Арыстағы өрт

Арыстағы жарылыс: Ішкі істер министрлігі тергеуге қатысты ақпарат берді

344
(Жаңартылды 15:36 21.11.2019)
Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов "сараптамалардың қорытындысы шықты, барлығы қылмыстық іске енгізілді" дейді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Арыстың әскери бөліміндегі жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу шаралары аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыповтың айтуынша, сараптамалардың қорытындысы бар, барлығы қылмыстық іске енгізілді. 

"Қазіргі кезде қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын. Әзірше кімді жауапқа тартып жатырмыз? Қандай кінә артып отырмыз? Ондай детальдарды айтып бере алмаймыз. Себебі "алдын ала тергеудің құпиясы" деген түсінік бар. Желтоқсан айында істі аяқтаймыз деп ойлаймын. Сөйтіп, барлық материалды сотқа жібереміз", - деді Жақыпов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыс: қорғаныс министрі Тоқаевқа есеп берді

Оның сөзіне қарағанда, сотта қылмыстық іске қатысты барлық мәліметтер жарияланады.

"Сот ашық немесе жабық үлгіде өтуі мүмкін. Дегенмен үкім жарияланғанда бәрі ашық айтылады", - деп атап көрсетті Жақыпов.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

11 қазанда Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің бастығы көз жұмды.

344
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, тергеу, жарылыс
Тақырып бойынша
Тоқаев Арыс қаһармандарын атады
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Жарылыс салдарынан 10 әскери қызметкер зардап шекті - қорғаныс министрлігі
Арыс маңында жарылыс болып, әскери қызметші көз жұмды
Шөкеев Арыс тұрғындары туралы: жағдайды пайдаланып қалғысы келгендер табылды
Жел, боран

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

1539
30 қараша күні елдің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланып отыр. Жел күшейіп, боран болатыны хабарланды

АЛМАТЫ, 29 қараша — Sputnik. Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, бірақ бұрқасын жүреді, деп хабарлады "Қазгидромет".

"Солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар жауады. Көптеген өңірде тұман, бұрқасын болып жел күшейеді. Солтүстік-шығыста  - көктайғақ", - делінген хабарламада. 

Дабылды ескерту

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Алматы облысында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, ал күндіз көктайғақ. 

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Түркістан облысында - тұман.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Ақтөбе облысында да тұман болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде минус 19-21 градус, күндіз 15-17 градус суық

Алматыда жауын-шашынсыз. Түнде минус 7-9 градус, күндіз – 2-4 градус салқын.

Шымкентте түнде – 7-9 градус, күндіз 3-5 градус нөлден жоғары.

1539
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

1643
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

1643
Коронавирус сынама

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды

1
(Жаңартылды 10:03 30.11.2020)
Өткен тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 131 659 адамда коронавирус расталды

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. 
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 131 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 034 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 42 147 адам пневмонияға шалдықты, 443 адам қайтыс болды.

 

1
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр