Портфель

Даниал Ахметов өтірік айтқан мектеп директорын жұмыстан қуды

1093
Мектепті аралау кезінде әкімге қосалқы нысанда балалар оқып жатқаны хабарланған, алайда жаңа корпус әлі пайдалануға берілмеген болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Өскемендегі Согра шағын ауданындағы №23 мектептің директоры жалған ақпарат бергені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Тағы оқыңыз: Оқушылармен бірге билеген мектеп директоры жұмыстан қуылуы мүмкін – видео 

Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білім шаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған еді.

"Мектепті аралау кезінде маған қосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралы ақпарат жеткізілді. Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты", - деп жазды әкім facebook-тегі парақшасында.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша тексеріс жүргізілген. Өкінішке қарай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әлі қолданысқа берілмеген болып шыққан.

"Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті аталмыш мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды", - деп атап өтті Даниал Ахметов.

1093
Кілт сөздер:
мектеп директоры, Даниал Ахметов
Тақырып бойынша
Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды
Қазақстанда мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушіcінің еңбекақысы өседі
Дәретханада оқушы қыз зорланды: шенеуніктер жұмыстан қуылып жатыр
Ұстаздардың жалақысын көтеруге 1,7 триллион теңге қарастырылды – министр
Елорданың қысқы көрінісі

Бес өңірде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

71
6 желтоқсанда елордада түнде 26 градусқа дейін аяз болады, Маңғыстау облысында сынап бағанасы 23 градусқа дейін төмендейді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

6 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Түркістан облысында кей жерлерді тұман басып, бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде 23°С дейін аяз болжанып отыр.

6-8 желтоқсан күндері Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман.

Қостанай облысында да тұман түседі деп күтілуде.

Өңірлердегі ауа райы

Атмосфералық ағымдардың әсерінен республика бойынша қар жауады деп болжануда. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатады, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ақмола, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады, Түркістан облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, күндіз 18-20 градус, түнде 26 градус аяз.

Алматыда күн бұлтты, күндіз 1-3 градус, түнде 7-9 градус суық.

Шымкентте күндіз 1 градус жылы, түнде 8-10 градус суық.

71
Кілт сөздер:
жел, қар, тұман, ауа райы болжамы
Жанып жатқан сіріңке, иллюстративті сурет

Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай: үш адамның денесі табылды

1120
Өткен тәулікте өңірде екі өрт болып, адамдар қаза тапты. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында өткен тәулікте екі үйде өрт шығып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт туралы хабар 4 желтоқсан күні сағат 12.28-де түсті. Абай қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Үй ішіндегі заттар мен ағаштан жасалған терезе жақтаулары жанған. Тілсіз жау бес шаршы метр аумақты шарпыды.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Қарағанды облысында өткен тәулікте үш адам өрттен қаза болды

Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы екі адамды эвакуациялады. 1953 жылғы ер адам улы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында 1962 жылғы пәтер иесінің денесі табылды.

Алдын ала болжам бойынша, өртке қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

Три человека погибли на пожарах за прошедшие сутки в Карагандинской области
© Photo : МЧС Казахстана
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады

Сондай-ақ, 5 желтоқсанда таңертең Шахтинск қаласының Шахан кентінде көпқабатты үйдің пәтері өртенді. 40 шаршы метр аумақ отқа оранған.

Өрт сөндірушілер үш адамды сыртқа шығарып үлгерді. Оқиға орнында 1957 жылғы ер адам және 1962 жылғы әйел көз жұмды. Тілсіз жау сағат 08.45-те сөндірілді.

1120
Кілт сөздер:
өрт, Қарағанды облысы
Тақырып бойынша
БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды
Ішкі істер министрі алты адамды өрттен құтқарған спортшыны марапаттады
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Өрттен қашқан алматылық балконнан құлап кетті