Сілеусін

Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды

176
(Жаңартылды 10:22 23.12.2019)
Жабайы аңның қаланың шағын аудандарының біріне қалай келгені белгісіз. Дегенмен, Шығыс Қазақстанда аңдардың адамдар арасына келуі – жиі кездесетін жайт

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан — Sputnik. Семей көшелерінде емін-еркін жүрген сілеусін видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Altaynews.kz басылымы.

Орман жануарын "Компоселок" шағын ауданының тұрғыны байқапты. Ол өз үйінің ауласында жүрген аңды видеоға түсіріп алған екен.

Басылымның хабарлауынша, соңғы кездері жабайы аңдар Шығыс Қазақстанда қала көшелерінде жиі кездеседі.

Жақында Өскемен қаласында елік көлік астына түскен болатын. Волонтерлер оны ветеринарлық клиникаға жеткізген. Жануарға ота жасалған, қазір ол тұрақты ауыр халде жатыр.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде жабайы қабанды күрекпен ұрып өлтіргендер ұсталды

Сілеусін – мысық тұқымдас жыртқыш аң. Оның денесінің ұзындығы – 130 сантиметрге дейін, ал салмағы 13 килограмға дейін жетеді.

176
Кілт сөздер:
жабайы аң, сілеусін, Семей
Тақырып бойынша
Бес жануар сарқырамадан пілдің баласын құтқарамын деп өздері де өлді – видео
Астаналықтарға қар барысының жоғалу қаупі туралы айтылды
Жылқы құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?
Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - Щучинск

Қазақстанда "әуендететін" жол салынды

93
(Жаңартылды 22:04 28.10.2020)
Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру мен шаршау салдарынан болатын жол апатын азайтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.

"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.

"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео 

Айта кетейік, шу жолақтары – бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.

93
Кілт сөздер:
жол, музыка
Тақырып бойынша
Мамин Қазақстандағы ақылы жолдарға қатысты тапсырма берді
Алматыны қай жолдар арқылы айналып өтуге болады - карта әзірленді
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Шымкент – Жібек жолы трассасы ақылы болады
Иллюстративті фото

Еріктілер баспанаға мұқтаж отбасыны іздестіріп жатыр

4194
(Жаңартылды 20:49 28.10.2020)
Еріктілер қиын жағдайға тап болған және баспанаға зәру, жауапкершілікті сезінетін отбасыны іздеп жатыр

АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Павлодар облысында тұратын Нагизовтар отбасы өз үйін еріктілерге бергелі жатыр. Бұл туралы Павлодар қаласының мейірімділер клубы хабарлады.

Үй Павлодар облысының Тереңкөл ауданындағы Песчаное ауылында орналасқан.

Енді еріктілер үйді беру үшін қиын жағдайға тап болған және осы тұрғын үйде тегін тұруға дайын жауапты отбасыны іздеп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Клуб Добряков Павлодар» (@club_dobryakov_pavlodar)

Үйдің ішінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар: ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, бақшасы мен мал ұстауға арналған қора мен жаңа монша. Ерлі-зайыпты сыртқы киімдерін де қалдыруға дайын, қажетті саймандар да үйде қалады.

Қыста жағуға арналған отын мен бір тонна көмір де бар.

Мейірімділер клубының хабарлауынша, енді ауылда өмір сүруге дайын отбасы қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда белгісіз біреу көп балалы отбасыларға пәтер сыйлап жатыр 

Ауылда екі қолға бір күрек табылады. Үй Ертістен 100 метр қашықтықта орналасқан. Жанында дүкен, балабақша, мектеп, пошта, жөндеу зауыты, аурухана, әкімдік бар.

"Егер отбасыңыз үйге мұқтаж болса немесе сіз сондай адамдар туралы білсеңіз, онда @club_dobrykov_pavlodar парақшасына дайректке ақпарат жіберіңіз. Таңдау жасау өте қиын болатынын түсінеміз. Басқа біреудің қиындығын объективті бағалау мүмкін емес, алайда тырысамыз. Бұл бүкіл отбасының өмірін түбегейлі жақсы жаққа өзгертуі мүмкін, себебі олар баспаналы болады", - деп жазды еріктілер.

Сонымен қатар олар үйін берген Михаил және Елена Нагизовтарға алғыс білдірді.

4194
Кілт сөздер:
Павлодар, баспана
Тақырып бойынша
Қанат Ислам көпбалалы ананың арманын орындады
Қазақстандық жас-жұбайлар үйлену тойын ерекше өткізіп, елдің алғысын алды
Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
Тараздық ардагер соғыста өзі құтқарған баланы іздеп жүр
Вакцинация от кори, архивное фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

0
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

0