Алматыдағы күз

Бұрқасын, көктайғақ және тұман: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

1691
Синоптиктер алдағы күндері елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ және бұрқасын болатынын айтты. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Елімізде 7-9 қарашадағы жауын-шашыннан кейін күн суытады, деп хабарлады Қазгидромет.

"Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық фронтты циклон ығысады. Салдарынан елдің солтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ және батыстан соққан қатты жел болады. Сондай-ақ, батыс өңірлерде де күн суытады ", - деді синоптиктер.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз Ақмола облысында желдің екпіні 23 м/с-ке жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында да тұман, көктайғақ және бұрқасын болады деп күтіліп отыр. Басым бөлігінде 15-20 м/с жел, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді.  

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тұман болады. Алматы облысында – көктайғақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

7 қараша күні астанада түнде және таңертең қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Түнде 1-3 градус салқын, күндіз 0-2 градус жылы.

Жұма күні елордада жаңбыр және қар жауады. Түнде 0-2 градус, күндіз 0-2 градус жылы.

Сенбі күні астанада солтүстік- шығыстан соққан желдің жылдамдығы -9-14 м/с болады. Түнде 1 градус салқын болса, күндіз плюс 1 градус.

7 қараша күні Алматыда тұман, жауын-шашын болады. Желдің жылдамдығы - 5 м/с. Түнде 1-3 градус салқын, күндіз 2-4 градус жылы.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Жұма күні Алматыда күн алабұлтты. Түнде 0-2 градус салқын, күндіз 7-9 градус жылы.

9  қарашада Алматыда түнде 0-2 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

7 қараша күні Шымкентте шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде 2-4 градус салқын, күндіз 9-11 градус нөлден жоғары.

Жұма және сенбі күні Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.

1691
Кілт сөздер:
күн, ауа райы болжамы
Тақырып бойынша
Қарашаға ауа райы болжамы: аязды күндер қашан келеді
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Қазақстандықтар желіде алғашқы қарға қуанып жатыр - видео
Стоматология

Орал тұрғыны стоматологияда күйіп қалып, ауруханада қайтыс болды

2442
Полицейлер қылмыстық іс қозғап, жәбірленушінің өрт шықпаған ғимаратта қалай күйіп қалғанын анықтап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Орал стоматологиясында жазатайым оқиға болды, 31 жастағы әйел белгісіз затқа күйіп қалып, ауруханада есін жимастан қайтыс болды.

"Мой город" өңірлік басылымының хабарлауынша, трагедия 30 қарашада "Строитель" шағын ауданында орналасқан стоматологияда болған.

Оқи отырыңыз: Біртанов стоматологияда көз жұмған баланың өліміне қатысты түсініктеме

Батыс Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мереке Жұмағалиев қалалық көпсалалы ауруханаға белгісіз жағдайда күйіп қалған әйел жеткізілгенін айтты.

Өрт шыққаны туралы хабарлама түспегендіктен өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жіберілмеген.

"Оқиға орнына Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері барды. Стоматология иесі жәбірленушінің стоматология бөлмесін тазартып жатқан кезде белгісіз жағдайда және белгісіз затқа күйіп қалғанын айтты. Материал облыстық полиция басқармасына тапсырылды", - деді Жұмағалиев.  

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің денесінің 80%-ін күйік шалғанын хабарлады. Сол күні әйел алған жарақатынан есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

2442
Тақырып бойынша
Ақтауда балаға күш қолданған стоматолог қамауға алынды
Нұр-Сұлтанда тісін емдеткеннен кейін екі жастағы бала комаға түсті  
Қалааралық автобус

Алматыда қалааралық автобус апатқа ұшырады

770
(Жаңартылды 11:30 01.12.2020)
Шымкенттен Алматыға келген қалааралық жолаушылар автобусы діттеген жеріне жетуге аз қалғанда апатқа ұшырады. Жеңіл көлік автобусқа соқтығысқан

АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласында Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші Өтеген батыр көшесімен жүріп келе жатқан, содан кейін Төле бидің қиылысына тоқтап, қарсы беттегі көліктерге жол берген. Осы уақытта солтүстік бағытта жүріп келе жатқан Subaru Legacy автокөлігі автобусқа соқтығысқан.

