Өңірлер

1 қаңтарда ауа райы бұзылды: Нұр-Сұлтанда жел күшейді, өңірлерде жол жабылды

© Photo : департамент полиции Восточно-Казахстанской областиФура на трассе в Восточно-Казахстанской области
Фура на трассе в Восточно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің бірқатар тас жолы жабылды, бұл туралы бүгін "Қазақавтожол" кәсіпорны хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар — Sputnik. Елордада және Қазақстан аймақтарында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, кей жерлерде жабылды.

Ел астанасында жел күшейіп, бұрқасындатып, мол қар жауып жатыр. Astana LRT болса, 300, 305, 312, 315, 317 бағыттағы автобус қозғалысы уақытша тоқтағаны жайлы мәлімдеді.

Өңірлерде жол жабылды

"Қазақавтожол" ақпараты бойынша, 1 қаңтар сағат 02:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райы қолайсыздығына – қардың жаууы, жолдың нашар көрінуі, бұрқасынға байланысты "Самара - Шымкент" республикалық автожол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Бұған қоса, Ақтөбе облысының бірқатар тас жолы, Қостанай облысының "Қостанай – Веденка" жолының учаскесі жабылды. Сағат 12:30-дан бастап бұрқасынға байланысты "Нұр-Сұлтан – Қарағанды" және "Нұр-Сұлтан – Көкшетау" автожолдарында көлік қозғалысы тоқтады.

Жаңалықтар
0