Жолаушылар

Коронавирус жұқтырғандарды Қытайдан ШҚО-ға әкеліп жатқан жоқ - министрлік

127
(Жаңартылды 19:02 20.02.2020)
Шығыс Қазақстан облысында екі ауылдың тұрғындары коронавирус жұқтырған науқастар осы өңірге жеткізілуде деген сөзді естіп, көшеге шықты

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемелер коронавирус жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындалып жатқан жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі өңір тұрғындарының алаңдауына еш негіз жоқ деп ресми түрде мәлімдеді.

19 ақпан күні әлеуметтік желі арқылы коронавирус жұқтырған шетелдік науқастарды Қытайдан әкеп емдеу үшін өңірдегі ауруханаларда дайындық жұмыстары жүргізілуде деген ақпарат тарады. Осыған алаңдаған Сарытерек пен Айнабұлақ тұрғындары көшеге шығып, жағдайды түсіндіруді талап етті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 4 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бас санитарының арнайы қаулысына сай, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясына қатысты профилактикалық шаралар күшейтілгенін айтты. Осыған орай, карантин жарияланған жағдайда медициналық мекемелерде адамдарды оқшаулау үшін арнайы орындар әзірленуде.

Карантин қанша уақытқа созылады

Коронавирус жұқтыру қаупі жоғары саналатын аймақтардан (Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Тайвань (ҚХР), Гонконг пен Макао арнайы әкімшілік аудандары) келген азаматтар Қазақстан шекарасына кірген соң 24 күн бойы жергілікті медицина мамандарының бақылауында болады. Оның ішінде алғашқы 14 күнде дәрігерлер пациенттің үйіне келіп тексерсе, қалған 10 күнде қашықтықтан бақылау арқылы мониторинг жүргізеді.

"Егер азамат ол жақта көп уақыт өткізбесе, медициналық бақылау да қысқа мерзімде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Мәселен, коронавирус жұқтыру оқиғасы аз тіркелген аймақтардан (Малайзия, Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, БАӘ, Канада, Италия) келген азаматтарды 24 күн бойы қашықтықтан бақылау керек деп нақтыланған.

"Сондай-ақ, Қытайдан келген азаматтарымыз стационарлық оқшаулау орталығында 14 күн болып, қалған 10 күнде тұрғылықты жері бойынша қашықтықтан бақыланады", - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігі.

Сол сияқты үкіметтік делегация мен ресми өкілдерді, қызметтік және дипломатиялық паспорт иелерін, әуе компанияларының ұшқыштары мен экипаж мүшелерін 24 күн бойы қашықтықтан бақылау қарастырылған.

Карантин кімге, не үшін керек

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру және одан көз жұму қаупі өршіп тұрған шақта, қазақстандықтар үшін профилактикалық шаралар сақтау аса маңызды.   

"Денсаулық сақтау министрлігі отандастарымызға вирус жұқтыру қаупі басым аймақтардан келген азаматтармен байланыс жасауды мейлінше шектеп, үй жағдайындағы карантин шарасын берік ұстануға шақырады. Мұндай жағдай өзіңіз бен жақындарыңыз үшін өте маңызды", - делінген ресми хабарламада.

Осы мәселеге қатысты қандай да бір сұрақ туындаса, тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 сall-орталығына хабарласуға болады.

127
Кілт сөздер:
Денсаулық сақтау министрлігі, түсініктеме
Тақырып бойынша
Уханьдағы аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды
Министрлік лайнерде қамалып қалған қазақстандықтар туралы ақпарат берді
Сағынтаев коронавирус жайлы: Бәрі жақсы болады
Қазақстанда коронавирусқа байланысты ерекше режим енгізілді
Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды
Нұр-Сұлтан

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады

45
Бірқатар облыста найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейсе, кейбір өңірде үсік жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігі солтүстік антициклон ықпалында болғандықтан, күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді, жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстік-шығыс және шығысында тұман түсіп, жел15-20-ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстік және орталығында тұман түседі.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік және орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батыс, батыс және орталығында, Қарағанды облысының оңтүстік және орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және орталығында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаумайды. Күндіз ауа температурасы +8..+10 °C, түнде +1..+3 °C. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда күн бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +31..+33 °C, түнде +18..+20 °C.

Шымкентте күн ашық, ауа температурасы күндіз +28..+30 °C, түнде  +13..+15 °C болады.

45
Озеро Капшагай

Қапшағай маңындағы жарылыс видеоға түсіп қалды - мамандар түсініктеме берді

1169
(Жаңартылды 16:35 18.09.2021)
Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алаңдауға негіз жоқ екенін, бұл кен орнындағы жоспарлы жарылыс екені хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Әлеуметтік желіде Қапшағай маңындағы жарылыстың видеосы жарияланды. Тұрғындар түсірген видеодан аспанға көтерілген қою түтінді көруге болады.

Желі қолданушылары алаңдаушылық тудырып, бұл ауданда әскери бөлімдер бар екенін жарыса жазды. Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті бұл қиыршық тас өңделетін кен орнында жүргізілген жоспарлы жарылыс екенін хабарлады.

"Бұл қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Азамат Жұртбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның айтуынша, кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланады.

Еске сала кетсек, 26 тамыз кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймаларының бірінде өрт шығып, артынан оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған. Салдарынан 17 адам қаза тапты. 

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

1169