Жаңа туған сәби

Сәбидің мұрны түсіп қалды: Маңғыстау облысы перинаталдық орталығында шу шықты

1762
(Жаңартылды 08:20 15.11.2019)
"Емдеймін деп мұрынсыз қалдырды" деп отыр нәрестенің ата-анасы. Ал дәрігерлер шақалақтың анасын кінәлауда

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы перинаталдық орталықта арнайы аппаратқа қосылған сәбидің мұрны бір түн ішінде шіріп түсіп қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Шала туылса да, бір айдай балам сап-сау болды», - дейді анасы. Ол нәресте жансақтау бөліміндегі аппаратқа қосылған соң осындай жағдайға жетті деген сенімде.

"Медбикелерге бір күн бұрын «қараңыз, мынау жара боп жатыр» деп айтқанмын. «Ештеңе болмайды» деп, екі медбике қарамады. Бұл сол күні түнде болған жағдай. Дәрігерлер, медбикелер кінәлі. Мен әділдік орнағанын қалаймын. Баламның өмірімен ойнады. Сәбиді қанша қинады", - дейді нәрестенің анасы Бақыт Бекназарова.

Мұрынсыз қалған шақалақ төрт айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Содан бері анасы облыс пен елордаға шағымды қарша боратуда.

Перинаталдық орталықты тексерген облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасанды тыныс аппаратының мұрынды қажап, содан сәбидің нәзік терісінде жара пайда болғанын және бірден мұрын некрозына ұшырағанын анықтаған.

Тағы оқыңыз: Дәрігерді шақырдым, ал ұлым қолымда өліп бара жатты – уланған қос сәбидің анасы

Бала жатқан бөлімшенің кезекші дәрігерлері мен медбикелеріне түгел сөгіс те беріпті. Аз уақытта екі рет ота жасатқан нәрестенің анасы енді моральдық шығын ретінде орталықтан 10 миллион теңге талап етіп, сотқа берді.

Ал перинаталдық орталық «бәленің бәрі сәбидің анасы мен сирек кездесетін ауруда» деп ақталып отыр.

"Баланың анасы қауын мен газдалған сусын ішіп, нәрестесін емізген. Содан ішек ауруы қозып, сәби жансақтау бөліміне түсті. Ағзасы әлсіреген балада бет тіндерін бұзатын "нома" деген сирек ауру пайда болған. Мұндай диагнозды Алматы мен Нұр-Сұлтаннан арнайы келген екі хирург та растап отыр. Әйтпесе, қанша нәресте апаратта жатыр ғой. Барлығы сап-сау", - деді Маңғыстау облыстық периниталдық орталығының бөлім меңгерушісі Әлия Тасырова.

1762
Кілт сөздер:
мұрын, сәби, Маңғыстау
Тақырып бойынша
Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Аружан Саин Тоқаевпен кездесуде науқас сәбилер проблемасын көтерді
Туған жердің топырағы мен үкіаяқ : қазақ неге тұмарға сенген?
Кісен, архивтегі фото

Көкшетаулық ерлі-зайыптыны қатыгездікпен өлтірген қылмыскер 25 жылға сотталды

257
Түнде қаскүнем көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтіріп, алтын ұрлаған

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Көкшетауда егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтірді деп айыпталған жігітке сот үкімі шықты. Сот отырысы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Істі алқабилер қарады.

Істің мән-жайы

Көкшетауда 2020 жылдың сәуір айының соңында он баласы бар егде жастағы ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті.

Түнде қаскүнем Есенберлин көшесіндегі көпқабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерге кіріп, үй иесін қатыгездікпен өлтірген.

83 жастағы ер адам мен оның 77 жастағы әйелінің денесі 30 сәуірде таңертең табылды. Оларды буындырып, пышақпен кескілеп тастаған.

Қылмыс болардан бірнеше күн бұрын жәбірленушілердің пәтеріне белгісіз біреудің кірмек болғаны анықталды. Шабуылдаушылар балконға бөтелке лақтырып, әйнекті сындырған.

Қылмыс жасады деген күдікпен Щучинск қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Сол күні алтын салынған қорапша мен екі кілт ұрланған.

Сот үкімі

Алқабилер шешімімен сотталушы Д. Қазақстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды:

  • 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп жасалған тонау;
  • 24-бабы 3-бөлігі – қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу;
  • 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлікке заңсыз кіріп жасалған ұрлық;
  • 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағы – қарақшылық;
  • 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 5, 8-тармақтары – екі немесе одан да көп адамды өлтіру;
  • 287-бабы 1-бөлігі – қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру.

Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейді.

Жәбірленуші тараптың пайдасына сотталушы Д. келтірілген моральдық зиян ретінде 20 миллион теңге төлейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

257
Кілт сөздер:
қылмыскер, ерлі-зайыпты
Тақырып бойынша
Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті - оқиғаның мән-жайы
Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Жамбыл облысында екі әйелді айуандықпен өлтірген қойшының денесі табылды
Алматы облысында әйелді бір жасар қызының көзінше өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
Ағаш, архивтегі фото

Алматы тұрғыны жұмысшылардың заңсыз әрекетін видеоға түсіріп алды

2793
KFC мейрамханасы аумағында төрт ағашты заңсыз кескендерге айыппұл салынып, 40 түп ағаш егуге міндеттелді

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы қаласының полиция департаменті мен жасыл экономика басқармасының қызметкерлері KFC компаниясының тамақтану орны орналасқан учаске иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жерде бір күн бұрын төрт ағаш заңсыз кесілген.

KFC тамақтану желісі ғимаратының жанында жұмысшылар ағаштарды кесіп жатқаны жайлы видеоны қазақстандық журналист, қоғам қайраткері Сергей Пономарев Facebook парақшасында жариялады.

"Алматылықтар "Sulpak" кеңсесінің алдындағы жарты ғасыр бойы өскен емен мен қарағаштарды кімнің кескенін анықтап жатқанда, биік дуалдың артында Тимирязев көшесі Көктем-2 шағын ауданындағы KFC Kazakhstan мейрамханасының жеке аумағында тыныш қана төрт қарағашты кесіп тастады. Ағашты кескендер өздерінің мегаполисте тұратынын және жақын маңдағы үй тұрғындарының немқұрайлы қарамай, видеоға түсіретінін ескермепті", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыда ағаш кескендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды   

Алматының жасыл экономика басқармасы да, жақын маңдағы учаскелік пункт те ағаштарды кесу туралы ештеңе білмегені анықталды. Видео әлеуметтік желі арқылы тарай бастағаннан кейін ғана әрекет еткен.

Тексеріс нәтижесінде учаске иесі ағаштарды кесуге ешқандай рұқсат алмағаны  белгілі болды.

"Көктем-2 ықшам ауданы, 2/1 үй (KFC жылдам тамақтану желісі) мекенжайы бойынша қарағай тұқымының төрт ағашын заңсыз кескен. Алматының жасыл экономика басқармасына кесуге өтініш түспеді, яғни ЖЭБ бұған рұқсат берген жоқ", - делінген Алматы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Іс бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабы ("Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу") бойынша жер учаскесінің иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ол 15 АЕК – 41 670 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар өтем ретінде кінәлі азаматқа жалпыға ортақ жерлерге 40 түп ағаш егу міндеттелді.

2793
Кілт сөздер:
видео, ағаш, Алматы
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

0
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

0
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді