Архивтегі фото

Қостанайда екі жұмысшы омбы қардың арасынан табылды видео  

1429
(Жаңартылды 09:44 29.01.2020)
Құтқарушылар ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккендерді бір тәулік бойы іздеді. Олар Ақсай елді мекеніне жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері боранда қалып қойып, көмек келгенше жеркепеде жан сауғалауға мәжбүр болған екі жұмысшыны тауып, эвакуациялады.

Екі ер адамды құтқару операциясының видеосы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бірнеше күннен бері таралып жатыр, төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Ақсай елді мекенінен 35 шақырым жерде екі адамды құтқару қажеттігі туралы 112 қызметінен қоңырау түсті. Адамдар мұнда жерді өңдеуге арналған жаңа жабдықпен бірге жіберілген. Ауа-райының күрт нашарлауына байланысты және аумақтан өздігінен кету мүмкін болмағандықтан, оларды шұғыл эвакуациялау қажет болды", - деді комитеттің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Ол сонымен бірге құтқарушылар адамдардың нақты қайда екенін білмегенін хабарлады, өйткені олармен мүлде байланыс болмаған. Соған қарамастан құтқарушылар тобы жедел іздеуге жіберілді. Жолдың мүлдем көрінбеуі төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жұмысын қиындатты.

Осыған қарамастан, бір тәуліктен кейін құтқарушылар ер адамдарды тапты. Осы уақыт ішінде олар жабдықталған жеркепеде болған. Зардап шеккендер Ақсай елді мекеніне жеткізілді.  

1429
Кілт сөздер:
видео, қар
Тақырып бойынша
"Алты БТР барды": Нұр-Сұлтаннан әскери техника не үшін шығарылғаны айтылды
Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды
Далада боран соғып тұрса, жұмыстан ерте кетуге бола ма – министрліктің жауабы
Сот отырысы, архивтегі сурет

Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты

33
2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.

"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.

Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.

Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.

Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.

Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.

33
Кілт сөздер:
экс-әкім, сот үкімі
Тақырып бойынша
Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендер сот залынан босатылды
Баянауыл туристерді қабылдай ма – бақылау тобының қорытындысы жарияланды
3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды
Құжаттар, архивтегі сурет

Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды

55
Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында қол астындағы қызметкерін жаңа қызметке тағайындау үшін 2 миллион теңге пара алған шенеунікке қатысты іс тергелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатқан іс туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ол  алаяқтық жасап, департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдемдесу үшін қол астындағы қызметкерінен 2 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.

"Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Биғайдаров.

55
Кілт сөздер:
пара, шенеунік, Қазақстан
Тақырып бойынша
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Желіде қаскелеңдік шенеуніктің видеосы тарап кетті – әкімдік түсініктемесі
Биыл бірқатар шенеуніктің қылмысы әшкере болды – ұстау операциясының видеосы
Қытайлық шенеунік COVID пандемиясы шын мәнінде қалай басталғанын айтып берді
Шенеунік мектеп құрылысына бөлінген 60 млн теңгені ұрлаған –  сот үкімі шықты
Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

Назарбаев Алтай Көлгіновті қабылдады

0
(Жаңартылды 19:34 22.01.2021)
2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Қала басшысы Елбасыға эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Оның мәліметіне сәйкес, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыруға 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту жобаларына да тоқталды.

Сондай-ақ, астана әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.

Елбасының ресми сайты Назарбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты да қабылдағанын хабарлап отыр.

 

 

 

0
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанды бөліп алып, басқа мемлекет құрғысы келді – Назарбаев
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді
Назарбаев тағы да үндеу жасады
Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты