НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ақтауда мессенджер арқылы қызға тіл тигізген тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлады Лада.
Сот анықтағандай, ер адам WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан.
Ақтау әкімшілік соты оны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бірінші бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танып, оған бес айлық есептік көрсеткіш (13 255 теңге немесе 35 доллар) көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында Whatsapp арқылы елді дүрліктірген әйел ұсталды
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында Алматы тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Бұрын адам тонағаны үшін сотталған жиырма тоғыз жастағы жігіт әнші Дильназ Ахмадиеваның Instagram парақшасында ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған пікір қалдырған.
Әнші полицияға арыз жазып, нәтижесінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Сарапшылар ер адамның әртіске тіл тигізгенін анықтады. Ол кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа қаулыға сәйкес, сыныптарда бала саны 15-тен аспайтын, контингенті 180 адамға дейінгі мектептерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Мектепке дейінгі, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтінішімен кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы керек.
"Қалған оқушылар қашықтан оқыту форматында білім алады", - делінген құжатта.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері тек қана қашықтан оқиды.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді
Қаулы 27 қаңтарда күшіне енеді және 2021 жылдың 10 ақпанына дейін қолданыста болады.
Еске салсақ, үшінші тоқсаннан бастап республикада 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшкен еді.
Оқушылар пәндердің 70%-ін мектепте және қалған 30%-ін қашықтан оқиды.
АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Коронавирусқа қарсы вакцина 18 жастан асқан ересек адамдарға өзі келісім берген жағдайда салынады. Бұл туралы Алматы қаласы №4 қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Маман Алматы қаласының емханаларында "Спутник V" вакцинасымен иммундау алгоритмін түсіндірді. Айтуынша, кез келген азамат вакцинадан жазбаша түрде бас тарта алады.
"Коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстанда тегін, мемлекет есебінен салынады. Әрбір азамат вакцина салудан жазбаша түрде бас тартуға құқылы. Медициналық қарсы көрсеткіші жоқ, өз еркімен келісім берген 18 жастан асқан ересек адамдарға жасалады", - деді маман.
Вакцинация екі кезеңнен тұрады: I компонетімен 0,1 мл дозада, содан кейін 21-ші күні II компонентімен 0,5 мл дозада салынады.
Бірінші кезеңде 1 ақпаннан бастап екпе алатындар инфекциялық аурулардың, жедел медициналық көмек, реанимация бөлімшесі, қабылдау бөлімшесінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық бөлім қызметкерлеріне салынады.
Екінші кезеңде екінші наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге салынады.
Үшінші кезеңде бірінші сәуірден бастап мектеп-интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина егіледі.
СОVID-19-ға қарсы вакцина 18 жастан асқан ересектерге ерікті келісімі арқылы салынады. Ол үшін азаматтың медициналық қарсы көрсетілімі болмауы керек.
Маманның айтуынша, вакцинаның немесе вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдығы бар адамдар мен анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялары бар азаматтарға вакцина салынбайды. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, созылмалы аурулар өршіген жағдайда, жүктілік және бала емізу кезеңінде вакцина салынбайды.
"Азамат емханада қаралып, пациенттің сауалнамасын толтырып, ерікті мәліметтерге келісім беруі қажет. Кейінгі 14 күн ішінде инфекциялық ауры бар науқаспен байланыста болса, кейінгі 14 күн ішінде ауру белгілері болса, SARS-Соv-2 вирусына ПЦР тест алынады", - деді Зарина Алтынбекова.
СОVID-19 ауырып жазылған адамдар және SARS-Соv-2 вирусына G және М класты иммуноглобулиндердің болуына оң нәтижелері бар адамдарға вакцина салынбайды.
Вакцинацияға дейін азаматты дәрігер тексереді. Дәрігерлер пациентке вакцинациядан кейінгі асқынулар туралы ескертеді. Вакцинациядан кейін пациент 30 минут бойы медициналық қызметкердің бақылауында болады.
Вакцина салынғаннан кейін келесі үш күнде адамда тұмауға ұқсас белгілері, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы болуы мүмкін. Сонымен қатар ине егілген жер ауырсынып, ісінуі, қызаруы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Германияда вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды
Екінші кезең алдында қайта тексеру жүргізіледі. Дәрігер вакцинаның екінші компонетін салу кезінде вакцинаға қарсы көрсетілімнің бар-жоғын анықтайды.
Иммунизациядан кейін жанама әсерлер пайда болған жағдайда медицина қызметкері пациентке көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда стационарға емдеуге жатқызады. Сонымен қатар медициналық ұйымның басшысына хабар береді.
Асқыну анықталған сәттен бастап 2 сағат ішінде денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органына және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының аумақтық органына хабарлайды.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Оқи отырыңыз: Таза ауыз су әрбір үйде болуы керек – Тоқаев
Жаңа түзетулерге сәйкес, енді жергілікті жерде ауыз сумен жабдықтау қызметінің бағасын мәслихаттар анықтайды. Мысалы, мәслихат республика бойынша ең төменгі тарифтен төмен емес және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, орташа облыстық деңгейден жоғары емес төлемдер мөлшерін бекіте алады.
Заң жобасының негізгі мақсаты:
Айта кетейік, бүгінде халықты ауыз сумен жабдықтау қызметінің құнын төмендету мақсатында мемлекеттен субсидия бөлініп тұрады. 2021 жылда осы мақсатта 16 миллиард теңге қарастырылған.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауыл халқының 87 проценті орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Осы санатқа 4 078 ауыл кіреді. Олардың ішінде 42 проценті субсидия алған.