Ақтауда дабыл қағылады

Ақтауда дабыл қағылады

3299
(Жаңартылды 12:17 24.02.2020)
25-26 ақпан күндері қала аумағында "Көктем–2020" командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik.  Ақтау қаласында дабыл қағылады, деп хабарлады Lada.kz.

"25 ақпан күні сағат 10:00-да электрсиренасын іске қосу арқылы, қала бойынша дабыл қағу жоспарланған. Сондықтан да азаматтарды сабыр сақтап, алаңдамауға шақырамыз", - делінген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз мәлімдемесінде.

Alau.kz порталының хабарлауынша, Қостанай облысында да "Көктем–2020" командалық-штабтық жаттығуы өтіп, дабыл қағылады.

Айта кетсек, "Көктем–2020" командалық-штабтық жаттығуы аясында мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қорғаныс жүйесі күштерінің көктемгі су тасқыны мен өзге де төтенше жағдайларға дайындығы пысықталады.
3299
Кілт сөздер:
Қостанай, дабыл, Ақтау
Тақырып бойынша
Шымкент және Түркістан облысының полицейлері аяғынан тік тұрды
"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Түркістанда дабыл қағылды
Адам төзгісіз азап шегеміз - әлем ғалымдары дабыл қағып жатыр
Елорда билігі тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды
Архивтегі фото

Павлодарда ұрылар жаңа көршілерін тонау үшін пәтер жалдаған

1247
(Жаңартылды 08:07 15.01.2021)
Жәбірленушілердің құнды заттарын алып кетпес бұрын, ұрылар алдымен есікті ақырын қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін үйге кірген

ПАВЛОДАР, 15 қаңтар – Sputnik. Жедел уәкілдер пәтер ұрлығына күдікті екі павлодарлықты ұстады, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

9 қаңтарда екі ер адам Павлодарда, академик Бектұров көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер жалдаған. Олар батылдау болу үшін ішімдік ішіп, көршінің есігін қаққан. Пәтерде ешкім жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін сыртқы есікті бұзып, тұрғын үйге кірген.

Ол жерден ноутбук, микротолқынды пеш, фотоаппарат, барсетка және қымбат иіс суды алып кеткен.

"Ұрылар ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ельдар Әбдікенов.

Бұл бап үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салудан бастап мүлкін тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті 

Ұрылар пәтерге құлыпты бұзып, құнды заттардың барлығын, атап айтқанда, көбінесе зергерлік бұйымдарды, тұрмыстық техника мен ақшаны алып кетеді. Сондықтан, полицейлер үйден шыққан кезде терезе мен балкон есігінің мықтап жабылған-жабылмағанын тексеруді ұсынады.  

Жыл басынан бері облыста төрт пәтер ұрлығы тіркеліп, барлығы ашылды.

1247
Кілт сөздер:
ұрлық, Павлодар
Тақырып бойынша
Бішкекте пәтер тонады деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Алматыда пәтер тонауға келген ұры үйде жүрген келіншекті зорлап кетті
Алматы облысында қаруланған қылмыстық топ ұсталды
Архивтегі фото

Полицейлер қымбат телефонды мың теңгеге "сатып алған" адамды ұстады  

651
Қызылорда облысының тұрғыны есік алдында отырған 5 жасар балаға 1000 теңге ұстатып, "Galaxy S10" ұялы телефонын алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Түркістанда алаяқ 5 жасар баланы алдап, қымбат ұялы телефонын 1 000 теңгеге сатып алған, деп хабарлады Polisia.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның есік алдында отырған 5 жасар немересіне белгісіз біреу 1000 теңге ұстатып, "Galaxy S10" ұялы телефонын алып кеткен. Шығынның жалпы көлемі 150 мың теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты

"Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Төрт сағаттың ішінде күдікті ұсталды. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды", - дейді полицейлер.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Ал қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу кезінде күдіктінің Қызылорда облысындағы төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, оның іздеуде жүргені белгілі болды.

651
Кілт сөздер:
телефон, алаяқтық
Тақырып бойынша
Теміртауда қыз зейнеткердің есепшотындағы жинақ ақшасын ұрлаған
Қарызды қайтармай жүрген адамнан ақшаны қалай алуға болады – мамандар кеңес берді
"Қиын жағдайда қалған" адамды үйіне кіргізген Түркістан тұрғыны сан соғып қалды
Шымкентте отырып, СҚО тұрғындары атынан кредит алған алаяқ ұсталды
Қазақстанның алты қаласында "театр" алаяқтық жасады
Индонезиядағы жер сілкінісі

Мемлекет басшысы Индонезия президентіне көңіл айтты

0
(Жаңартылды 19:49 15.01.2021)
Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жерасты дүмпуі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президенті Джоко Видодоға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Сулавеси аралындағы күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Осындай қиын жағдайда біз индонезиялық достарымыздың қайғыларына ортақтасып, олармен бірге екенімізді жеткіземін. Сонымен қатар табиғат апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып, үйлеріне оралуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет 5,7 және 6,2 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды. Салдарынан отыздан астам адам көз жұмып, 600-ден астам тұрғын зардап шекті.

Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

Билік 15 мыңнан астам тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

0
Тақырып бойынша
Тоқаев парламент отырысында қандай уәде берді – толық ақпарат
"Әділ болуы керек": Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану туралы айтты
Президент мәжіліске өтпеген саяси күштер туралы пікір білдірді
Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді
Ауылға баратын әрбір жол толығымен жөнделеді – Тоқаев