Разбитый Subaru Legacy увезли на эвакуаторе, водителя и его пассажиров - на скорой
© Sputnik / Стрингер
Subaru автокөлігін эвакуатормен әкетті, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді

Жол апатынан бес адам зардап шекті: Subaru автокөлігінің жүргізушісі мен сол көлікте болған үш жолаушы, сондай-ақ Шымкенттен Алматыға келе жатқан қалааралық автобус жолаушыларының бірі. Олардың барлығы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлер мен автобус жүргізушісінің айтуынша, Subaru көлігінің жүргізушісі мас болған.

770
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды
Шымкентте жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады: дәрігерлер әріптестерінің жағдайын айтты
Жақсылық Үшкемпіров

"Арман жоқ еді-ау": елордада жекпе-жек сарайына Үшкемпіров есімі берілді

0
(Жаңартылды 12:36 02.12.2020)
Осыдан бірнеше жыл бұрын осы жекпе-жек орталығының іргетасы қаланып жатқанда Жақсылық Үшкемпіров ұлымен бірге құрылыс басталғалы жатқан жердің жанынан өткен. Сол кезде өзінің арманын айтыпты

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен астанадағы жекпе-жек сарайы ресми түрде Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров есімімен аталады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Осыдан бірнеше жыл бұрын осы жекпе-жек орталығының іргетасы қаланып жатқанда Жақсылық Үшкемпіров ұлы Жандоспен бірге құрылыс басталғалы жатқан жердің жанынан өткен. Уәли даңқты балуан енді ғана қазығы қағылып жатқан жерге қарап не дегенін жазды.

"Осы қазаққа, қазақтың спортына, қазақтың күресіне бір кісідей-ақ еңбек сіңірдім деп ойлаймын. Әсіресе, Одақтың даңқы дәуірлеп, біздің ұлт бәйге алмақ түгіл, өзгемен тең тұруының өзі мұң болған шақта Олимпиада жүлдесін жұлып алдым. Мұны бүгінгі қазаққа міндет қылмаймын, әрине. Ол кезде жастықтың буымен білінбеген де екен. Қазір ойлаймын, әлі күнге өзімнің ізімді басатын жігіттердің шықпағанына қарағанда, сол 80-ші жылдағы Олимпиада маған да оңайға соқпаған екен-ау деп. Енді бір арманым бар, шіркін осы жекпе-жек орталығының құрылысы бітіп, менің атымды берсе ғой, арман жоқ еді-ау", - деген екен.

Ұлы Жандос: "Бұл қай уақытта салынып бітеді дейсіз? Оған дейін кім бар, кім жоқ? Қандай шешім қабылданады? Білмейміз ғой..." деп жауап берген.

Берік Уәлидің айтуынша, Олимпиада чемпионы бақилық болып кеткеннен кейін осы әңгімені мемлекет басшысы естіген. Президент бірден қолдап, тиісті орындарға тапсырма берген.

Үкіметтің ресми қаулысы шықты. Жекпе-жек сарайы ресми түрде Жақсылық Үшкемпіров атымен аталатын болды.

Ал Үшкемпіров Жандос Жақсылықұлы қазір осы жекпе-жек сарайының директоры.

0
Кілт сөздер:
Жақсылық Үшкемпіров
Тақырып бойынша
Тоқаев Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы не білеміз?
Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды
"Он мың қазақ отырғандай көрінді": Үшкемпіров ең тартысты жекпе-жегі туралы айтты
Қырық жыл бұрын Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада алтынын қалай жеңіп алды