілмеген.

"Оқиға орнына Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды. Стоматология иесі жәбірленушінің стоматология бөлмесін тазартып жатқан кезде белгісіз жағдайда және белгісіз затқа күйіп қалғанын айтты. Материал облыстық полиция басқармасына тапсырылды", - деді Жұмағалиев.  

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің денесінің 80%-ін күйік шалғанын хабарлады. Сол күні әйел алған жарақатынан есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

2438
Тақырып бойынша
Ақтауда балаға күш қолданған стоматолог қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда тісін емдеткеннен кейін екі жастағы бала комаға түсті  
Қалааралық автобус

Алматыда қалааралық автобус апатқа ұшырады

769
(Жаңартылды 11:30 01.12.2020)
Шымкенттен Алматыға келген қалааралық жолаушылар автобусы діттеген жеріне жетуге аз қалғанда апатқа ұшырады. Жеңіл көлік автобусқа соқтығысқан

АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші Өтеген батыр көшесімен жүріп келе жатқан, содан кейін Төле бидің қиылысына тоқтап, қарсы беттегі көліктерге жол берген. Осы уақытта солтүстік бағытта жүріп келе жатқан Subaru Legacy автокөлігі автобусқа соқтығысқан.

Разбитый Subaru Legacy увезли на эвакуаторе, водителя и его пассажиров - на скорой
© Sputnik / Стрингер
Subaru автокөлігін эвакуатормен әкетті, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Жол апатынан бес адам зардап шекті: Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен сол көлікте болған үш жолаушы, сондай-ақ Шымкенттен Алматыға келе жатқан қалааралық автобус жолаушыларының бірі. Олардың барлығы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуынша, Subaru көлігінің жүргізушісі мас болған.

769
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды
Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: дәрігерлер әріптестерінің жағдайын айтты
Коронавирус, зерттеу

Биолог коронавирустың күтпеген салдарын атады

7
Қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Коронавируспен ауырған адамның ағзасы ерте қартаюы мүмкін. Мұндай жағдайда адамның аурудың жеңіл не ауыр түрімен ауырғанына қарамайды, деді Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова РИА Новости ақпарат агенттігіне.

Оның айтуынша, қарашада коронавирус инфекциясының жеңіл әрі ауыр түріне шалдыққан науқастарды тексерген дәрігерлер қорытынды жариялады.

"Науқастардың барлығы емді амбулаториялық жағдайда қабылдады. Бірақ арасында ауруханаға жатқызылғандар да болды. Ең әлсіз түрімен ауырып шыққан науқастардың 70%-інде кейбір ішкі ағзалардың патологиясы байқалды. Алайда бұл жүрек патологиясы емес, негізінен, майлы гепатоз (бауыр зардап шегеді) және ұйқы безі тінінің майлы дегенерациясы болды", - деді ол.

Оның айтуынша, әдетте мұндай диагноз 60 жаста қойылады. Ал коронавируспен ауырған адамдарда 40 жаста байқалады.

Баранова коронавирус адамдардың қартаюын тездетеді деп отыр. Сонымен қатар маман мұндай зерттеулер көп жасалуы керек деп санайды.

7
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
5G мен COVID-19-ға қатысты тағы бір видео жалған болып шықты 
"Инфекция жұқтыру қаупі жоғары": COVID-19 қай кезде жылдам тарайды
COVID-19: Тоқаевтан соңғы рет ескерту алған әкім өңірдегі жағдайды баяндады
COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар саны 133 мыңнан асып кетті
COVID-19: жағдайы ауыр науқасты емдеуге 900 мың теңге жұмсалады