Кісен, архивтегі сурет

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады

10047
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстау операциясын 2019 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Өскеменде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері екі прокурорды кәсіпкерден 50 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұстады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
© Photo : Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтынан алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады

ҰҚК ұстау операциясын 2019 жылдың 10 желтоқсанында Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген. 

"Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қорқытып алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Әлжаппар Құтанов пен ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рамазанов қылмыс үстінде ұсталды", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тағы оқыңыз: ҰҚК Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-т. ("Қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

10047
Кілт сөздер:
фото, қылмыс, прокурорлар, Ұлттық қауіпсіздік қызметі
Тақырып бойынша
ҰҚК тұрғындардың жеке хаттары қандай жағдайда оқылатынын түсіндірді
ҰҚК Маңғыстауда арнайы операция жүргізіп жатыр
ҰҚК Қытайдан қашып келген қандастарға қатысты түсініктеме берді
ҰҚК "Олимп" кеңсесіне басып кірді: букмекерлік компания мәлімдеме жасады
ҰҚК жеті радикалды топ қылмысының жолын кесті
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин

Маржықпаев Көкшетауда Тоқаев пен Путиннің қатысуымен форум қашан өтетінін айтты

16
(Жаңартылды 13:54 27.11.2020)
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл қараша айының екінші жартысына жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пандемияға байланысты форум келесі жылы бірінші жартыжылдықта өтетін болады", – деді Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл қараша айының екінші жартысына жоспарланған еді. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара кейінге шегерілді.

Жыл сайынғы форум Көкшетау қаласында екі ел басшыларының қатысуымен өтуі тиіс болатын.

Көкшетау форумы

Биыл Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы Көкшетау қаласында өтеді деген жоспар болды. Осы шараның тақырыбы да жарияланған. Ол – экология және жасыл экономика. 

2003 жылы аймақаралық ынтымақтастық форумы алғаш рет Омбы қаласында ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері екі елдің президенттері шекаралас аймақтарда жиі кездесе бастады. Ал аймақаралық форумы дәстүрлі шараға айналды. Осы жолы форумды шекаралас емес жерде өткізуге шешім қабылданды.  

Оқи отырыңыз: Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев

Бұған дейін Sputnik Қазақстанға сұқбат берген экология министрі Мағзұм Мырзағалиев COVID-19 пандемиясына байланысты іс-шаралардың бір бөлігі онлайн форматта өтетінін айтқан. Форумға дайындық жұмыстары Көкшетауда, сондай-ақ, Бурабай мен Зерендіде жүргізілді.

16
Кілт сөздер:
Көкшетау, форум
Тақырып бойынша
Президент стипендия мен гранттар туралы жақсы жаңалықты бөлісті
Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынады – президент
Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді
Өңіраралық ынтымақтастық форумы Қазақстанның қай қаласында өтетіні белгілі болды
Қазақстанда қараша айында аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді
Аялдама, архивтегі сурет

Павлодарда әйел кішкентай баласын аязда аялдамаға тастап кетті

660
Соңғы жылдары әйел Тараз қаласында тұрған, кәмелетке толмаған ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Павлодарда кішкентай ұлын аязда трамвай аялдамасына тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қараша сағат 20:40-та полицияға "Автовокзал" трамвай аялдамасында түр-келбеті азиялық, 8-9 айлық ұл бала табылғаны туралы хабарлама түсті.

Тәртіп сақшылары баланың туыстарын іздеп табу үшін жақын маңдағы көшелерді аралап шығып, куәгерлерден сұрастырды.

"Нәтижесінде учаскелік инспекторлар Toyota Camry автокөлігін анықтады. 32 жастағы жүргізуші InDriver мобильді қосымшасы арқылы клиент тасымалдаумен айналысады. Айтуынша, сол күні ол Семей қаласынан Павлодарға кішкентай ұлы бар әйелді әкелген. Оларды автовокзалда қалдырған. Осыдан кейін полицейлер екі сағаттың ішінде күдікті әйелді ұстады", - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Анықталғандай, 33 жастағы әйелдің күйеуі жоқ, кәмелетке толмаған екі ұлы бар. Үлкен баласы Екібастұзда әжесімен бірге тұрады.

Соңғы жылдары келіншек Тараз қаласында тұрған. Кішкентай ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-тармағы (Қауiптi жағдайда қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы көзделген.

Ал бүлдіршін Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

660
Кілт сөздер:
аяз, әйел, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны сәбиін дәретхана шұңқырына тастап жіберді
Екі баласын әуежайда тастап кеткен ер адамның отбасы туралы белгілі болды
Жандарбек Бекшин

Бекшин: Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін

238
Комиссия Бекшин басқаратын ведомствоны тексеріп, ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өзі басқаратын ведомство еңбек демалысындағы медицина қызметкерлеріне 4,2 миллион теңге қаражатты негізсіз төледі деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның мәліметінше, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаланың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қатысты тексеру жұмыстары 30 қыркүйекте аяқталды.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқанын айтты 

Бұған дейін БАҚ-та Жандарбек Бекшин қызмет ететін ведомствода 55 миллион теңгеден асатын сомаға заңбұзушылық жасалғаны хабарланды.

Брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері БАҚ-та ақпарат қате берілгенін айтты.

"51 миллион теңгеден астам қаражат – бұл процедуралық сипаттағы іс. Ол бюджетке қайтарылмайды. Яғни, мұның бәрі салық, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және т.б. үстемақылардан ұсталуы тиіс қаражат. Ұсталынып қалған қаражаттың бәрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету комитетінің нұсқаулық хаты негізінде жүргізілді. Бұл қаражат ешкімге берілген жоқ, керісінше ұсталынып қалды", - деп түсіндірді Бекшин.

Ал қалған 4 миллион теңге еңбекке жарамсыздық парағын әкелген қызметкерлерге төленген. Ал бұл сома қайтарылады.

"Комиссия департамент бойынша талдау және тексеру жүргізген кезде ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион емес, үй карантинінде жатқан адамдарға 4 миллион теңге төленген. Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін", - деді Бекшин.

Айтуынша, тексеріс барысында ведомствоға ескерту жасалды.

238
Кілт сөздер:
жалған ақпарат, Жандарбек Бекшин
Тақырып бойынша
Фейк емес: Бекшиннің қаулысы туралы ақпарат рас болып шықты
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Бекшин
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты