Құмар Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

441
(Жаңартылды 18:19 28.11.2019)
Аймақ басшысы облыстағы орташа айлық мөлшері 126 мың теңге екенін, оның көлемін көбейту үшін заң аясында жұмыс істеу керектігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қанша еңбекақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алдымен өңір басшысы облыстағы орташа айлық мөлшері 126 мың теңге екенін, оның көлемін көбейту үшін заң аясында жұмыс істеу керектігін жеткізді.

"Мен ауыл шаруашылығы саласының мамандарына жерде егін ексең, малды ұстауды заң жүзінде міндеттеуді ұсынамын. Қазіргі таңда ондай заң жоқ. Олар бұнымен айналысқысы келмейді. Егер міндеттесек, жаңа жұмыс орнын ашып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етер едік. Нәтижесінде өңірдегі жалақы мөлшері өсер еді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тағы оқыңыз: 14 баласы бар: Қазақстанның көпбалалы саясаткерлері кімдер?

Осы орайда Құмар Ақсақалов журналистерге қанша еңбекақы алатынын жасырмай айтты.

"Айлығыма тоқталайын. Мен қолыма 766 мың теңге аламын", - деп түйіндеді сөзін облыс әкімі.

441
Кілт сөздер:
жалақы, әкім, Солтүстік Қазақстан облысы
Тақырып бойынша
Петропавлда жылдам әзірленетін кеспе зауыты ашылды
СҚО әкімі: қалада жердің бәрі 10 жыл бұрын сатылып кеткен
СҚО әкімі басқарма басшысының парамен ұсталуына қатысты түсініктеме берді
"Мұны тоқтату керек" облыс әкімі қымбат көлік сатып алуға тыйым салды
Қомақты қаражат қымқырған шенеуніктің бастығы отставкаға кетті
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

71
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

71
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы
Жанып жатқан сіріңке, иллюстративті сурет

Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды

1119
Өткен тәулікте өңірде екі өрт болып, адамдар қаза тапты. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында өткен тәулікте екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де түсті. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпыды.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Қарағанды облысында өткен тәулікте үш адам өрттен қаза болды

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтері өртенді. 40 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Өрт сөндірушілер үш адамды сыртқа шығарып үлгерді. Оқиға орнында 1957 жылғы ер адам және 1962 жылғы әйел көз жұмды. Тілсіз жау сағат 08.45-те сөндірілді.

1119
Кілт сөздер:
өрт, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті