НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық сейсмикалық станциялар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағында жер асты дүмпулерін тіркеді.
Жер сілкінісі бесінші желтоқсанда Алматы қаласының уақыты бойынша сағат 08:46-да болды.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 442 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы MPV 4.9. Тереңдігі 15 километр", - делінген сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция мәліметінде.
Жер сілкінісінің сезілу деңгейі жайлы ақпарат түскен жоқ.
Атап өтсек, төртінші желтоқсанға қараған түні Алматы облысының бірнеше қаласының тұрғындары жер сілкінісін сезген болатын. Мәселен, Текелі мен Талдықорғанда жер асты дүмпулерінің күші үш баллға дейін жеткен еді.
Тағы оқыңыз: "Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.
"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.
Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.
Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.
Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.
Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында қол астындағы қызметкерін жаңа қызметке тағайындау үшін 2 миллион теңге пара алған шенеунікке қатысты іс тергелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатқан іс туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Ол алаяқтық жасап, департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдемдесу үшін қол астындағы қызметкерінен 2 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.
"Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Биғайдаров.
Ақтаудағы иесі Симбадан бас тартқан болатын. Кейін ол Алматыға жеткізілді. Жаңа жерден бейімделіп үлгерген. Қарды ұнатады, ауа температурасы жылы болған кезде серуендейді.
Алматы хайуанаттар бағының ветеринарлары арыстан африкалық хайуанат болғандықтан, жылы ауа райын жақсы көретінін айтады. Алайда бұған қарамастан, қарда ойнауға әуес. Бастысы, ауа температурасы нөлден төмен болмауы керек.
"Симбаны жағдайы тамаша. Қазіргі уақытта өз жасының нормасына сай. Ақтаудан келген кезде біраз артта болатын. Қазір салмағы мен жалы қалпына келді. Тәртібі де жақсарды. Ер адамдардан қорықпайтын болды. Бұрын көрген кезде қашып кететін", - деді Юлия Дудкина.
Симбаның жаңа өмірі жайлы видеода толығырақ.