Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото

Ақтөбеде белсенділер Мәңгілік ел даңғылына Елбасының атын беруді ұсынды

781
(Жаңартылды 15:28 30.11.2019)
Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылып отырған даңғыл Ақтөбеде жаңадан салынған ықшамауданда орналасқан

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ақтөбеліктер облыс орталығындағы Мәңгілік ел даңғылына Елбасының атын беруді ұсынып жатыр. Енді осыған байланысты демалыс күндері бұл өңірде жаппай қоғамдық тыңдау өткізілмекші, деп хабарлады КТК.

Нұрсұлтан Назарбаевтың аты ұсынылып отырған даңғыл жаңадан салынған ықшамауданда орналасқан. "Мәңгілік ел" атауын тұңғыш президенттің атына өзгерткен жөн, - дейді белсенділер.

Тағы оқыңыз: Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді

Бұған дейін қаланың қақ ортасындағы Әбілқайыр хан даңғылының жартысын Елбасының атына бермек те болған еді. Бірақ оны ономастикалық комиссия құптамады. Белсенділер бұл жолы өтінішті "кері қайтара қоймас" деген ойда.

"Елбасы және Мәңгілік ел деген ол бір-бірімен ұштасып жатыр деп ойлаймыз. Сондықтан да бұл көше Елбасының атына әбден лайық. Себебі, Қазақстанның әр қаласында ондай көше бар. Біз қолдаймыз. Бізде де Назарбаев көшесі болсын!", - дейді белсенді Нарқозы Қартжан.  


781
Кілт сөздер:
Тұңғыш Президент күні, Назарбаев
Тақырып бойынша
Қостанайдағы басты көшелердің біріне Назарбаевтың есімі берілді
Тұңғыш Президент күні Қазақстан қоғамына қандай өзгеріс әкелді?
Нұр-Сұлтан: елордалық депутаттар қала атауын өзгертуді қолдады
Путин "Бәйтерекке" Назарбаевтың атын беруді ұсынды
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

71
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

71
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы
Жанып жатқан сіріңке, иллюстративті сурет

Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды

1118
Өткен тәулікте өңірде екі өрт болып, адамдар қаза тапты. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында өткен тәулікте екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де түсті. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпыды.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Қарағанды облысында өткен тәулікте үш адам өрттен қаза болды

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтері өртенді. 40 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Өрт сөндірушілер үш адамды сыртқа шығарып үлгерді. Оқиға орнында 1957 жылғы ер адам және 1962 жылғы әйел көз жұмды. Тілсіз жау сағат 08.45-те сөндірілді.

1118
Кілт сөздер:
өрт, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті