Торт, үйлену тойы

"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр видео

3163
(Жаңартылды 15:46 01.12.2019)
Неке қию рәсімінен соң күйеужігіт үйіне қайтты. Ал қалыңдық түзету мекемесінде қалды. Енді олар екі ай сайын екі күн кездесіп тұра алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Атырауда түрмеде үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы жігітпен отбасын құрды. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Алайда бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыздың жақсы болатынына сенемін", - деді Татьяна Киселева.

Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болу үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.

"Анам мен ағам қазір Санк-Петербургте тұрады. Олар қуанып жүр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық. Ортақ таныстар, достар болғандықтан бір-бірімізді көретінбіз. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын", - дейді Вадим Кужбаев.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойында болған сұмдық жағдай видеоға түсіп қалды

Мекеме басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехында жұмыс істейді, мекемедегі барлық шараларға белсене қатысады. 

"Ол адам өлтіргені үшін сотталған. 13 жылдың жартысын өтеді. 2 жылдан кейін 2022 жылы бұл кісіні уақытынан бұрын босату туралы ұсынысты, мінездемесін судьяларға жолдаймыз. Судьялар оның өмірбаянымен танысып, бостандыққа шығаруы мүмкін", - деді мекеме басшысының орынбасары Руслан Сұлтанов.

Неке қию рәсімінен соң Вадим үйіне қайтты. Ал Татьяна отрядына оралды. Енді олар екі ай сайын екі күн кездесіп тұра алады.

3163
Кілт сөздер:
видео, желі, үйлену тойы, Қазақстан
Тақырып бойынша
Ешкім күтпеген: жас жұбайлардың үйлену тойы трагедиямен аяқталды – фото
Үйлену тойынан кейін "күйеу жігіттің" қулық-сұмдығы әшкере болды
"Оның бәрі - "фальш": жазушы қазақ тойының басты кемшілігін атады
Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді
Күйеу жігіт сене алар емес: үйлену тойы күні сұмдық жағдай болды
Архивтегі фото

Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды

665
(Жаңартылды 15:43 27.10.2020)
Үй иесі жарылыс салдарынан күйіп қалды, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері де зардап шекті

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Павлодар төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде газ шығып жатқанын естіген бойда көрсетілген мекенжайға аттанған.

Үйде шынымен де ақаулы баллоннан газ шығып жатқан болып шықты. Құтқарушы жарылыстың алдын алу үшін үй иесімен бірге баллонды сыртқа шығаруға шешім қабылдаған.   

"Газ баллонын тасымалдау кезінде газ-ауа қоспасы тұтанып, артынша 40 шаршы метр аумақтағы тұрмыстық заттар өртенген. Оқиға орнында 8 адам болды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Күйіп қалған 1957 жылғы үй иесі ауруханаға түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сабыржан Тастембеков те зардап шекті – оның беті мен аяқ-қолының 8%-ін күйік шалған.

Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 83 жастағы әйелді үйден шығарып үлгерді. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 5 техника қатысты.  

665
Кілт сөздер:
Павлодар, жарылыс, газ баллоны
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда ГАЗель жарылды – видео
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды
Ақтөбеде газ жарылды: зардап шеккендер бар
Солтүстік Қазақстанда үйден ағалы-інілі екі ер адамның денесі табылды
Жасөспірім

Қостанайда педофил қолынан мерт болған қыздың ағасы жоғалып кетті

712
(Жаңартылды 13:03 27.10.2020)
Қостанай облысы Бағаналы ауылының жиырма жастағы тұрғыны Олег Ганя 15 қазанда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер мен еріктілер 15 қазанда үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Олег Ганяны іздестіріп жатыр.

20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады.

"2000 жылы 23 шілдеде дүниеге келген Олег Ганя Викторович іздестіріліп жатыр. Ол 15 қазанда Бағаналы ауылындағы үйінен Павлов ауылына шығып кеткен. Қостанай қаласында болуы мүмкін", – деп нақтылады еріктілер әлеуметтік желіде.

Олег Ганяның бойы 175 сантиметр, дене бітімі орташа, ақшыл сары шашты, сұр-көк көзді. Үстіне көгілдір түсті камуфляжды костюм киген.

"Оныншы аймақ" пен "Дос" тобының өкілдері іздеу жұмыстарына кірісті. Біз Киев ауылындағы пәтер иелерінің кооперативі аймағынан іздеп жатырмыз. Сол жақтан адамдар хабарласып, көргендерін айтты. Бұл жұмысқа 60-қа жуық ерікті жұмылдырылды. Барлық шара полициямен бірлесіп атқарылуда", – деді Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен қостанайлық еріктілер.

Ал қандай да бір ақпарат беремін деген адамдар 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, еріктілер Олег Ганя Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін хабарлады.

Еске салайық, 2014 жылы жеті жастағы қыз педофилдің құрбаны болды.

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Оқи отырыңыз: "Ақылымнан адастым": Рудныйда 7 жасар қызды зорлаған педофил қылмысы туралы айтты

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

712
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, оқиға, педофил
Тақырып бойынша
Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде
Қостанай облысында алты тәулік бойы жоғалған аңшы іздестірілуде
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігер

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 29 адам қайтыс болды

0
(Жаңартылды 18:06 27.10.2020)
Өткен аптада ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – он сегіз науқас індеттен көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 19-25 қазан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Шығыс Қазақстан облысында – 18;

  • 1926, 1941, 1963, 1954, 1939, 1952, 1953, 1941, 1962 жылғы ер адамдар,
  • 1955, 1935, 1959, 1934, 1962, 1939, 1940, 1936, 1954 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 4;

  • 1940, 1955 жылғы ер адамдар,
  • 1937, 1945 жылғы әйелдер.

Алматы қаласы – 4;

  • 1963 жылғы ер адам,
  • 1962, 1947, 1949 жылғы әйелдер.

Атырау облысында – 2;

  • 1940, 1936 жылғы әйелдер.

Қостанай облысында – 1;

  • 1953 жылғы ер адам.

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 825 науқас қайтыс болды. Індет басталғалы республикада 110 684 адам вирус жұқтырған.

0
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс