Қар, бұрқасын

Синоптиктер қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болатынын айтты

2414
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, республиканың оңтүстік-батысында ғана қар мен жаңбыр жаууы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, 1 желтоқсанда республиканың басым аумағында тұман, көктайғақ болады, бұрқасындатады, жел күшейеді. Тек оңтүстік-батыста ғана жауын-шашын күтіледі.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында түнде тұман түсуі мүмкін, Алакөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысында кей аймақтарда – тұман, көктайғақ, қатты жел.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да кей жерлерде көктайғақ, бұрқасындатады, жел тұрады. Батыс Қазақстанның кейбір аудандарында тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар, Ақмола, ал күндіз Түркістан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Ірі қалалардағы ауа райы

1 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда күн ашық. Түнде -17°C, күндіз -8°C. 3-5 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда да күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде -5°C, күндіз 0°C шамасында болады.

Шымкентте күн жылы әрі ашық. Түнде -2°C, ал күндіз +13°C.

2414
Кілт сөздер:
көктайғақ, тұман, синоптиктер, ауа райы болжамы
Дауылды жел, ағаштар

Шығыс Қазақстанда дауылды жел мектеп шатырының жартысын жұлып кетті

0
Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің ғимараты жартылай шатырсыз қалды, 90 шаршы метр аумаққа зақым келген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданына қарасты Көкжайық ауылындағы мектептің шатырын жел жартылай ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Ауылда желдің жылдамдығы секундына 17 метрге жеткен.

"Үш қабатты Көкжайық орта мектебінің шатыры жартылай жұлынып, 90 шаршы метр аумаққа зақым келді. Ғимараттың жалпы ауданы 1 600 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ", – делінген хабарламада.

Бұған дейін өңірде дабылды ескерту туралы алдын ала хабар таратылған.

Облыс тұрғындарына көлік құралдарын үлкен ағаштардың астына қоймауға, билбордтар мен басқа да құлауы мүмкін құрылыс нысандарынан, электр бағандарынан сақтануға кеңес берілді.

Сала мамандары азаматтарды төтенше жағдай болғаны туралы 112 нөміріне қоңырау шалып, хабардар етуге үндейді. Өйткені, мұндай әрекет қандай да бір қауіптің немесе қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Ал Қазгидрометтің хабарлауынша, 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады. Тіпті, кей жерлерде желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

0
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, жел, дауыл
Тақырып бойынша
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Қазақстанда дауылды жел 160 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті
Батпырауық 3 жасар баланы ұшырып әкетті - видео
Батыс Қазақстанда мектептер мен аурухананың шатырын жел ұшырып әкетті
Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті
Архивтегі фото

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

744
(Жаңартылды 15:43 27.10.2020)
Үй иесі жарылыс салдарынан күйіп қалды, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.   

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті – оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты.  

744
Кілт сөздер:
Павлодар, жарылыс, газ баллоны
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды