Өңірлер

Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді

© Photo : primeminister.kzБердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды
Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің тапсырмасы бойынша премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Жамбыл облысына барды

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қордай ауданында вице-премьер Бердібек Сапарбаев ауруханаға барып, жаппай төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен сөйлесті, деп хабарлайды үкімет басшысының ресми сайты.

Медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылған, 20 адам бақылауда және емханадан шығуға әзірленіп жатыр. 5 пациент санитарлық авиация желісі бойынша Алматы қаласына, 1 адам Тараз қаласына ауыстырылды. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгінді, оның ішінде 84 адам тексеруден соң үйлеріне жіберілген.

© Photo : сайт премьер-министра Республики КазахстанБердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды
Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді - Sputnik Қазақстан
Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды

Аудан ақсақалдарымен әңгімелесу кезінде Бердібек Сапарбаев болған кикілжіңнің негізгі себептері туралы сұрады. 

"Себебі - тұрмыстық кикілжің. Қазір жағдай тұрақталды. Барлығы заң бойынша, құқықтық сала аясында болуын сұраймыз", - деді Сортөбе ауылының тұрғыны Арли Мусаров. 

© Photo : пресс-служба премьер-министра Республики КазахстанБердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды
Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді - Sputnik Қазақстан
Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды

Вице-премьер ауданда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет комиссиясы арнайы келгенін айтты. 

"Біз сіздерден, қоғамда беделі бар ақсақалдардан тұрғындарға біздің жағдайды объективті тұрғыда анықтау үшін келгенімізді түсіндіруіңізді өтінеміз. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Қазір басты мәселе - өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету", - деді Сапарбаев. 

Қордай ауданында үкімет комиссиясы Қордай, Масаншы, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі қазіргі жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен, оқиға кезінде қаза тапқандардың отбасымен бірқатар кездесу өткізеді, зардап шеккендерге барады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көреді.

© Photo : сайт премьер-министра Республики КазахстанБердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды
Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді - Sputnik Қазақстан
Бердібек Сапарбаев бастаған үкімет комиссиясы Қордайға барды

Облыс әкімдігімен бірлесіп қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыру, келтірілген залалды бағалау және зардап шеккен меншік нысандарын қалпына келтіру бойынша көмек көрсетіледі.

Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Соның салдарынан жақын жердегі Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарынан келген 300-ден астам азамат төбелеске қосылады. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрған. Тіпті, қару да қолданған. Салдарынан 8 адам қаза болды. 40-тан астамы жарақат алды. Олардың ішінде оқ тиген екі полицей бар.

Жаппай төбелестің арты тәртіпсіздіктерге ұласқан. Қазіргі мәліметке сәйкес, 30-дан астам жеке үй, 15 сауда үйі мен 23 көлік зақымданды.

Ішкі істер министрлігі 47 адам ұсталғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Тоқаевтың мәлімдемесі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы жағдайға байланысты тікелей эфирге шығып, мәлімдеме жасады. Ол төбелестің себебін анықтайтын үкімет комиссиясын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастыру керек екенін айтты.

Сондай-ақ, комиссия жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатын болады.

"Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті тапсырма бердім. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді", - деп түйіндеді Тоқаев.

Комиссия құрамына кім кірді

Комиссия төрағасы - премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. Оның құрамына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, парламент мәжілісінің депутаты Шәкір Хахазов және "Дүнген қазақстандық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абубакир Воинце кірді.

Бұдан бөлек, комиссия құрамында қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары бар.

Жаңалықтар
0