Өңірлер

Шымкент әкімі өзбектердің арқасында мақта өндірісі қалай өзгеретінін айтты

© Photo : Официальный сайт акимата ШымкентаАким шымкента Ерлан Айтаханов
Аким шымкента Ерлан Айтаханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Шымкентке инвестиция тарту мақсатында шетелдік инвесторлармен кездесулер ұйымдастырылған екен

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласында өзбек инвесторларының арқасында бірнеше жыл бойы тоқтап тұрған өндіріс іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың айтуынша, биыл Шымкентке инвестиция тарту мақсатында Сингапур, Түркия, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Корея және Өзбекстан инвесторларымен кездесулер ұйымдастырылды.

"Нәтижесінде, өзбек инвесторларының қатысуымен биылғы жылдың 5-ші желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері, нақты айтсақ, 7 жыл бойы тоқтап тұрған "Альянс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жіп иіру фабрикасы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін 60 тонна, ал келесі жылы 6 мың тонна мақта талшығы өнімдерін шығару жоспарланған", - деді Айтаханов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Шымкент әкімі тойды кредитке өткізуге қатысты пікір білдірді

Оның сөзіне қарағанда, екінші кезеңде бұрынғы "Меланж" АҚ іске қосылады. Осының нәтижесінде жоғары сапалы тоқыма өнімдері Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия мен Ресейге экспортталады.

"Бізде жалғыз Түркістан облысында ғана мақта өндіріледі. Оны жақсы білесіздер. Мақтаның тек 20 проценті өңделеді. Ал жаңағы кәсіпорындарды, сосын тесктиль фабрикасын іске қоссақ, онда мақтаны өңдеу көрсеткіші 50 проценттен асады", - деп атап көрсетті Ерлан Айтаханов.

Жаңалықтар
0