Ер адам, сот

Қорықшыны өлтірген браконьер сотта жылап жіберді видео

3998
(Жаңартылды 12:17 18.02.2020)
2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер "Охотзоопром" кәсіпорнының екі инспекторын соққыға жыққан болатын. Бір қорықшы жарақат салдарынан көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Прокурорлар қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргені үшін айыпталған күдіктілерді өмір бойына бас бостандығын айыруды сұрады. Инспекторды соққыға жыққан Қайрат Ақшанов сотта жылап жіберді, "қорыққаннан қорғанғанын" айтып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Болған жағдайға мен шын өкінемін. Әдейі істеген жоқпын. Өзіме және қасымдағы балаларға қауіп төнген соң, қорыққанымнан қорғандым. Шын ниетпен қайғыларыңызға ортақпын. Ницык мырзадан, Петр Алексеевичтен кешірім сұраймын", - дейді Ақшанов.

Ол Нұрғалиевті мылтықтың ұңғысымен ұрып талдырғанын, бірге келген екінші қорықшы Петр Ницыкті де соққыға жыққанын мойындап отыр. Ал зардап шегуші тарап инспектордың өліміне біреуі емес, жетеуі де кінәлі деп санайды. Нұрғалиевтің туыстары жерлеу рәсіміне кеткен 9 миллион теңге өтеп беруді, сондай-ақ 20 миллион теңгені моральдық шығын ретінде өндіріп алуды талап етті.

Прокуратура Ақшановты және тағы екі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұдан бөлек, тағы төрт адам заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін айыпталып отыр. Әзірше, оларды кепілзатпен босатқан.

Прокурорлар төртеуін алты жылға соттау керек деп санайды. Барлық айыпталушылар 17 киікті атқаны үшін мемлекет қазынасына 89 миллион теңге төлеуге міндеттеледі.

Сотта марқұмның жақындары көп инспекторлардың өздері де браконьерлермен тығыз қатынаста жүргенін айтты. Сондықтан Нұрғалиев қызмет еткен "Охотзоопром" мекемесіндегі "былық әшкереленсе екен" дейді.

Тағы оқыңыз: "Кешірші, інім" Видеоны өшірші деп жалынған инспектор жұмыстан қуылды   

"Ерлан қайтқаннан кейін бір ыдыстан тамақ жеп жүрген сыныптасы Қорғалжын қорығында 100 бас киік атып ұсталды. Сол оқиғадан кейін басшыларына ешқандай шара қолданған жоқ. Бәрі жұмыс бабымен өсті, біреуі Алматыға ауысып кетті. Жауап бергенде, білмеймін, оған біздің қатысымыз жоқ, осында келіп бір бөтен адам сияқты әңгімесін айтып кетті ғой", - дейді Нұрлан Нұрғалиев.

Инспектор браконьер қолынан қаза тапты

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер "Охотзоопром" кәсіпорнының екі инспекторына шабуыл жасаған болатын.

Қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык күдікті аңшылардың құжаттары мен көліктерін тексермек болыпты. Көлікті қарап жатқан қызметкерлерге үш браконьер тап беріп, соққыға жыққан. Салдарынан Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін марқұм қорықшы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды. Оның әріптесі Петр Ницык те дәл сондай орден алды.

3998
Кілт сөздер:
видео, сот, браконьер, инспектор
Тақырып бойынша
Полиция қарағандылық инспекторды кімдер өлтіргенін анықтады
Жүздеген адам қаза болған қорықшыны ақтық сапарға шығарып салды – видео
Министр қорықшының өліміне қатысты: Уақыт жоғалттық деп айтуға болмайды
Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторды марапаттады
Тауық, архивтегі сурет

Құс тұмауы Шығыс Қазақстанға жетті

69
Қауіпті дерттің таралуына жол бермеу үшін вакцинация жүргізілді. Мұның арқасында құстың қырылуына жол берілмеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауылдық округтердің бірінде құс тұмауы анықталды. Ветеринарлық ақпаратына сәйкес, аурудың таралуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, деп хабарлады YK-news.kz.

"Бесқарағай ауданында құс тұмауы анықталды. Ауылдық округ бірден карантинге жабылды. Қазір бәрі тоқтатылды, вакцинация жасалды, жағдай тұрақты. Құс қырылып жатқан жоқ", - деді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында. 

Мамандар жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов құс тұмауының таралуы бір ай ішінде тоқтайтынын хабарлаған болатын.

"Бізде құс фабрикалары жабық типті. Мәселен, бір фабрика жетекшісі мен жұмысшылары кәсіпорында тұрады. Оларға азық-түлік терезе арқылы жеткізіледі. Тұмаудың таралуына жол бермеу үшін осындай қатаң шара қолданылды", - деді Шәріпов. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі жеті облыста құс тұмауы расталғанын айтты.

69
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, тұмау, құс
Тақырып бойынша
Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Тоқаев құс тұмауы жайлы: жағдай өте күрделі
Қазақстан құс еті импортынан жыл сайын 77 млрд теңге жоғалтып отыр
Солтүстік Қазақстанда 256 мың құстың қырылуына тұмаудың қатысы жоқ болып шықты
Одақ президенті құс тұмауына қатысты болжам жасады
Оқушы қыз

Атырау облысында оқушы қыз әкесімен болған жанжалды желіде жариялады

5814
(Жаңартылды 20:11 19.10.2020)
Мектепте ата-аналар, педагог, психологтар мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтпек. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр

АЛМАТЫ, 19 қазан — Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысында жасөспірім қыз жүктеген видео тарап кетті. Кадрда әкесі ыдыс жумағаны үшін қызға ұрсып жатыр. Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. 

Ведомствода видео авторы анықталғанын хабарлады. Ол қыз 11- сыныпта оқиды. 

Мектептегі шараларға белсенді қатысады, оқуы да жаман емес.

"Ол көпбалалы отбасының тұңғышы. Әкесі арнайы техниканың жүргізушісі. Видео жарияланған соң жасөспірімге психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілді. Ата-анасымен де жұмыс жүргізілді", - деді білім басқармасында. 

Қыз болған жағдайды 18 қазан күні видеоға түсіріп, желіде жариялаған. 

"Жасөспірімді соққыға жығу фактісі анықталған жоқ. Мәселе талқыланған соң, қыз мектептің чатында сыныптастарынан кешірім сұрап, видеоны таратпауды сұрады", - деді ведомствода. 

Мектепте ата-аналар, педагог, психологтар мен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтпек. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

5814
Кілт сөздер:
желі, жанжал, әкесі, оқушы қыз, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Полицейлер өгей әкесі мен ағасы зәбірлеген қыздың тағдыры туралы әңгімеледі
Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады
Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі тағы мәлімдеме жасады
Алматы тұрғыны әкесі сыйға берген үйді сатып, зейнеткерді қуып шықты
Телефонмен сөйлесіп тұрғанда ажал құшты: марқұмның әкесі не болғанын айтты
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0