Жолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды

Жолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды фото

1564
(Жаңартылды 14:34 29.01.2020)
28 қаңтар күні Қарағанды ​​жолдарында қарлы боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан 26 жол апаты тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның өңірлерінде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Теміртау-Қарағанды ​​жолында полицейлер 40-қа тарта адамды бораннан құтқарды, деп жазды Polisia.kz.  

Теміртау жақтан 12 көлік жолда тұрып қалды. Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Дамир Құдайберген мен Рысқали Жазықбаев барлық адамды шағын автобуспен 8-10 адамнан эвакуациялап, оларды кері қайтарды. Көліктер әзірге тасжолда қалды.

Полицейлердің фотосынан көріп отырғаныңыздай, жолдың көрінуі нашарлап, ауа температурасы төмендеген.

Теміртау-Қарағанды жолында 40-қа тарта адам құтқарылды
© Photo : Polisia.kz
Теміртау-Қарағанды жолында 40-қа тарта адам құтқарылды

Қарағанды ​​жолдарында қарлы боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан 28 қаңтар күні таңғы сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін 26 жол апаты тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Қайғылы жағдайлардың алдын алу және шығынды барынша азайту мақсатында 43 жолды жабу бекеті орнатылды, 130-дан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті тұрғындардан ауа райы нашарлағанда қаладан шықпауды сұрайды.

1564
Кілт сөздер:
полицей, мұз
Тақырып бойынша
Қостанайда екі жұмысшы омбы қардың арасынан табылды – видео  
Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды
Далада боран соғып тұрса, жұмыстан ерте кетуге бола ма – министрліктің жауабы
"Алты БТР барды": Нұр-Сұлтаннан әскери техника не үшін шығарылғаны айтылды
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

43
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

43
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды
Дәрігер, архивтегі фото

Бес облыс "қызыл" аймаққа кірді: Мамин қандай тапсырма берді

2655
(Жаңартылды 20:27 23.11.2020)
Коронавируспен ауырғандардың саны Қазақстанның барлық өңірінде өскен. "Қызыл" аймаққа бес облыс, "сарыға" Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы кірді  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.  

Коронавируспен ауырғандардың саны Қазақстанның барлық өңірінде өскен. Республика бойынша вирустың репродуктивтілік көрсеткіші – 1,07. Инфекциялық төсек-орындардың 22%,  реанимациялық төсек-орындардың 17% толған.

"Қызыл аймақта" 5 өңір қалып отыр:

  • Шығыс Қазақстан;
  • Павлодар;
  • Қостанай;
  • Солтүстік Қазақстан;
  • Ақмола.

"Сары аймақта" 2 өңір бар: Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы.

Үкімет басшысы денсаулық сақтау, индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, медициналық жабдықтарды жеткізуді аяқтауды және инфекциялық стационарлардың реанимациялық бөлімшелерін толық жабдықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Премьер-министр эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда оған ведомстволық ауруханалар мен госпитальдар 100% дайын болу қажеттігін атап өтті.

Ішкі істер, еңбек, білім, қорғаныс министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ұжымдарда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталуын бақылауды күшейтуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандарды жасыру деректері анықталды – президент 

Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге коронавирус инфекциясына жасалған зертханалық зерттеулердің дұрыстығын (қайта тестілеуді) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл ретте зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында осы жылғы 1 желтоқсанға дейін зертханаларды бірыңғай ақпараттық жүйемен интеграциялау жұмысы аяқталады.

Денсаулық сақтау министрлігі бір апта мерзімде дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету мақсатында коронавирусқа қарсы препараттардың бағасын реттеу тәртібін өзгертеді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне коронавирусқа қарсы препараттар құнының жоғарылауына жол бермеу мақсатында шетелдік фармацевтикалық нарықтардағы баға конъюнктурасына талдау жүргізу тапсырылды.

2655
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында күдіктінің кесірінен полицейлер COVID жұқтырды
СҚО-да карантин күшейтілді - не өзгерді
Украиналық шенеуніктер Маминмен кездесуге жалған анықтамамен келді
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Дәмханадағы жарылыс

Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына миллион теңге төленеді

0
(Жаңартылды 09:05 24.11.2020)
Нұр-Сұлтан әкімдігі әйелдің денесін Қызылордаға жеткізуге көмектеседі. Төтенше оқиғаға кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша - Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігі Halal brothers дәмханасындағы жарылыс салдарынан қайтыс болған әйелдің отбасына 1 миллион теңге төлеп, денесін Қызылордаға жеткізуге көмектеседі. Дәмханада сенбі күні газ баллоны жарылған болатын, деп хабарлайды "Первый канал".

"Баллон жанған кезде олар далаға шықпақ болған. Бірақ қайтыс болған әйел жолда зат қоятын бөлмеге кіріп, шығуға үлгермеген. Күйеуім мүгедек болып қала жаздады. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деңгейде. Дәрігерлер оның жағдайы өзгелермен салыстырғанда жақсы деп отыр", - деді ол. 

Полиция "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабына сәйкес тергеу жүргізіп жатыр. Төтенше оқиғаға кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

0
Кілт сөздер:
миллион теңге, отбасы, дәмхана, Нұр-Сұлтан